Германияның экономикалық – географиялық жағдайы.табиғат жағдайлары мен ресурстары. халқы. 11-сынып, жаратылыстану-математика бағыты

Күні:18. 11. 13ж.
Сынып: (11 - сынып жаратылыстану - математика бағыты)
Тақырыбы: §4. Германияның экономикалық - географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
Мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға Германияның экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік- дағдыны қалыптастыру.
Ә) Тәрбиелік: қосымша ақпарат көздерінің көмегімен Германияның ірі қалаларымен, неміс халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
Б) Дамытушылық: Оқушыларды ізденіске, еңбекқорлыққа, іскерлікке, қиындықты ойлана отырып шешуге, логикалық ойлауын дамыту, география пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: конференция сабақ, рольдік ойын, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, слайд, видеоролик.
Барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу және бағалау критерийлерімен таныстыру.
ІІ. Зерделілік блогы: «Еуропаның шаруашылығы». « Ең, ең. . . . . . . » сұрақтарын қою.
- Қазіргі кездегі Еуропа экономикасының ең басты ерекшелігі? (шаруашылықтың батыс пен орталықта басым шоғырланып, біртұтас Еуропалық экономикалық орталықтың құрылуы)
- Еуропадағы өнеркәсіптің ең жетекші саласы? (машина жасау)
- Бүкіл дүние жүзіндегі ең «химияландырылған» ел? (ГФР)
- Еуропаның негізгі энергетикалық ресурсы? (көмір)
- Еуропадағы энергия өндіруде АЭС ең көп елі? (Франция 40)
- Аймақ бойынша энергия өндіруде СЭС негізделген елі? (Скандинавия елдері)
- «Мұз бен от елі» немесе геотермалдық энергияға бай елі? (Исландия)
- Еуропа бойынша қара металлургияның ең ірі комбинаты қай елде? (Италия)
- Түсті металлургияның аса маңызды саласы? ( алюминий және мыс өнеркәсібі)
- Еуропаның «орман цехы» немесе ағаш өнеркәсібі ең дамыған елдері? (Швеция, Финляндия)
- Ең алғашқы жеңіл өнеркәсіп орталықтары қандай елдерде дамыды? ( Ұлыбритания, Бельгия, Франция, Италия, Польша, Ресей)
- «Еуропаның сүт фабрикасы» атанған елі? (Дания)
- Еуропаның ең ірі порты? (Роттердам)
- Жүк тасымалында ең маңызды өзені? (Рейн өзені)
- Ғылыми-зерттеу орталығының ең ірісі? (Ұлыбритания - Кембридж)
- Аса ірі қаржы орталығы немесе «банкир елі»? (Швейцария, Цюрих қаласы)
- Дүние жүзіндегі туристер ең көп баратын елі? (Франция, жыл сайын 77 млн жуық)
- Еуропаның ең ірі бұғазы? (Ла-Манш)
ІІІ. Ақпарат блогы. Германияның әнұраны орындалады. Оқушылар рөлге еніп, берілген тапсырмаларын қорғайды.
Жоспары:
1. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы, аумағының құрамы -
Германия Сыртқы істер министрі
2. Табиғат ресурстары - Энергетика министрі, Спорт және туризм министрі
3. Табиғат қорғау - Қоршаған ортаны қорғау министрі
4. Халқы - Демограф
5. Сыртқы экономикалық байланыстары - ҚР баспасөз хатшысы
ІҮ. Жаттығу блогы.
1) Картамен жұмыс. Германияның географиялық орнына жоспар бойынша сипаттама беру.
А) Физикалық - географиялық орны
Ә) Көршілес елдері
Б) Құрлық және теңіз көлік жолдарына қатысы
В) ЭГО -ның ел шаруашылығының дамуы мен орналасуына әсері
2) Оқулық және дәптермен жұмыс. Пайдалы қазба кестесін толтыру.
- «Автор орындығы» «Егер де мен. . . » - Германия халқы
А) Экономикасы жоғары дамыған, халқының әлеуметтік тұрмысы өте жақсы, бірақ өлім көрсеткіші жоғары. Қандай пікір айтасыз?
Ә) Қазіргі кезде еңбек ресурсының 30%-ы өнеркәсіп пен құрылыс саласында, 50% қызмет көрсету сферасында жұмыс жасайды. Жалдамалы жұмысшылар арасында шетел жұмысшыларының саны артуда. Берліген мәлімет негізінде сіздің көзқарасыңыз?
Ү. Білімді есепке алу блогы: «Кубизм» стратегиясы.
1. Суретте: Германия қандай елдермен шектеседі?
2. Елестет: Туристік саяхатқа Германияны таңдадыңыз? Неліктен?
3. Анықтама: репатриант, агломерация ұғымына түсінік бер.
4. Талда: 92%, 2, 5%, 1%
5. Салыстыр: Германия аумағындағы халықтың орналасу тығыздығына қандай факторлар әсер етеді?
6. Әңгімеле: Германия қандай табиғат ресурстарына бай?
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: §4. Германияның көлік маркалары туралы мәлімет алып келу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz