Тараулар бойынша қайталау. 7-сынып

Математика пәнінен тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өткізудің нәтижесі оқушының белсенділігі мен пәнге қызығушылығын арттырары сөзсіз. 7-сыныптың алгебра курсын қайталауға арналған дәстүрлі емес сабақ түрін ұсынып отырмын.
1. Сабақтың тақырыбы: Тараулар бойынша қайталау.
2. Сабақтың мақсаты: 1) Өтілген тақырыптар бойынша қайталау есептерін шығару;
2) Өз бетімен ізденісін, пәнге қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту;
3) Өз бетімен еңбектенуге баулу;
3. Түрі : сайыс сабақ.
4. Көрнекілігі: үлестірмелі карточка, тест тапсырмалары, слаидтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Топтарға бөлу, топ басшысын анықтау.
Ә) Бағалау тәсілі .
1. Білімпаз. 2. Ойшыл. 3. Кемеңгер. 4. Тапқыр.
2. Кіріспе бөлім
I тур. А) Топтардың амандасуы.
1-топ . Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
2-топ. Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір -теңіз, жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
3-топ. Құлақ түріп тыңдаңыздар жарандар,
Кеудемізде толқындаған жыр -ән бар.
Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз,
Тобымыздың бәрі алғыр қырандар.
4-топ. Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз.
3. Негізгі бөлім.
II тур. «Кім жылдам?» (карточкамен жұмыс) .
(Натурал көрсеткішті дәреже, оның қасиеттері тарауы бойынша)
- А3* а5; 1) с10* с3; 1) а11* а6; 1) с9* с15;
- А3/ а7; 2) с4/ с10; 2) а3/ а5; 2) с6/ с9;
III тур . «Жауабын тап» (Қысқаша көбейту формулалары бойынша жіктеу)
1) х 2 - 9 ; 1) а 2 - 16 ; 1) с 2 - 25 ; 1) с 2 - 4 ;
2) (х + 3 ) 2 ; 2) (а + 4) 2 ; 2) (с + 5 ) 2 ; 2) (с + 2) 2 ;
IV тур . «Жалғасын тап» ( мақал -мәтелдердің жалғасын айту) .
- Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
- Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
- Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
- Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
- Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
- Бір елі ауызға - екі елі қақпақ.
- Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
- Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені, еменнің иілгені - сынғаны.
V тур . «Кім тапқыр ?» ( топ басшыларына күрделі 1 есеп беріледі) .
VI тур. «Сен білесің бе?» (логикалық сұрақтар)
- Егер 3 ат 60 км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді? (60 км )
- 1 кг жүн ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма ? (тең )
- 2 адам 4 сағат шахмат ойнады, олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
- Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 минут)
- Айдос туған күнін төрт жылда бір рет атап өтеді. Неліктен? (29 ақпанда туылған)
- Бір жұмыртқа бес минутта піседі, ал бес жұмыртқа ше? (5 минут)
- Сағат үшті көрсеткенде оның сағаттық және минуттық тілдері қандай бұрыш жасайды? (тік бұрыш)
- Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар (алты)
- Қорытынды
Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол-еңбектену жалықпау!
Әділқазы қойылған балл бойынша жеңімпаз топтарды марапаттау, топ мүшелеріне баға қою.
Үйге тапсырма. Математикалық терминдерге сөзжұмбақ құрастыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz