Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Алмас қылышты ардагер (ел аузынан) 3-cынып. ана тілі
Пән мұғалімі: Оразалы Ақмарал
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы
Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: берілген мәтіннің мазмұнын ашу, Бөгенбай батыр туралы, батырлық туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: проблемалық жағдай туғыза келіп, оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, батылдықты бағалай білуге, ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың міндеттері: тарихи оқиғалар бойынша батырлар жайлы оқушыларға түсінік беру.Ерлік, батылдық пен батырлық тақырыбына байланысты әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып,сөйлеу қабілетін арттыру.Жағдаяттар арқылы қоршаған ортадағы проблемаларға төтеп бере алатындай жаттығулар жүйесін ұйымдастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, сызбалар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, сұхбаттасу, мәтінмен жұмыс, өзіндік жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ән- саз.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
ә) Көңіл-күй тренингі
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Отыруға тәртіпті
Дайындалдық бәріміз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
<<Халық қорғаны>> мәтіні, мазмұнын айту
1-деңгей: Қабанбайдың шын аты кім?
2-деңгей: Бұқар жыраудың Қабанбай туралы жырын білесің бе?
3-деңгей: Қаракерей Қабанбай туралы жазған мінездемені оқып бер.
Картамен жұмыс.
1724 жылы Түркістан қаласын қорғау шайқасы, 1728 жылы Балқаш көлінің оңтүстік өңіріндегі қол жеткен жеңістер, 80 күнге созылған Шорға соғысы, 1,5 жылға созылған Шаған шайқасы,1730 жылы жоңғарларды Іле өңіріне дейін қуып келу, одан кейін 1750 жылдың соңында Жоңғар қақпасына дейінгі аралықтағы ірі-ірі ұрыстардың бәріне дерлік осы Қабанбай бабамыз қолбасшылық етті.
Жаңа сабақ
Ой шақыру.
* Балалар, мен қазір жырдан үзінді оқимын. Мұқият тыңдап отырыңдар.
Батыр болып киелі,
Батыр болып бір кезде.
Батырлар бастапты.
Қарсыласқан дұшпанды
Қайратымен жасқапты.
Батырлар ғой, батырлар!
Жауға қарсы шапқанда
Халқын оңға бастапты.
-Балалар, бұл жыр кімдер туралы? Сендер батыр деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Қандай қазақ батырларын білесіңдер?
-Тұлғаны заман шығарады. Әрі сол уақытына сай қалыптастырады. Адам қабілеті қоғам қажетсінген күрделі жағдайды шешуге бейімделеді. Бұл өз кезеңінің тұлғаға жүктер міндеті. Жоңғар-қалмақ басқыншылығына қарсы Отан соғысы халқымыздан батырларды көп шығарды. Тіпті сол шақтағы қазақ жұртын бүтіндей батырлардан тұрады деуге де болғандай. Әлбетте, сол көп батырдың ішінде де дарасы, батырларға да батырлықтың өнегесін көрсететіндері болады.Сондай дарабоз батыр - Бөгенбай батыр.
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- Қанжығалы Бөгенбай туралы ел аузынан алынған <<Алмас қылышты ардагер>> мәтіні.
Сабағымыздың мақсаты- мәтінмен таныса отырып,Бөгенбай батырдың ерлігі туралы толығырақ мағлұмат алу және шығармашылықпен жұмыс жасау.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып беру. Іштей оқыту.Тізбектей оқыту. Мәтінді оқушыларға толықтай оқыту.
Дәптермен жұмыс. Күннің жадын жазу. Сөздік жұмыс жасату.
Мәміле- келісім.
Тоқырау - қиын жағдайға тап болу.
Уәж - сөз, пікір.
Ірігенді ширату - есі шыққан шұбырған елге ақыл, бағыт беру.
Буырқану - батылдану.
-Қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғаған, халық қорғаны, халықтың сүйікті ұлдарының бірі, батырлар әулетінің ұрпағы Бөгенбай батыр 1690 жылы Бөген өзенінің жағасында дүниеге келіпті. Ұлы атасы Әлдекүн еңсегей бойлы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Әлдекүннің баласы Ақша батыр Тәуке ханның 80 мыңдай қолын бастаған сардар екен.Әлдекүннен екі бала Әлібек, Ақша екеуі бір туысса керек.Ақшадан екі бала: Көлбай, Бөгенбай.
Топтық жұмыс. Тапсырмалар:
1 - топ: Бөгенбай батырдың ерлігі туралы айту.
2- топ: Бөгенбай батыр туралы жыр немесе мақал айту, өлең шығару.
3- топ: Бөгенбай батырды сипаттау, Бөгенбай сөзіне дыбыстық талдау жасау.
4 - топ: <<Халық қорғаны>> мен <<Алмас қылышты ардагер>> мәтінінсалыстыру. Батырлардың жаумен шайқасқан жер - су аттарын атап беру.
Сергіту сәті Көрініс көрсету <<Бөгенбай батырдың ерлігі>>
Бейнетаспадан Бөгенбай батырдың қолданған қару - жарақтарының қазіргі таңдағы жағдайы туралы бейне көрініс көрсету.
Ой - толғау. Өзіңді жас батырмын деп есепте. Халықты жауға қарсы күреске шақыру үшін қандай үндеу тастар едің?
Сабақты қорытындылау.
* Мәтінде ел басынан өткізген қандай кезең туралы айтылған?
* Мәтінде аты аталған батыр кім? Ол туралы не білдің?
* Мәтін ұнады ма? Несімен ұнады?
* Балалар, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, ұшса құстың қанаты талатын, шапса жүйріктің тұяғы мүжілетін кең байтақ қазақ жерін жат жерліктерден қорғаған батыр бабаларымызды еліміздің егемендігі үшін жасаған ерліктері үшін бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
Батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алу.
* Сабағымызды еліміздің тыныштығы үшін <<Өз елім>> әнімен аяқтаймыз.
Ән <<Өз елім>>
Оқушыларды бағалау.(Қызыл жұлдызша- 5, көк жұлдызша - 4)
Үйге тапсырма: мәтіннің мазмұнын айту, жырдан үзінді жаттау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz