Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін жаттау арқылы қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіруге арналған сабақ жоспары

Білім беру саласы : Қатынас

Оқу іс - әрекет түрі : Көркем әдебиет

Тақырыбы : А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін жаттау

Мақсаты : Балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктерін өлең жолдары бойынша түсіндіру. Қыс туралы білімін бекіту, сөздік қорын байыту. Өлеңді мәнерлеп айтуға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілі : Миға шабуыл, құрылымдалған шолу, мағынаны тану, кубизм, ой шақыру

Көрнекілігі : қыс көрінісі бейнеленген суреттер, қарлар.

Әрекет кезеңдері
Педагогтың іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы
Педагогтың іс - әрекеті:

Психологиялық сәт

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы күн, қайырлы!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Балалардың іс - әрекеті: Балалар бір-бірімен амандасады
Әрекет кезеңдері:

Ізденіс ұйымдастыру

шы

Педагогтың іс - әрекеті:

Миға шабуыл.

Шанамен зырғап, желдетіп,

Шаңғы, коньки тебемін.

Аққала жасап, ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Әңгімелесу.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста неше ай бар?

-Ай аттарын атайықшы?

Ой шақыру. Ассоцациялық әдіс .

Қар жауады Күн суытады

Аққала жасаймыз Сырғанақ тебеміз

Балалардың назарын қыс мезгілі бейнеленген бұрышқа аудару.

-Балалар, жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?

Құрылымдалған шолу.

- Бүгін біз А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. (А. Құнанбаевтың өмір жолына суретін көрсете отырып, шолу жасау)

-Енді, балалар, Абай атамыздың «Қыс» өлеңін бірге жатайық

Өлеңді мәнерлеп оқып беру

Мағынаны тану.

Сөздік жұмыс. Балаларға «ақ қырау», «сықырлап» деген сөздердің мағынасын сұрақ қоя отырып, түсіндіру.

Өлең жолдарын пихтограмма әдісі бойынша жаттату.

Сергіту сәті

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ

Су өтеді қолғаптан.

«Кубизм»

Кубикті тастау арқылы балалар әр қырында жазылған тапсырмаларды орындайды

  1. Криптограмма
  2. Жұмбақ
  3. «Қарама-қарсы сөздер» д/ойыны
  4. Жаңылтпаш айту
  5. Логикалық есеп
  6. Сәйкестендіру
Балалардың іс - әрекеті:

Балалар жұмбақтың шешуін табады

-Қыс

Сұрақтарға жауап береді

балалар қыс көрінісін әңгімелеп береді

мұқият тыңдайды

Балалар өлеңді қызыға жаттайды, жаңа сөздердің мағынасын меңгереді)

Қимылмен жасайды

Әрекет кезеңдері:

Рефлексивті - коррекциялау-

шы

Педагогтың іс - әрекеті:

Қорытындылау.

-Бүгін біз кімнің өлеңімен таныстық?

-Өлең қай мезгіл туралы айтылған?

-Қысты қалай суреттеген?

Өлең жолдарын бірге қайталайық

Балаларды мадақтау.

Балалардың іс - әрекеті:

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Өлең жолдарын бірге айтады

Күтілетін нәтиже: өлең жолдарын есте сақтаулары

Не білуі керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін

Нені игерді: жаңа сөздерді, өлең жолдарын жаттауды

Не үйренді: Сурет бойынша әңгіме құрай алады


Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін талдау және сын есімдерді оқытуға арналған сабақ жоспары
3-сынып Ана тілі сабағы: Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін оқыту жоспары
Ана тілі сабағы: Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін оқытуға арналған ашық сабақ
Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңіне арналған әдістемелік сабақ жоспары
Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңін сатылай кешенді талдау арқылы оқыту
Абай Құнанбаевтың өмірі мен Қыс өлеңіне арналған аралас сабақ жоспары
Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңі бойынша 3-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңі бойынша әдебиеттік оқу сабағы
Бастауыш сыныпқа арналған Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңі бойынша оқу-әдістемелік жоспар
3-сынып қазақ тілі: Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңі бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz