Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Бастауыш сыныптарында мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы
№28 орта мектебі
Баяндама:
«Бастауыш сыныптарында мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы.»
Қазақ тілі пәні мұғалімі:
Ельшина А.Қ.
Ақбұлақ ауылы
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас
құралы. Тілмен сөйлесу – адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол
ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде
сөйлеседі.
Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас
барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп
отырады.
Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
мемелекеттік бағдармаларының негізгі талабы - мемлекеттік тілді оқытудың
саны мен сапасына көңіл бөлу керек».
Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың
сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты
жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып,
сөз ішінен ажырата білуге үйрету.
Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды
қолдана білу керек.
«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген
сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты.
Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту
керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі
оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни
оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр
түрлі әдістері арқылы анықталады.
Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар
оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады.
Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті
мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде.
Олар заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген
қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде.
Бастауыш сыныптарының басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ
түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта
бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта
ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша
ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу
барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың
сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып
келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын,
мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ,
ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.
Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі – «Мемлекеттік тілді
деңгейлік оқыту технологиясы». Бұл технология оқушылардың ізденушілік,
өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра
түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.
В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады:
1. Оқушылық (ученический)
2. Алгоритмдік (алгоритмический)
3. Эвристикалық (эвристический)
4. Шығармашылық (творческий).
Ғалым оқушылық деңгейден бастап шығармашылық деңгейге дейінгі даму кестесін
былай көрсетеді.
Оқушылық деңгейде білімнің берілуі, деңгейлік тапсырмалардың іске асырылуы
бағдарлама талабына сәйкестігіне байланысты.
Алгоритмдік деңгейде оқу материалдарының түсініктілігі, мазмұны деңгейлік
тапсырмалардың күрделене түсуінен аңғарылады.
Эвристикалық деңгейде білімнің берілуі жүйелілігі, сабақтастығы,
іздендірушілік ерекшелігі басым болып, деңгейлік тапсырмалардың танымдық
жағынан жетілуіне, тереңдетілуіне айрықша назар аударылады.
Шығармашылық деңгейде баланың дарындылығы, таланты, тапсырмаларды
орындаудағы ізденімпаздығы танымдық, рухани интелектуалдық шеберлікке
ұштасады.
Сонымен, оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика
жетістіктерін пайдалана отырып, оны жаңа әдістермен байытып, білім алуды
оқушының өзіндік іс-әрекеттері арқылы ұйымдастыруды талап етеді.
Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмалар орындау барысында оқушы төменгі
деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе бірнеше деңгей тапсырмасын
ұқыптылықпен, жауапкершілікпен меңгеруі мүмкін. Егер аз уақыттың ішінде
оқушы көп тапсырма орындап үлгерсе, ол оқушының іскерлігі, шеберлігі,
белсенділігі мен қабілеттілігі жоғары. Оқушының осындай зеректігін одан әрі
дамыту үшін де деңгейлік тапсырмалар қажет. Мұғалім деңгейлік тапсырмалар
арқылы сабақ кезеңдерінде оқушының танымдық ойын, белсенділігін, икемдігін
арттыру жұмыстарын шеберлікпен жүргізе алады. Деңгейлік тапсырма негізінде
оқу объектілерінің терең де шығармашылық ара қатынасы ескеріледі. Оқушының
өзін өзі тануына, өз күйін өзі сезінуіне, ізденімпаздық тудыратындай
әлеуметтік – мәдени кеңістік жасау қажет.
Деңгейлік оқыту технологиясын келесідей қылып қолданамыз. Оқушыларға
деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде
жүргізіледі. Әр сыныпта оқушылардың өз бетімен жүргізген жұмыстары
тоқсандық қорытынды жұмыстары, бақылау жұмыстары есепке алынады. Әр
оқушының жеке дамуының көрсеткіші жасалады. Оқушы өзін -өзі бақылайды. Жыл
соңында әр оқушының білім сапасы қорытындыланады. Жыл бойы құрылған әр
оқушының білім сапасының мониторингісінен оның білім деңгейі анықталады.
Оқушы жыл бойы өзінің қалыс қалған жақтарын есепке алып отырады.
Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылаты талаптар мынадай:
Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын сыныптың бағдарламасын,
мемлекеттік, стандартты, базалық оқу жоспарын толық білуі тиіс.
Екіншіден, оқушының физио –психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім
деңгейі назарға алынғаны жөн.
Үшіншіден, оқушылардың басқа пәндерден алған білімдері ескеріліп, пәнаралық
байланыс жүзеге асырылады. Әсіресе орыс мектептеріндегі қазақ тілі
тапсырмаларына әдебиет материалдарын пайдалану өте тиімді.
Төртіншіден, деңгейлік тапсырмалар қызықты, баланың ойлау қабілетін
дамытатын, көркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет.
Бесіншіден, тапсырмалар біртіндеп күрделене келіп, оқушының жеке тұлғалық
қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты болғаны жөн.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз- оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін
дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын,
жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын
жұмыстар жүйесі. Мұндай жұмыстар жүйесі төрт деңгейлік тапсырмалардан
тұрады.
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт
талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас
ерекшеліктеріне сай болады. 5- сынып бағдарламасына байланысты оқушылар
лексикалық тақырыптар мен тілдік ережелерді, жазба жұмыстарын орындайды.
Кейіннен жоғары сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай
бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап, айтып, оқып, аударып, жаза
алады. Адамдардың айтқанын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Естігенін
қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді.
Грамматикалық, лексикалық тапсырмаларды игереді. Мәтінмен жұмыс жасайды.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Оқушылар сынып
бағдарламасына сай тақырыптарды меңгеру барысында жұмыстың барлық
түрлерімен танысады. Оқушы өз бетімен ізденеді, жеке қабілетіне қарай еңбек
етеді. Баланың ықыласы өседі. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы,
жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары
болады. Осындай талаптарға байланысты оқушы сөздерді дұрыс құрастыру,
сөйлемді толықтыру, сұраққа жауап, диалог құру сияқты тапсырмаларды еркін
меңгере бастайды.
Үшінші деңгей тапсырмалары танымдық –іздену, алған білімді жинақтау,
бекітуге бағытталады. Бұл тапсырмалар оқушылардың пәнге дәрежесінің жоғары
болуымен, баланың өз жеке басының белсенділігімен өз ісіне талдау жасай
білуімен, білімді жаңа жағдайға сай пайдалануымен сипатталады. Ол хабарлау;
суреттеу; тілдік жағдайға, ортаға байланысты бейнелеу тапсырмаларын
орындайды.
Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ
қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық –іздену
түрдегі жұмыстарды іске асырып, өз бетімен орындайды. Оқушы үйренген
сөздерінен, тіркестерден өзінше тұжырым жасауға ұмтылады.
Бірінші сатыда оқушы мұғалім көмегімен бағдарлама бойынша тиянақты білім
алады, не оқыса, соны қайталап айтып береді, орындаушылық қызмет атқарады.
Екінші сатыда осы алған білімін тереңдетіп, түрлендіріп, өзгертілген
тапсырмалар орындау арқылы оқушы өз бетімен еңбек етеді. Үшінші сатыда
танымдық-іздену жолындағы тапсырмалар орындап, бала өз тұжырымын жасайды.
Сонымен педагогика ілімінде қолданылатын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту
дегеніміз – оқыту үрдісінің белгілі түрі және сапалы оқытуды ұйымдастыру
формаларының жиынтығы, оқыту жүйесі.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар –
бір жағынан, оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан, әдістемелік
міндеттерді жүзеге асырушы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Беспалько В,П. Слагаемые педагогической технологии. М, Педагогика. 1989.-
190 б.
2. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, Қазақ университеті, 1991.
20 бет.
3. Жұмабаев М. Педагогика Алматы, Рауан, 1993, 154 б.
4. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 1 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.
5. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 2 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.
6. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 3 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.
7. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 4 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.
8. Маманов Ы. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту. А, 1977. 71. бет.
9. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін
оқыту әдістемесі. Алматы. 1978, 56 б.
10. Савин Н.В. Педогогика, Алматы, мектеп, 1983, 336-б.
11. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. А, 1959.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz