Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Көсемше (қорытынды сабақ). 6-сынып
Пән мұғалімі: Бағытова Кәмила Мұхаммединқызы
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Бейнеу селосындағы
Бейнеу гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Көсемше (қорытынды сабақ)
Білімдік мақсаты: оқушыларға көсемшелердің сөйлемдегі қызметін үйрету;
Дамытушылық мақсаты: сөйлем талдау қабілетін, өткен тақырыптарды пысықтау;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жылдамдыққа, өз пікірін айтуға, өздігінше
еңбектенуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, сұраққа жауап, өз пікірін айту
Сабақтың көрнекілігі: «Көсемше» тақырыбына арналған слайдтағы материалдар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің сөзі:
- Балалар, біз бүгін өткен сабақтарды, оның ішінде көсемшенің сөйлемдегі
қызметіне арналған қорытынды сабағымызды өтеміз. Сабақ ойын, сайыс түрінде
өтпек. «Дарабоз» зияткерлік ойынын ұйымдастырудағы мақсат: көсемшені біздің
оқушыларымыз жетік меңгерді ме, оны есімшелерден ажырата ала ма, әрқайсысы
өз тобы үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын ба, соны анықтайтын боламыз.
І айналым. Бәйге. Шарты:
Әр қатардың оқушыларына «Есімше, көсемше» тарауына арналған 6 сұрақ
қойылады, әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Әркім өзіне тиесілі
сұраққа ойланбай, тез жауап беруі тиіс.
1-қатар:
1. Етістік нені білдіреді?
2. Көсемшені тап:
Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
3. Берілген сөздердің қайсысы есімше?: тыңдаған, тыңдарман, тыңдапты.
4. Көсемшенің жұрнақтарын ата
5. Берілген сөзге есімшенің жұрнақтарын жалға: бар.
6. Есімшені тап:
Қатты жерге егін шықпас,
Қаңғыған басқа білім жұқпас.
2-қатар:
1.Көсемше сөйлемнің қандай мүшесі бола алады?
2. Тапқан сөзін септе.
3. Берілген сөздердің қайсысы есімше?: жүгермек, жүгіріп, жүгірмек.
4. Көсемшені тап:
Шоқпарды ұстай білмеген өзіне тигізер,
Инені ұстай білмеген көзіне кіргізер.
5. Берілген сөзге көсемшенің жұрнақтарын жалға: кел.
6. Берілген есімшені септе: тозбас
3-қатар:
1.Білетін сөзін септе.
2. Берілген сөздерге көсемшенің жұрнақтарын жалға: сөйле, көр
3. Берілген сөздердің қайсысы есімше?: тоқысты, тоқып, тоқымас.
4. Есімшені тап:
Ер айтса – ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.
5. Ілік септігінде тұрған есімшені тап: жеңнің, жеңгенің, жеңгеннің
6. Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?
ІІ айналым. Дода. Шарты:
«Додаға» барлық оқушы қатысады. Бұл кезеңде де берілген сұраққа жауап
ауызша беріледі. Әр топ таңдаған сандарына қарай талдау жұмысын жүргізеді.
Әр санда екі талдау берілген. Екеуі де дұрыс орындалса, 10 ұпай, жартылай
орындалса, 5 ұпай беріледі.
1-талдау
1.Есімшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат:
Өсетін елдің қарты қазына болар,
Өспейтін елдің қарты қазымыр болар.
2. Көсемшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат:
Мен сендерді көшіріп әкетуге келдім.
2-талдау
1. Есімшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат:
Көл жағалағанның көні кеппес.
2. Көсемшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат:
Қазақтар ертеден көшіп-қонып, мал шаруашылығымен айналысқан.
3-талдау
1. Есімшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат:
Еңбексіз ел кезгенің – ар-ұяттан безгенің.
2. Көсемшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат:
Асқар тау алыстан көрінеді.
4-талдау
1. Көсемшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта:
Аттарды ерекше салтанатпен әсемдеп, баптап мінген.
2. Есімшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта:
Адаспайтын аңшы болмас,
Жаңылмайтын данышпан болмас.(М.Қашқари)
5-талдау
1. Есімшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта:
Қайық ұрлағанды қырдан іздеме.(Халық мақалы)
2. Көсемшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта:
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады. (Халық мақалы)
6-талдау
1. Есімшені тауып, сөйлемдегі қызметін анықта:
Босқа үрген төбетті бөрі әкетеді.(Халық мақалы)
2. Көсемшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат:
Сын түзелмей, мін түзелмейді.
ІІІ айналым. Жорға. Шарты:
Жорға сайысында қазақ тілі, әдебиет, спортқа қатысты сұрақтар беріледі. Әр
топ кезекпе-кезек ұпайды таңдайды. Сұраққа дұрыс жауап берілсе, ұпайды
иеленеді. Жауап бере алмайтын болса,онда сол сұраққа келесі топ жауап
беріп, ұпайды иеленді. Ешкім жауап бермесе, ұпай менде қалады.
Қазақ тілі бөлімінің сұрақтары:
1. Сөйлем мүшесіне талда: Ақылды адам айтқызбай біледі, Ақсұңқар
қаққызбай іледі.
2. Сөйлем мүшесіне талда: Қазір қазақтар мықты салынған үйлерде тұрады.
3. Сөйлем мүшесіне талда: Қазақтың көркемөнері өшкен жоқ, ғасырлардан-
ғасырларға нығайып, өсіп, көркейіп келеді.
Әдебиет бөлімінің сұрақтары:
1. Үзінді қай шығармадан алынған? Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап:
...Кешігіңкіреп келген Ұлпа Мұратбек өкпелеп кеткен екен деп ойлайды. Сол
кезде Есіл тасып кетеді...
2. Үзінді қай шығармадан алынған?Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап:
Бір уақыт үлкен үйдің қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп
езгіледі.
4. Үзінді қай шығармадан алынған? Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап:
Абаймен дос болған әрі талантына таңырқап ден қоюмен өткен атам оның
өлеңдерін кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы қара танытпақ
болады.
Спорт бөлімінің сұрақтары:
1.ҮІІ Қысқы Азия ойындарының Әнұраны 105 әннің ішінен конкурс арқылы
іріктеліп
алынды. Оның авторы кім?
2. Қысқы Азия ойындары қай жылдардан бері өткізіліп келе жатыр?
3. Қысқы спорттық ойындардың біразы “Медеу” мұзайдынында өтеді. Осы “Медеу”
мұзайдыны несімен ерекшеленеді деп ойлайсың?
Жауаптар:
Әдебиет:
1. С.Мұқанов «Есіл бойында»
2. М.Әуезов «Көксерек»
3. М.Әуезов «Менің өмірбаяным»
Спорт:
1.Сөзі: Ө.Оралбаев, әні: Е.Хасанғалиев
2.1986 жылдан бері. 4 жылда 1 рет өткізіледі. Бұған дейін Қытай, Жапония,
Кореяда өткен.
3.“Медеу” мұзайдыны – әлем бойынша тауда орналасқан ең биік спорт
кешені. Ол теңіз
деңгейінен 1691 метр биікте жатыр.
Бағалау, жеңімпаз топты анықтау
Үй тапсырмасы: «Көсемшенің сөйлемдегі қызметі» тақырыбын оқу
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz