Биология сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері

Биология сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері.
Туечиева Ивагүл Қадірқызы
Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы орта мектеп. Шардара қаласы. Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ - оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.
Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.
Сабақта жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты компоненті -дамыта оқыту. Негізгі мақсат жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Бұл үшін мұғалім жаңашыл, шығармашыл болуы керек. Қазіргі оқу үрдісіне көптеген шетелдік және қазақстандық педогогикалық технологиялар енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы, салмақты ойлауға, өз ойын қорыта алуға, өз бетінше ізденуге тәрбиелейтін әдіс-тәсілдер жеткілікті. Биология сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін (түйсігі, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ой түйін жасау, қиял, зейін, дағды) қалыптастыруда Ж. Караев пен Ж. Кобдикованың оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді. Қазіргі таңда оқытумен бірге оқушының әр түрлі іс-әрекет түрлерінде өзін байқау мүмкіндігі арқылы болашақ қызмет аясын саналы түрде таңдап алуы үшін жағдайларды-да туғызу қажет. Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ) » педагогикалық технологиясы. (Ж. Караев, Ж. Кобдикова. 2008ж) Бұл технологиямен сабақ өту үшін мұғалімге мынадай құжаттар қажет:
1. Күнтізбелік жоспар. (3-сабақтан кем емес модульге бәлініп жасалынады) 2. Тақырыптық жоспар. 3. Тақырыпты өз бетімен меңгеру үшін қажет үш кезеңдік тапсырмалар мен әдістер тізбегі.
Сабақтың тақырыбы : Органогенез.
( Биология 9-сынып. )
І
кезең
Өзіндік жұмыс кезеңі.
а) Ұйымдастыру сәті.
б) Үй тапсырмаларын тексеру
.
Сұрақ-жауап;
бірін-бірі тексеру
ІІ
кезең
ІІІ
кезең
Технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім.
а) Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау
б) Қорытынды. Бағалау.
Деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Жұптық жұмыс
ІІ-кезеңде өзбетінше тақырыпты оқып меңгеруде тақырыпты оқыту үшін неше түрлі тапсырмалар, дидактикалық ойындар, тірек-сызбалар, сөзжұмбақтар. кестелер, суретпен жұмыс тапсыруға болады. Оқушылар сол тапсырмаларды орындау үшін тақырыпты қызыға оқып шығады.
1-тапсырма
1. Органогенез дегеніміз не?
2. А. О. Ковалевскийдің еңбегі.
3. Ұрық жапырақшалары неше қабаттан тұрады?
4. Ұрық жапырақшасы мен өсімдік жапырағын салыстыруға болама?
5. Қай жануардың жұмырқа жасушасына тәжірибе жүргізген және не себептен?
2-тапсырма.
Семантикалық картаны толтыру
3-тапсырма. «Эмбриогенез факторлары» тірек сызбаны толтыру.
Эмбриогенез факторлары
4-тапсырма . Тренинг“ әдісі.
“Жаңа ұғымдар” Осы тақырыпта кездескен жаңа ұғымдарды оқушылар үш айналыммен айтады.
Жаңа оқып шыққан тақырып бойынша оқушылардың ой-түйіндерін тыңдап, тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылау мақсатыда барлық оқушыларға бірдей үш деңгейлі тапсырмалар ұсынылады
І-деңгей. 5-ұпай
Органогенез дегеніміз не?
Ұрық жапырақшалар теориясының негізін қалаушы кім?
Қандай ұрық жапырақшалары бар?
Ұрықтың дамуына әсер етуші факторлар?
Скорлупа деген не?
ІІ-деңгей. 4-ұпай.
- Оқулықты пайдаланбай “Органогенез” кестесін еске түсіріп сызу.
- Не себептен көпдеген тәжірибелер бақаға жүргізіледі.
ІІІ-деңгей. 3- ұпай
Суретте нейруланың құрылысы берілген.
Нейруланың элементтері
1. Дене қуысы. 2. Ортаңғы қабат 3. Ішек қуысы 4. Хорда 5. Жүйке пластинкасы 6. Сыртқы қабат 7. Ішкі қабат
Суреттегі төртбұрыштарға жоғарыда берілген элементтердің сәйкес нөмірін қойыңдар.
2. Бақа ұрығының даму сатылары сандармен берілген. Солардыың аттарын жаз.
Үйге тапсырма.
Деңгейлі тапсырмаларды орындап үлгермеген оқушылар үйде аяқтап келеді.
«Органогенез» сөзіне сөзжұмбақ жасау.
Бағалау. ІІІ деңгейлі тапсырмаларды орындағанда оқушылардың тақырыптарды қаншалықты меңгергенін тексеріп, алған ұпайлары«Ашық журналға »қойылады. Журналға баға қойылады. Әр оқушы өзінің шамасын біліп, білуге құштарлығы артып, өздігінен көп ізденуге ұмтылады. Биология сабағын оқытудың бұл әдісімен өту оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, танымдық-шығармашылық іс әрекетпен ойлауға, талпынуға мүмкіндік береді.
«Ашық журнал » үлгісі.
І-деңгей,
5ұпай
ІІ-деңгей,
4 ұпай
ІІІ-дең,
3 ұпай
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz