Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Интерактивті құрылғыларды тиімді қолдану -заман талабы



қазақ тілі сабағында интерактивті құралғыларды
тиімді қолдану –заман талабы.
Қабылбекова С.Ж.
№59 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі

І. Теория
Ақпараттық – коммуникациялық технология  оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына
негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан –
жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына
жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер
пайдасы аса мол. 
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
атты жолдауында «Білім беру реформасы
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу –
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды
көздейді.
Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және
оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру
саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді
оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту
үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың
бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран »
 болып табылады.
Білім берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивті сөзі- inter
(бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының
топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ
барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта –дегеніміз не?
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де
дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін:
ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында
қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске
қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды
енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не? 
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта
арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVstudio программасы
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ
барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа 
ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған.
ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап
айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы
эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша
ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Флипчарт
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл
аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың
барлығы   көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан
келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер   қоюға немесе объектілерді бір
мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға
немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
« Активті экран » кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты
көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап
интерактивтік жүйе болып табылады.
« Активті экран » бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық
мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен
кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл
құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе
білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен
жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
         Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік
тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық
құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға
мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру
барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне
құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде
мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат
сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу
және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
         Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық
бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
-         Пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;
-         Алған білімді жүйелеу ;
-         Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
-         Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
-        Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс
істегенде әдістемелік көмек беру.
Оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 %
есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір
мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ  мазмұны оқушылар
үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы
уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды.
         Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа
ақпараттық технологияны   жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
  ІІ. Практика
      Қазақ тілі сабағында интерактивті құрылғылардың барлық
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу, есте сақтау,
сауатты жазу, шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс
– шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.
         - Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және
қабылдау жылдамдығын ескеру   арқылы жаңа материалдарды меңгеруге
байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті
құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;
         - Оқытудың жаңа әдістері  мен формаларын ( проблемалық,
ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі
қолдану.
         - Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер,
телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология,
интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық –
техникалық базасын жетілдіру.
         Сабақ материалы  Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат
 түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма,
сурет, портреттер болуы мүмкін. Сабақтың соңында қолданылған материалды
есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен
жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады.
Алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін,
дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға беремін. Мысалы:
практикалық , нәтиже, қорытынды сабақтар.  Сабақтың барысында тапсырманы
орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны
пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады.  Оқушыны тақтаға шығарып,
оған жеке тапсырма беремін, және бақылап отырамын.
       Интербелсенді құралғы арқылы алдыңғы сабақта өтілген материалды
ашып, өткен сабақты қайталай аламыз. Мұндай әдістеме сабақты екпінді түрде
өткізуге  мүмкіндік береді.
Мысалы: грамматикалық тақырыптарды өткенде кеңінен пайдаланамын.
         Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының
ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған
ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.
Алдын ала  дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік,
графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат
түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, интерактивті құралдарды
тиімді қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді
ашуға мүмкіндік береді. Мен өз сабақтарымда көбінесе жаңа тақырыптарды
өткенде пайдаланамын. Мысалы: 6-сыныпта өткен «Отбасы» тақырыбын флипчартта
көрсетіп, сұрақтарға ауызша жауап алдым, сөздік жұмысын жүргіздім.
ІҮ. Жаңа сабақ. Сурет бойынша жұмыс

1. Суретте кімдер бейнеленген? Атап бер
2. Кім не істеп жатыр?
3.Суретке қарап шағын әңгіме айтып бер, әңгімеңе ат қой.

Ү.Сөздік жұмысы: Работает – жұмыс істейді
Не работает – жұмыс істемейді
Мамандық – профессия
Пенсионер- зейнеткер
Внук – немере
Правнук – шөбере
Живут – тұрады
Дружная – тату
Сөздікте берілген сөздерді қолдана отырып сөз тіркестері мен
сөйлемдер жазыңдар.
6-сыныптағы «Жер-қазына» мәтінін оқушыларға ЭО-тың аудио блогы арқылы
тыңдатып, тыңдау, есте сақтау дағдыларын да дамытамын. Аудиомәтіндерді
тыңдау оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, есте асқтау
қабілеттерін дамытады және де қазақ тіліне тән дыбыстардың дыбыстарын дұрыс
естіп, тыңдауына септігі мол деп ойлаймын.
Слайд-бағдарламаларын көрнекілік, үлгі, тапсырма беру үшін; модуль
тақырыбы бойынша оқушылар шығармашылық жұмыстарын қорғау мақсатында
қолданамын. Сабақ үрдісінде слайд материалдарыын көбінесе жаңа материалды
түсіндіру мақсатында көп қолданамын, немесе лексикалық тақырыптарды
өткенде қосымша мәліметтер беру үшін де қолданамын. 9-сыныптар бойынша
«Қазақ тілі туралы», «Қазақ тілін зерттеген ғалымдар», «Қазақстан» ,
«Ежелгі қалалар», «Киіз үйдің құрылысы», т.б. слайдтар топтастырылған.
Флипчартты күнделікті сабақ үстінде тиімді пайдалануға тырысамын,
себебі ол уақытты үнемдеуге , оқушылардың сабаққа деген ынтасын,
қызығушылығын арттыруға және де лексикалық, грамматикалық материалдарды
тиімді, түсінікті жеткізуге септігі мол.
Лингофонды –мультимедиялық кабинеттің өзімен келген ЭО-мен де жүйелі
түрде жұмыс жүргізіледі, өйткені онда материалдар оқулықтың әр модуліне
негізделіп жасалған. Сөздік жұмыс, мәтіндер, грамматикалық тапсырмалар,
аудиомәтіндер, мәтін бойынша тесттер, қорытынды тесттер, жаттығулар
берілген. ЭО-пен жұмыс жасау оқушылардың өздерінің білімін тексеруіне
мүмкіндіктері бар.
       Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау
мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның
мүмкіндіктерін кеңінен қолданып,  жұмыс жасауға болады.
      Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін
қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс  жасағандай және тақырыпқа қажетті
жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды
қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға
болады. Фон ретінде туған жер табиғатын, музыкалық аспаптардың суреттерін
алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға
мүмкіншілік бар.
         Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір
кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын
бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше
объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын
жауып қоюға арналған. Шторка  экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған
         Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті
айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру
қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
4.  Сабақта   ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу
мүмкіндігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының  көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне
кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
Оқу процесінде, оның ішінде практикалық
сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне,
шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын
ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер
енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырады. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту
сапасын жетілдіруге көмектеседі
 

 


Ұқсас жұмыстар
Әдістемелік құрал
Smart оқыту - оқытудың жаңа түрі, қарқынды дамып келе жатқан бірегей үдеріс
Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану
Компьютерден тапсырмалар
Алған білімді жүйелеу
Инновациялық технологиялар жағдайында маманның құзыреттілігін қалыптастыру жолдары
<<Қазіргі заман сынып жетекшісінің портреті>>
Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу
Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері
Пәндер