Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

«микроэлементтер – тіршіліктің тірегі, биологиялық маңызы». бағдарлама жасау аясында дайындалған

<<Микроэлементтер - тіршіліктің тірегі,биологиялық маңызы>>
Бағдарлама жасау аясында дайындалған


Молдабекова Нургуль Ержигитовна
Астана қаласы.№63 орта мектебінің
Биология пәні мұғалімі

Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында неміс ғалымдары Вальтер мен Ида Ноддактар Менделеев кестесіндегі элементтер әр жұмыртаста кездесетіндігін айтқан. Әуелгіде бұл пікірдің қолдаушысы табылмады. Кейін ғалымдар химиялық элементтерге талдау жасап, зерттеп, зерделеп, шындыққа көз жеткізді.
Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен хи-миялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды. Таратып айтсақ...
Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммыс болады.
Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі.
Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топ-қа бөледі:
1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.
2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері -- 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер -- сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.
Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:
1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.
2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.
3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.
Сондықтан егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.
Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар -- көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш -- қарын асты безінде, йод -- қалқанша безінде, фтор - тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий -- шашта, кадмий, сынап, молибден -- бүйректе, қалайы -- ішек ұлпаларында, стронций -- қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий -- көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром -- гипофизде және тағы басқаларда жиналады.
Қорытынды
Осы жоғарыда айтылған мәліметтерді жан-жақты дамыта отырып оқушыларға үйретер болсақ,яғни бағдарлама түрінде немесе басқалай түрінде (факультатив)
-Оқушылардың биология,химия пәндерінен сауаттылығы артады;
- Құзіреттігі қалыптасады сол пәнге және жжан-жақты;
-Дарындылығы қалыптасады;
ҰБТ-дан жоғары балл жинауға мүмкіндік алады.

Қолданылған әдебиеттер
* Тулемисова Ж.К., Касенова Г.Т., Музапбаров Б.
Микробиология и вирусология: Методические пособие. -
Алматы: Нур-Принт, 2011.-79 с.
* Дайырбекова М.М. Адам анатомиясы. Оқулық. - Алматы:
Нур-Принт, 2010.-288 б.
* Умралиева Б.И. Адманың морфологиясы мен
анамомиясының элементтері. Оқу құралы. - Тараз: ТарМУ,
2002.-56 б
* Ғаламтор жүйесі(интернет)

Ұқсас жұмыстар
Тіршілік химиясы
«тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ
Жеке бастың салауатты өмір сүру салты
Күнтізбелік жоспар. 7 сынып
Биотехнология элективті курс
Биология ғылымы
Салауатты өмір салтымыз
Экология негіздері. таңдау курсы
Онтонегездің негізгі кезеңдері
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы.Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық ролі
Пәндер