Өнегелі отбасы

Сабақтың мақсаттары:
Келешек ұрпақтың көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата - аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту.
Сабақтың формасы: Сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: «Мен және отбасым» атты қабырға газеті, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Бүгін біз келешек ұрпағымыз көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата - аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Өнегелі отбасы» тақырыбында сайыс сабақ өткізгелі отырмыз.
Адам артына із қалдыру үшін жер бетінде, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін туады демекші, ата - ана өмірге ұрпақ әкелген соң оның жақсы азамат болып өсуіне, тәрбиесінің дұрыс болуына мән беріп, аса бір ілтипатпен қарайды. Ал осындай саналы да тәрбиелі ұрпақтың өсуіне ата - анамен бірге мектеп ұжымы да бірдей ат салысады.
Балалық шақ - адам өміріндегі қайталанбайтын маңызды шақ. Балаға деген қарым - қатынасымыз о бастан қандай болса, баланың жеке басы соған қарай қалыптасады. Баланың жеке бас қасиеттерін дер кезінде байқау - келешекте оның жақсылыққа жақын болуына, ата - ананы қадірлеп, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Сіздерді бүгінгі сабағымыздың қонақтарымен таныстырып өтейін: ( отбасылар )
Сайыс шарттары мынадай:
- «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»- таныстыру.
- «Білгенге - маржан . . . »- сұрақ-жауап.
- «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»- қолөнер бұйымдарын қорғау.
- «Тәрбие тірегі отбасында» -жағдаят сұрақтарына жауап беру.
- «Өнерлі өрге жүзер»- отбасылар өнері.
- «Баланың бас ұстазы - ата - ана»- тірек - схема құрастыру.
Бүгінгі сайысымыз екі түрлі жолмен бағаланады:
- Әділ қазылар алқасыныңкөмегімен: (Әділ қазылармен таныстыру) .
- Тәуелсіз сарапшыкөмегімен (Қорапшаны көрсетіп, түсіндіру) . «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»- таныстыру. «Білгенге - маржан . . . »- сұрақ-жауап.
№1 отбасына қойылатын сұрақтар:
- Үш би -Әйтеке, Төле, Қазыбек.
- Адасқанда бағыт көрсететін жұлдыз -Темірқазық.
- Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары -Домбыра, қобыз, жетіген.
- ҚР мемлекеттік рәміздерін ата -Әнұран, елтаңба, ту.
- Бала өмірге келгенде болатын той -Шілдехана.
- Сынған сүйекті салушы -Сынықшы.
- Мұсылман дінінің пайғамбары -Мұхаммед Пайғамбар.
- Ұясы жоқ құс -Көкек.
- Оралхан Бөкейдің туған жері- Катонқарағай.
- Бала - балың,
Немере . . . ( жаның ) .
№2 отбасына қойылатын сұрақтар:
- Жеті күн -Дүйсенбі, сейсенбі, . . .
- Бір мүшелде неше жыл болады? -13 (12) .
- Қырық өтірікті айтқан бала -Тазша бала.
- ҚР мемлекеттік тілі -Қазақ.
- Қуанышты хабар үшін сұралады -Сүйінші.
- Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім? -Палуан.
- Ағаштан жасалған су тасуға арналған құрал -Иін ағаш.
- Жылқыда өт жоқ, құста . . . (сүт жоқ) .
- Ш. Уәлиханов қай облыста дүниеге келген? -Қостанай.
- Әке - асқар тау, Ана - бауырындағы бұлақ, Бала - . . . (жағасындағы құрақ) .
№3 отбасына қойылатын сұрақтар:
- Қазақтың киелі сандары -3, 7, 9, . . .
- Қазақтың атақты күйшілері -Құрамнғазы, Дина, Қазанғап.
- Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер -Алдар Көсе.
- ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? -1995 жылы.
- Балалр дүниеге келмей жатып екі жақтың құдаласу салты -Атастыру.
- Қазақта халық емшісін кім деп атайды? -Тәуіп.
- Талқан түюге арналған көне құрал -
Келі, келсап.
- Бақыт құсы -Аққу.
9. Абай мұражайы қай жерде орналасқан? - Сем е й.
10. Бала тілі - . . . ( бал ) .
Музыка пәнінің мұғалімі Нұрлы Бағдәулетқызының орныдауында «Ұрпаққа өсиет» термесін қабыл алыңыздар!
- «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»- қолөнер бұйымдарын қорғау.
А) Өздері жасап келген заттарын қорғау .
Ә) Киіз үй бөліктерін құрастыру . -
Осы кезде 5 «Б» сынып оқушыларынан құралған шағын оркестрдің орныдауында Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа».
Тақтадағы мақал -мәтелдердің мағынасын ашу.
- «Тәрбие тірегі отбасында» -жағдаят сұрақтарына жауап беру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz