Қысқа мерзімді сабақ жоспары - АӘД, 8-сынып: Жарықшақты қол гранаталары (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО)

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: АӘД Пән мұғалімі: К. Егенұлы
Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталары (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО)
Мақсаты: Жарықшақты қол гранаттарын салыстыра отырып арнаулы және ұрыстық қасиеті мен құрылысын меңгерту.
Жұмыс нәтижесі: Оқушылар ҚР Қарулы Күштерінде және қаруларында қолданылатын РГД-5, РГН, Ф-1, РГО гранаттарының ұрыстық қасиеттерін, құрылысын біледі.
Сілтеме: К. Аманжолов, А. Тасболатов, Д. Майхиев, Б. Аманжолова
Алғашқы әскери дайындық 10 сынып Алматы «Мектеп» 2006 ж
Негізгі идеясы: Жарықшақты қол гранаттары туралы түсінік беру
Қолданылатын әдістер мен тәсілдер: Сұрақ қою, жеке жұмыс, топтық жұмыс, оқу, зерделеу, сыни тұрғыдан ойлау, постер дайындау
Ресурстар: Постер, маркерлер, түсті қағаз
- Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
А) Кезекшінің мәліметін қабылдау.
Ә) Сыныпты погондар арқылы төрт топқа бөлу.
- Үй тапсырмасын сұрау. Әр топтан екі оқушы шығып, автоматты бұзып құрайды.
- Жаңа сабақ. Мұғалім жалпы түсінік береді. Әр топқа гранаттар түрі беріліп, сипаттама беріп, постер дайындау тапсырылады. Постерге қойылатын критерийлер:
- Қол гранаттарының арнаулы және ұрыстық қасиеті
- Гранаттың құрылысы
- Нақтылық
- Жүйелілік
4. Постер дайындау
5Постерді қорғау
6. Жинақтау, қорытындылау
7. Бағалау. Мадақтау, марапаттау. Әскери погондар арқылы бағалау.
Кері байланыс: Екі жұлдыз, бір тілек
Сабақты аяқтау: Сыныппен қоштасу.