Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Альфа мен беттаның кезедесуі


«Альфа мен Беттаның кездесуі» математикалық жарысы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын
арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар,
логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Криптограмма
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
6. Байқап көр
7. «Сөзден сөз шығар» сайысы
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет
те.

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Альфа мен Беттаның
кездесуі» математикалық жарысына қош келдіңіздер.
Бүгінгі жарыс топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Альфа» және «Бетта»,
тобын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің
білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі
кештің жоспары таныстырылады.
1. Кезекте амандасу рәсімі
І топ «Альфа» тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
«Альфа» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
ІІ топ. «Бетта» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз.

ІІ. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның
салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше
бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады.
Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
5. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3
минут)
6. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
7. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш
мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
8. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары
бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.

ІІІ. Криптограмма
14, 12, 6, 7, 14, 12, 6, 5, 17, 12, 11, 15, 10, 15, 14, 18, 12, 3, 4, 12,
6, 9, 12, 8, 15
1) 1, 2, 16, 12, 11, 15, 6 – санақ нүктесінен бастап оңға қарай
координата түзуінің бойындағы бағыт.

2) 6, 7, 3, 20, 8, 16, 12, 11, 15, 6 - санақ нүктесінен бастап
солға қарай координата түзуінің бойындағы бағыт.

3) 6, 7, 2, 18, 7, 13 – айнымалысы бар өрнек

4) 14, 1, 18, 13, 10, 19 – санақ басынан бастап, санды анықтайтын
нүктеге дейінгі түзудің бойындағы қашықтық.

5) 17, 1, 1, 3, 18, 5, 21, 12, 6, 12, 10, 15, 22 – бойында санақ
басы бар, бағыты бар түзудің атауы.

6) 22, 1, 8, 15, 21, 18, 15 – арифметикалық амалдың нәтижесі.

7) 16, 23, 10, 9, 7, 17 – а/в(в 0) түріндегі сан

Криптограмманы дұрыс шешсең, К.Ф. Гаусстың нақыл сөзін оқисың.

IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа бес сұрақтан)

«Альфа» тобына.
1. Бір нүктеден шығатын түзу (сәуле)
2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса)
3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
5. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
«Бетта» тобына.
1. Екі қатынастың теңдігі. (пропорция)
2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
3. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
4. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)
5. 1-ге және өзіне бөлінетін сандар (Жай сандар)

V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)

VІ. «Байқап көр» сайысы. Сіріңкемен жұмыс

Есеп:

12 шырпыдан 4 бірдей квадрат салыңдар, нәтижесінде ттағы да бір үлкен
квадрат шықсын.

а) 3 шырпыны алып ауыстырып қойыңдар, нәтижесінде өзара тең үш квадрат
шықсын.

б) 4 шырпыны ауыстырып қойыңдар, нәтижесінде өзара тең үш квадрат
шықсын.

VІІ. «сөзден сөз шығар» сайысы

«Математика» сөзінен бірнеше сөз шығар
Қорытындылау. Сайыскерлерді жеңімпаздарды марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
Атомның ядролық моделі. Резерфорд тәжірибесі. Бор постулаттары. Сутектектес атом үшін Бор теориясы
Шәйнектің спираліндегі ток күшін анықта
АКШ ЖКШ
Сабақтың көрінекілігі
Сынып көшбасшысы. Сабақтың тақырыбы
Зат мөлшері
Табиғи радиактивтік
Резерфордтың атомның планетарлық моделі
Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері. Жіті сәулелік ауру
Көлбеу жазықтық. механиканың алтын ережесі
Пәндер