Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Инновациялық әдіс – білімді ұрпақ кепілі

Инновациялық әдіс - білімді ұрпақ кепілі

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім деңгейін көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Елбасы Н. Назарбаев <<Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі жас ұрпақ, ұстаздар оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр>> деген болатын. Қазіргі заман педагогінен тек өз мамандығының терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси - экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Сонда ғана заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісіне белсене қатысатын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұстаз бола алады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен <<ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры>> болғандықтан, педагогтерге компьютерлік сауаттылық қажет. Өйткені Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді.
Оқытудың ақпараттық технологиясы- бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер (кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б) Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары:
* Балалаларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында берілуге тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады
* Білімге бірі-бірінен алыс ара қашықтықта орналасқан оқу орнында отырып қол жеткізуге болады
* Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактив- ағылшынның <<өзара әрекет>> деген сөзінен шыққан. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Сонымен бірге сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс белсенділігін қалыптастырып қана қоймай, әрі қарай дамытады.
Теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені даусыз. Қазіргі қоғамда ақпараттық мәдениет пен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды. Оқу тәрбие үрдісінде балалардың танымдық белсенділіктерін ақпараттық технология арқылы дамыту төмендегідей мүмкіндік береді:
* Аудиовизуалды құралдарды қолдану оқу материалының мазмұнын түсінікті, қызықты етуге;
* Оқу материалын түрлі динамикалық суреттермен жан-жақты бірнеше қырынан түсіндіруге;
* Қарапайым жағдайларда қиындық туғызатын заңдылықтарды көрсетуге;
* Зертханалық жұмыстарды виртуалды түрде көрсетуге;
* Тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыруға;
* Баланың жас ерекшелігіне сай жағдай жасауға;
* Ақпаратық мәдениеттің дамуына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасауына ықпал етуге;
* Блок-сызба, диаграммалар жасауға;
* Тірек сызба, көрнекіліктер көрсетуге;
* Ойын арқылы оқытуға;
* Сөзжұмбақ, ребустар шешуге, т.б.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің бір сарындылығы баланы тез шаршатады. Сондықтан іс-әрекет формаларын түрлендіріп отырған дұрыс. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңінде балаға өтілетін материал төңірегінде ақпарат беру, оның практикалық бағыттылығын түсіндіру, тақырып бойынша бақылау мен диагностикалау формалары жүзеге асады. Тәжірибелік іс-әрекетте кейбір зертханалық жұмыстар көрсету мүмкін болмайды. Тығырықтан шығу үшін виртуалды зертхананы пайдалануға тура келеді.
Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі - мультимедиалық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттің жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әрбір оқу іс-әрекеттерін өтер алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиалық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.
Мультимедиалық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады. Екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді., сонымен қатар білім алу кезеңінде баланың белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиалық оқулықтар балаларға таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге яғни әдемілікке, әсемдікке әуес болады.
Сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін педагогтың үздіксіз ізденуі, шыңдалуы, шығармашылықпен айналысуы, білімін жетілдіруі қажет. Сондықтан ғалымдар жаңа технологияны ойлап табуда. Өйткені, жаңа оқыту технологиялары заман талабына сай білім беру бағытын өзгертеді. Өздігінен білім алуға, логикалық пайымдауға талдай, қорытындылай алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
<<Күрделі заманда жас ұрпаққа ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет>>- деп, Елбасы атап көрсеткендей, білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші- адам, сол себепті білімнің негізгі ұстанымдары іске асырылады. Осыған байланысты адамның шығармашылық әлеуетін дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы керек.
Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Балада танымдық қызығушылықтың болуы- олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тәуелсіз еліміздің ертеңі-жас ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ойлау қабілеті мен біліміне байланысты болады. Осы орайда егенменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдәс-тәсілдерін қолдана біліп, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.

Қызылорда облысы,
Қармақшы аудандық білім бөлімінің білім беруді дамыту секторының бас маманы Мария Төрешова Бегалықызы


Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы
Экономикалық білім беруде жаңа технологияның тиімділігі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудағы 7 модульдің тиімділігі
Колледж тынысы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары
ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологиялар
Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу жолдары
Критериалды бағалаудың міндеттері
Пәндер