Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Қанағат - қарын тойғызар. 3-сынып


«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» ММ

[pic]

Ашық сабақ

[pic]

Сыныбы: 3 «б»
Сынып жетекшісі: А.Сабырахынова

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 3 «б»
Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар (ел аузынан).
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға тақырыптың идеясын ашу, білімдерін
қалыптастыру.
2. Оқушыларды кішіпейіл,қарапайым,
қанағатшыл,
шыдамды болуға үйрету,адамгершілік
тәрбиесіне баулу.
3. Оқушылардың өтілген сабақ пен жаңа
сабақты
байланыстыру арқылы шығармашылық ойлау
қабілетін
дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру, топқа бөлу, топпен жұмыс,
салыстыру кестесі, түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең, жұптасып сурет салу,
болжау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, көрнекілік стратегияларын
пайдалану.
Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, карточкалар, қосымша кітаптар,
қағаздар, суреттер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу
ә) Сынып тазалығын тексеру
б) Оқушыларды түгендеу
в) Оқушылардың құрал-жабдықтарын алғызу
г) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ой ашар: Сабақты бастамас бұрын оқушыларды топқа бөлу. Қабырғаға ара,
құмырсқа, көбелектің суреттері бар эмблемаларды іліп, сосын сол суреттегі
бунақденелілерді, жәндіктерді балалардың әрқайсысы өзі таңдап, жақсы
көретін насекомдардың жанына келіп тұрады. Оларды үш топқа бөліп, сұрақ
қою.
- Неге бұл насекомды таңдадың?
- Ол несімен ұнайды?
І топ – “Құмырсқа”.
ІІ топ – “Көбелек”.
ІІІ топ – “Ара”.
- Енді, балалар, осы 3 топтан қосып тағы 4-топ құрамыз.
Балаларға кеуделеріне суреті бар эмблеманы, топқа бөлінген соң өздері
тағады. Балалар 4 топқа бөлініп, жаңадан орын алып отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы тексеріледі. Үйге Ғ.Қайырбековтың “Комбайншы” өлеңі
жаттауға берілген. Сонан соң егіс даласы, нан түрлері, дақыл, астық түрлері
туралы сурет салу берілген. Өлеңді жатқа сұрау.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Оқушылар өлеңді айтып болған соң, өздері салған сурет бойынша
әңгімелейді, 5-6 оқушы мақал-мәтел, жұмбақтар айтады да, үй тапсырмасын
бекітеміз
ІV. Мақсат қою кезеңі
- Балалар, бүгінгі сабақты бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырамын.
Бейнеткер көпшілікте көрдім халық,
Күнінде бір отырмас дамыл алып.
Өзінен ауыр жүкті көтереді.
Үйінде жатып жейді рахаттанып.
(Құмырсқа).
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(Құмырсқа).
- Дұрыс айтасындар, балалар! Олай болса, бүгінгі сабағымызда біз
“Қанағат қарын тойғызар” (ел аузынан алынған) атты тәрбиелік мәні
бар мәтінме танысамыз.
V. Жаңа материалды меңгерту
- «Қанағат қарын тойғызар» атты әңгіменің белгілі бір авторы жоқ, бір
кездерді оны бір адам шығарып, ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса
берді де, оның нағыз авторы ұмыт қалды. Сондықтан, әңгіменің авторы ел
аузынан деп берілген.
Мәтінді мәнерлеп оқымас бұрын “Қанағат” деген сөзді қалай
түсінетіндіктерін сұрау. Тақтаға бормен жазылады. Қанағат деген не?
Ой қозғау.
- аз демеу керек
- жоққа шыдау керек
- ең асыл қасиет
- қанағат қарын тойғызады т.б.
а) Қанағаттың не екенін білген соң мәтінді мәнерлеп оқу.
ә) Ұнаған, ұнамағанын сұрай отырып, өздеріне диалог бойынша рольге
бөліп,
кезекпен оқыту.
б) Сөздік жұмысын жүргізу.
Топпен жұмыс:
І топтың сұрағы: Оқиға қалай басталды?
ІІ топтың сұрағы: Оқымысты мен құмырсқаның сөйлесуі. Диалог құру.
ІІІ топтың сұрағы: Бір жыл өткен соң не болды? Құмырсқа дәнді неге
үнемдеді?
ІV топтың сұрағы: Құмырсқа болсаң не істер едің? Ол сендерге ұнай ма?
Неге?
VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру
Оқушылардың алдыңғы сабақтарда өткен «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы мен
бүгінгі «Қанағат қарын тойғызар» өлеңі бойынша салыстыру кестесін құрамыз.
Тақтаға ақ ватман қағазға ортақ ой жазылады.

Салыстыру кестесі

|1. |Мысалдың аты, |Шегіртке мен |Қанағат қарын тойғызар |
| |тақырыбы |құмырсқа | |
|2. |Авторы |Крылов (Абай аударған) |Ел аузынан |
|3. |Оқиға орны |Егіс даласында |Бақ ішінде |
|4. |Кейіпкерлер |Шегіртке мен құмырсқа |Оқымысты мен құмырсқа |
|5. |Құмырсқа қандай? |Біреу, еңбекқор, |Құмырсқа біреу және көп дән|
| | |қарапайым, үйі бар, дән |жинады, күзетті, інін |
| | |жинайды |кеңейтеді |
|6. |Мазмұны, идеясы |Қарапайым, еңбекқор болу|Ақылды, шыдамды, қанағатшыл|
| |қандай? |керек |болуы керек |

VІІ. Сабақты қорыту.
- Осы І, ІІ тақырып бізді неге тәрбиелейді?
1. Еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа.
2. Шыдамдылыққа, төзімділікке, қанағатшыл болуға үйретеді.
VІІІ. Үйге тапсырма:
Стратегиялар: бес жолды өлең жазып келу.
Мәтінді әңгімелеу.
Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
қанағат қарын тойғызар (ел аузынан)
Құмырсқаның қанағаты
Абайдың поэмалары. «ескендір» поэмасын талдау
Құмырсқаның қанағаты. жоспар
Құмырсқаның қанағаты ертегі
Аққу - киелі құс. аққулар ұйықтағанда. 8-сынып
Талап кезеңі мин
НЕЛІКТЕН стратегиясы
Топтастыру стратегиясы Жай бөлшектер
Қанағат ету
Пәндер