Қазақстандағы тарихи ғылымдарды жаңғырту: негізгі бағыттар мен теория-методология мәселелері

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Нұрбай О. Т.

СҚО. Ғ. Мүсірепов атындағы аудан. Чистопол орта мектебі тарих пәні мұғалімі

2013 жылдың 5 маусы­мын­­­да Астанадағы Л. Н. Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлт­тық универ­си­те­тінде ҚР Мем­лекеттік хат­шы­сы Марат Тә­жиннің төраға­лы­ғы­­мен Қа­зақстан Рес­­­пу­бликасының та­рихын зер­делеу жөніндегі вед­ом­ство­аралық жұмыс то­бының кеңейтілген оты­рысы өтті. Тарихшылардың осы ал­қалы мәжілісінде елдің бо­­лашағы үшін тарихымызды жа­ңаша көзқарас тұрғысынан зер­делей түсу, ұлттық сананы ны­ғайту, өзекті тақырып­тар­ды зерттеу және жаңа за­ман­ға сай оқулықтар жазу сияқты нақ­ты міндеттер жүктелді.

Қазақ елінің тарихы патшалық және кеңестік билік заманында бұрмаланып, дұрыс жазылмай келді. Тек еліміз еркін­дік­ке қол жеткізгеннен кейін ғана «ақтаңдақ» бет­тері ашылып, ұлттық тарих жазыла бас­тады. Қазақ елі Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғына дейін көптеген зерттеу еңбектері жа­рыққа шықты. Бірақ әлі де зерттеуді қажет ете­тін өзекті тақырыптар бар. Соның бірі - тарих ғылымының теориясы мен ме­то­дологиясы. Себебі теория-методология мә­селесін көтермейінше, зерттеу жұ­мыстары да өз дәрежесінде болмайды. Қазіргі жаһандану заманында қазақ хал­қының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құн­дылықтары насихатталып, төл де­ректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қа­жет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқ­ты тарих ғылымының теориясы мен ме­тодологиясы біздің еліміздегі отандық та­рих ғылымы бойынша дұрыс жолға қо­йылуы керек. Осы аталған тақырыпқа қа­тыс­ты бірқатар зерттеушілердің шағын ма­қалалары мен жинақтары жарық көр­ге­німен, арнайы нұсқаулық немесе оқулық ретінде жазылған теория-методологияға қатысты іргелі зерттеу еңбектер жоқ.
Қандай да болмасын зерттеу жұ­мы­сы, зерттеу нысанын дәл анықтаудан бас­талады. Зерттеу нысаны дәл анық­тал­май, зерттеу мақсатына жету мүмкін емес. Ол тарих ғылымына да тән заң­ды­лық. Кеңейтілген отырыста дәл осы аса ма­ңызды методологиялық мәселе то­лы­ғымен айқындалды десек те болады.

Негізі кеңестік кезеңде қаланған Қазақ­станның тарих ғылымының басты зерт­теу нысанын большевиктік билік кезінде «Қазақ ССР тарихы» деп ұлттың емес, мемлекеттің тарихын анықтап берсе, 1991 жылдың соңынан бастап, яғни тәуел­­сіздік жылдары, Қазақстан тарих­шылары «Қазақстан тарихын», яғни тағы да мемлекет тарихын зерттеп, «Қазақстан тарихын» оқытып келеді. Ал тарихты мемлекет жасамайды, сол мемлекетті құрушы ұлт жасайды. Демек, қай мем­лекеттің болмасын тарихшылары ал­дымен сол мемлекетті құрушы ұлттың та­­рихын зерттеулері керек. Бізде де со­лай болуы тиіс. Ол туралы Мемлекеттік хат­шы өз сөзінде: «Қазіргі күні мем­ле­кетіміздің қалыптасқан белесінде біз өз тарихымызды осы заманғы ғылымның биі­гінен пайымдауға және ұлттық тарих­тың бөлінбейтін бейнесін қалыптастыруға тиіспіз» деді. Бұл жерде Мемлекеттік хат­шының «ұлттық тарих» деп қазақ та­ри­хын айтып отырғандығына еш күмән бол­мау керек. М. Тәжин баяндамасында: «Кең-байтақ жеріміздің иесі де, киесі де қазақ екендігіне дау жоқ. Ата-бабала­ры­мыз бұл жерді бізге аманат етіп қалдыр­ған. Біз - мемлекет құрушы ұлтпыз» деп атап айтуы - соның дәлелі. Мемлекеттік хатшының бұл пікірінің шын­дыққа толық сай келетіндігін, қа­зақтардың автохонды, яғни текті, өзінің атамекенінде тұрақты өмір сүріп отырған ұлт екендігін, біріншіден, ҚР ҰҒА ака­де­мигі Оразақ Смағұл ағамыз: «Қазақтың биологиялық, генетикалық, антро­по­ло­гия­лық тарихы оның денесі мен қаңқа сүйек­терінде жатыр. Ол туралы қытай не ай­тады, орыс не дейді, парсылар қандай пі­кір білдіреді, ендігі уақытта оның ма­ңызы жоқ. Себебі 40 ғасырдан бері осы атамекенде тіршілік етіп, ұрпақ жал­ғас­тырып келе жатқан бізден өзге ұлт жоқ» деп, антропология ғылымы негізінде тай­ға таңба басқандай етіп дәлелдеп бер­ді («Қазақ әдебиеті». 7. 06. 2013 ж. ) . Екін­ші­ден, Алаш ардагерлері бұдан бір ға­сыр бұрын тарихымызды өз атымен «Қа­зақ тарихы» деп атап, еңбектер жа­рия­лады. Атап айтқанда, 1913 жылы «Қа­зақ» газетінің бірнеше санында Түрік ба­ласы (М. Дулатов) «Қазақтың тарихы» де­ген мақала жарияласа, 1925 жылы Қош­ке Кемеңгерұлы Мәскеуде «Шығыс бас­пасынан» «Қазақтың тарихынан» ат­ты кітап шығарды. Үшіншіден, қандай да болмасын нәр­се белгілі бір уақыт пен кеңістікте бо­лады. Уақыт пен кеңістіктен тыс еш­нәр­­се де болмайды. Уақыт пен кеңістіктен шығу - жалпы ғылыми-зерттеудің ең бас­­ты ұстанымы. Бұл - тарихқа да тән ұс­та­ным.

Қазақстанның тарих ғылымы­ның зерттеу нысанын - «Қазақ тарихы» деп алу, осы ұстанымға да толық сай ке­леді. Ол, біріншіден, уақыт жағынан қа­­зақ тарихын оның шыққан тегі: сақ, үй­сін, ғұн, түрік дәуірлерінен бастауға мүмкіндік берсе, екіншіден, кеңістік жа­ғынан алғанда тағдырдың тәлкегімен бүгінде әртүрлі мемлекеттердің аумағын­да қалып қойған, бірақ байырғы ата-баба жерін мекен етіп отырған 5 миллионға жуық қандастарымыз тарихын да толық қамтуға мүмкіндік береді. Олай болса, біз неге әр нәрсені өз атымен атап, тари­хы­мызды «Қазақ тарихы» деп зерттеп, «Қазақ тарихы» деп жазбаймыз?! Әрине, ол, мемлекет тарихы арнайы зерт­телмесін деген сөз емес. М. Тәжин мем­лекет тарихын, атап айтқанда Қа­зақ­стан Республикасының тарихын арнайы зерт­теудің қажеттігіне де ерекше тоқ­талды. Қазақстанның қазіргі заман тари­хы - тарих ғылымында салыстыр­ма­лы түр­де алғанда жаңа бағыт екендігін айта келе, Мемлекеттік хатшы: «Біз өзіміздің қа­зіргі тарихымыздың басты мән-ма­ғы­насын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіспіз» деп, тарихшылар алдына нақ­ты міндеттер қойды. Осылай, Мем­ле­кеттік хатшы түйінді мәселені тарқа­тып, тарих ғылымының басты зерттеу нысандарын айқындап берді. Олар: тамыры тереңнен тартылған ұлттық тарих - Қазақ тарихы мен өзіндік ерек­ше­ліктерге толы - Қазақстан Респуб­ли­касының тарихы .

Патшалық және кеңестік империяның тұ­сында ұлттық тарихымыз бұрмаланғаны белгілі және оны бас­қа ұлт өкілдері жазды. Қазақ зиялы­ла­рының да ел тарихына байланысты қалам тар­тып, зерттеулер жазғаны болды. Бірақ оларға шектеу қойылып, қуғындалды. Тек саяси идеология құралына айналдырылған тарих жазылды. Бір сөзбен айтқанда, үл­кен қиянат жасалып, тарихымыз таптаурын күй­ге түсті. Соның салдарынан осы күнге де­йін Отандық тарих ғылымының тео­рия­сы мен методологиясы қалыс қалып келді. Мы­салы, Қазақстан бойынша Қаз КСР Ғы­лым академиясы төралқасының 1978 жылғы 7 қыркүйектегі №131 қаулысымен Та­рих институтында «Қазақстанның та­рих­на­масы» деп аталатын бөлімі ғана ашылған екен, оның өзі кеңестік идеологияның шең­бе­рінен шығып, зерттеулер жасай алмады. Ал басқа институттар мен университеттерде ар­найы Отан тарихының теория-мето­до­ло­гиясымен айналысатын кафедралар мүл­дем ашылған жоқ. Сондықтан тарих­шы­ларымыздың алдында тұрған үлкен бір міндет осы салаға қатысты болып тұр.
Тарих ғылымының теориясы мен ме­тодологиясына қатысты ұғымдар және тү­сініктеріне тоқтала кетсек. Тарих теориясы - жалпы тарих туралы теория жа­йында. Қалай айтқанда да, тарих теориясы - бұл жоғары, тарихи танымның дамыған деңгейі. Яғни нақты тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сипатталу деңгейін көр­се­теді. Тарихи зерттеу теориясында тарихтың жал­пы проблемалары, шындығы және танымы қарастырылады.
Тарих методологиясы - (грек тіл. met­hodos - әдіс, таным жолы logos - сөзі) - та­рих ғылымының әдістемелік таным ту­ралы пәні және тарауы болып табылады. Әдіс­теме - тарихи зерттеудің құралы ре­тінде пайдаланылады. Әдістемелер ар­қылы тарихшы жаңа білім алып, оқиғалар ту­ралы мәліметтерді нақтылайды.
Қазіргі заманда «методология» ұғымы бас­тапқы мағынадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құ­райды. Бір сөзбен айтқанда, тарих мето­до­логиясы нақты тарихи зерттеу тә­жі­ри­бе­сінің теориялық көрінісі ретіндегі әдісте­мелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи тү­сініктер т. б. Тарихшының зерттеу жұ­мысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология та­рихи зерттеуде жеке және жалпы про­бле­маларға сараптама жасайды. Бірақ кез кел­ген проблемаға нақты жауапты даяр­лап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерт­теудің жолдарын көрсетеді.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы: тарихи бағыттар, сауда қалалары және қазба байлықтары
Су омыртқалылары - балықтардың негізгі топтары және Қазақстандағы пайдалану мен реттеу мәселелері
Қазақтың үйлену тойы салт-дәстүрлері мен ырымдарының тарихы, түрлері және жаңғырту мәселелері
Қазақстандағы баламалы энергия көздерін пайдалану: әлеуеті, мәселелері және даму стратегиясы
Ұлы Жібек жолының Қазақстан туризмін дамытудағы маңызы және тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырту
Қара сексеуіл: биологиясы, тарихи-мәдени маңызы және дәстүрлі қара сабын өндірісін жаңғырту
Қазіргі педагогиканың негізгі мәселелері: ұлттық-рухани тәрбие және этнопедагогика
Органикалық дүниенің эволюциясы: негізгі бағыттар, жолдар және биологиялық прогресс
Қазақстандағы ағылшын тілін оқытуда жобалық оқытуды қолдану: теория мен практика
Негізгі генетикалық ұғымдар және Мендель заңдары: теория мен тәжірибе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz