Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Т. ахтанов "күй аңызы"

lefttop
Т. Ахтанов <<Күй аңызы>>

С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Төлеуова Аманжан Талғарқызы

Сабақтың мақсаты: Шығарманың авторы Т. Ахтановтың өмір жолы мен шығармашылығын тануға жетелеу. Күйдің шығу тарихын білу. Кейіпкерлер әлеміне сипаттама бере білу.
Сабақтың түрі: іздену - шығармашылық сабағы.
Сабақтың әдісі: мәтінмен жұмы жасай білу, өз пікірін, ойын, көзқарасын айту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Т. Ахтановтың портреті, зымыран сұрақтар, презентациялар (слайдқа енгізілген суреттер: түйе мен төлі, күйшілер портреті (Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина), күй мектептері).
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Үй тапсырмасын сұрау.

І. Зымыран сұрақтар:
1. Ахтанов туған өңір қалай аталады? (Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы).
2. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келді. Сонда ол қандай жоғарғы оқу орнына түсті? (ҚазПИ-ге).
3. Оқуды неге аяқтай алмады? (себебі, соғыс басталып кетті де, Ахтанов майданға аттанды).
4. Сол кезде жазушы қаламынан жауынгерлерге рух беретін мақалалар жазылып, майдандық газеттерде жарияланды. Ұлы Отан соғысындағы суреттерді қандай романында берді? (<<Қаһарлы күндер>>).
5. Көркем аудармамен де айналысты. Кімдердің шығармаларын аударды? (Пушкиннің, Толстойдың, Горькийдің, т.б.).
6. Әдебиет теориясынан біз Ш. Мұртазаның <<Бесеудің хаты>> драмалық шығармасын өткенде драма деген ұғымды түсіндірдік. Драмалық шығарманың өзге шығармалардың айырмашылығы неде? (Драма қазақша <<қимыл>> дегенді білдіреді. Кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуі түрінде жазылған шығарма. Бұл тек сахнаға арналып жазылады).
7. Жазушы қаламынан әңгіме, хикаят, роман, драмалық шығармалар туындады. Драмалық шығармаларын атайық. (<<Сәуле>>, <<Боран>>, <<Ант>>, <<Әке мен бала>>, <<Махамбет мұңы>>, <<Арыстанның сыбағасы>>, <<Күшік күйеу>>).
8. Жазушының алғашқы әңгімесі қалай аталады? (<<Күй аңызы>>).
9. Ендеше теориядан тағы бір сұрақ бере кетсем. Әңгіме дегенді қалай түсінесіңдер? (Эпостық шығарманың ең ұсақ түрі. Адам өмірінің бір көрінісін ғана суреттейтін, кейіпкерлері аз, көлемі шағын шығарма).
10. Жазушының туған және дүниеден өткен жылдарын атайық. (1923-1994 жж).
ІІ. Біз 7-8 сыныпта оқыған жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы білгендерімізді еске түсірдік. Осының алдындағы сабақта <<Күй аңызы>> әңгімесінің мазмұнымен танысқанбыз. Соған орай бүгінгі сабағымыз - іздену сабағы. Себебі біз үйге алдын ала іздену үшін өздеріңе тапсырмалар бердік. Тақырыпқа орай тауып келген тапсырмаларыңмен ой бөлісіп отырыңдар.
ІІІ. <<Күй>> деген сөздің шығу тарихы әр алуан. <<Күй>> деген түбір сөзден өрбіген алуан мағыналы сөздер бар екен. (Оқушылар өздері тауып келген бірнеше сөздерін ортаға салады).
Олар қандай сөздер:
* Күйік - отқа, суға күйген жердің орны;
* Күйіну - қайғыру, бір нәрсеге уайым шегу;
* Күй - адамның белгілі бір сезім сәті;
* Күй - қазақтың аспапты музыкасы;
* Күйші - аспапты музыканы ойнайтын адам;
* Күйле - домбыраның құлақ күйін келтіру;
* Күйлі - адамның тұрмыс жағдайының жақсылығы.
Абай атамыз өзінің күйге арналған бір өлеңінде:
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің әсері бар, -
депті. Қазақ күйлерін тыңдаған адамды күй алдымен әуендік, дыбыстық тілімен бауриды. Адам өзінің сезімін, психологиялық күйін түрлі аспаптар арқылы сыртқа шығарады. Ендеше күй қазақтың домбырадан өзге қандай аспаптарында орындалған? (Шертер, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, үскірік, қобыз, т.б.). Ойымызды жинақтай келе, <<күй>> сөзіне анықтама беріп көрсек қайтеді? (Күй - пішіні жағынан әр түрлі, бірақ мазмұны жағынан біртұтас көшпелілер өркениетінің ішкі сұранысы тудырған заңды, тарихи-мәдени мұра. (А. Жұбанов)).
Кез келген күйдің шығу тарихы болады. Т. Ахтановтың <<Күй аңызы>> әңгімесінде <<Нар идірген>> күйінің шығу тарихымен танысамыз. Қандай да болмасын бір күйдің шығу тарихы жайлы естігендерің бар ма? (Сол күнгі сабаққа оқушылар Құрманғазының <<Назым>>, Қорқыттың <<Әуппай>> күйлері туралы материал жинақтап әкелгендіктен сол күйлер туралы мәлімет береді).
IV. Келесі бөлімде мәтін бойынша сұраққа көшеміз. (Оқушылар ықтимал жауаптарын өздері береді).
* Шығармадағы қазақы болмыс пен қарапайым отбасы тірлігінен заман шындығының көрініс беруі. Бұл жерден жазушының шеберлігін көре алдың ба?
* Ұстаз күйшінің сезімдері мен боз інгеннің ішкі жан дүниелерінің ұқсастығы бар ма? Дәлелдеп көр. (Оқулықтан үзінді оқыту).
* Шығармадағы ұлттық киімдер, қазаққа тән тұрмыс-тіршіліктің көрініс табуы.
* Өнер өміршең бе? Өнердің өміршеңдігі, ұрпақ сабақтастығы шығармады қалай көрінген?
* Естемес, Оразымбет, Жаңыл портреттерін оқулықтан тауып оқу.
* Жаңыл мен қарияның моделін интерактивті тақтаға түсірейік.

* Әдебиет теориясынан портрет дегеніміз не?
* Қазақ халқының күнкөрісі төрт түлік малы. Төменгі сыныпта өткен төрт түлікті атасымен еске түсірейік.
* <<Жүк ауырын нар көтереді>>, - дейді. Ендеше Ойсылқараға арналған өздерің үйден жинастырып келген мақалдарыңды ортаға салыңдар.
V. Бүгінгі <<Күй аңызы>> тақырыбын <<Өнерлінің өрісі кең>>, <<Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы>> деген тақырыптарда ой-түйінмен жинақтайық.
Міне, балалар, бүгінгі сабақты сендер ой-түйінмен қорытындыладыңдар. Қазір де ата-бабаларымыз аңсаған қазақ күйі үлкен оркестрге айналды. Ол оркестр Құрманғазыдай ұлы күйшінің құрметіне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі деп аталады. Ендеше біз сабақтың соңын Құрманғазы аталарыңның <<Адай>> күйімен аяқтайық.
VI. Үйге тапсырма: Тест әзірлеу.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ пен қалмақ күйі
Естемес мәтін басында
Тілшілер тобы
Тахауи ахтанов "күй аңызы". 8 сынып
Тахауи ахтанов "күй аңызы"
Күйші әдебиеті
Күй поэмасы
Күй сиқыры
Құпия әуен. Меңдібай Әбілұлы
Қасым аманжолов. өзім туралы
Пәндер