Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

"кесте тігу өнері. "

Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназия


Тақырыбы: Кесте тігу. Айқас, тізбек тігістерін орындау.
Пәні: Технология
Сыныбы: 5 <<ә>>
Мұғалім: Ешпанова Л.Ш.

Қызылорда қаласы, 2013ж.

І. Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу. Айқас, тізбек тігістерін орындау.
ІІ. Сабақтың мақсаты: көркемдік көктеу тігінің түрлерін тігіп үйрену және оларды қолдану орнымен танысу.
А) Білімділік мақсаты: кестенің түрлерін, тұрмыста қолданылу ретін көрнекіліктер арқылы көрсету, таным деңгейін арттыру.
Ә) Дамытушылық мақсаты: көктеу тігістерін көркемдік тігістерден ажырата білу, тігісті әсем етіп орындау қажеттілігін қалыптастыру.
Б) Тәрбиелік мақсаты: кесте өнерінің ертеден келе жатқан ұлттық өнердің қастерлі бөлігі екендігін түсіндіру, қазақтың инабатты қызының рухында тәрбиелеу, әсемдікке, биязылыққа, еңбекті сүюге, үй тұрмысына бейімділікке үйрету және қызықтыру.
Сабақтың әдісі: баяндау, демонстрация, сұрақ - жауап, теориялық білім және сармандық жұмыс.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:қайшы, түсті кесте жіптері, инелер ине қыстырғышта, бір түсті мата, түсті бор, қалам, фломастер, сызғыш, оймақ, сантиметрлік таспа, кестелер эскиздері, кергіш, жақтаулар, канва.
ІІІ. Көрнекілігі: кестелі бұйымдар, слайдтар, буклеттер, дайын бұйымдар.
Әдістемелік дидактика:
1. <<Технология 5>> 2010ж.
2. <<Пайдалы кеңестер>> журналы, слайд.
3. Үлгі мен бұйымдар.
ІҮ. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті, тарих, математика.
3. Үлгі мен бұйымдар.
Ү. Сабақтың барысы мен мазмұны:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3. Оқушы білімін анықтау.
4. Негізгі бөлім. Сарамандық жұмыс.
5. Сергіту сәті.
6. Сабақты бекіту бөлімі
7. Қорытынды бөлім, үйге тапсырма.

І бөлім. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, ой қозғау, кіріспе.
ҮІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. Қол тігістерінің қандай түрлері бар?
2. Екі бөлшекті қосу үшін қандай тігістер қолданылады?
3. Көрінбейтін тігістерді қай кезде қолданамыз?
4. Көркемдеуші жіп пен көктеу жібінің айырмашылығы қандай?
5. Сабақтаулы ине тігілер алдында матаға қалай бекітіледі?
ІІ бөлім. Оқушылардың білімін қалыптастыру және тақырып мазмұнына бойлау
ҮІІ. Жаңа тақырып.
Адам баласы табиғаттан да, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде де әдемілік пен жарасымдылықты таңдайды. Біздің жүрген ортамыз - үй, көше, дала, үстіміздегі киіміміз, жүріс-тұрысымыз бен қылығымыз, іс-әркеттеріміз - бәрі де әдемі болу керек. Осы әдемілікке біз де үлесімізді қоса аламыз.
Кесте - сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте - тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.
Оқушы білімін тексеру.
* Кесте дегеніміз не?
* Кестені қалай орындайды?
* Кестелі бұйымдарға нелер жатады?
- Өздерің кестенің қандай түрлерін орындай аласыңдар?
Бұйымдардың демонстрациясы, слайд-шоу.
Байқап қарасақ, біздің үй-тұрмысымызда тұтынатын бұйымдарымыз - сулық, майлық, қол сүлгі, терезе пердесі, жастық тыс, сейсеп, ақ жайма, жастық жапқыш, сәндік киімдерді, қабырғалық суреттерді т.б. көптеген бұйымдарды әсемдеуге болады екен.


Канва матасында орындалатын айқас тігісті кесте эскизі.

Славяндық стильдегі алжапқыштардың кестеленіп сәнделуі.

Дәстүрлі өнер туындысы- дизайнерлің диван жастықшасы.

ІҮ бөлім. Іскерлік әлеміне саяхат
Негізгі бөлім: оқулықта берілген нұсқаулық бойынша кесте тігісінің 4-5-6 түрлерін орындау техникасы.
Ескерту! Ине мен жіпті қолданған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер.
* Инені арнайы қыстырғышта сақта;
* Қайшыны,инені біреуге ұсынғанда ұшын өзіңе қаратып ұста;
* Инені аузыңа салма;
* Қайшымен қиған кесде, сол қолыңдыжаралапалма!
4- әдісті тігу технологиясы.
------------------------------------------------------
------------------------------------------------------
Алдымен бірінші жолда көрінетін адымдармен көктеу тігісін орындаймыз. Екінші жолды тігу үшін осы тігістің тұсында 2 см жерден тағы да көктеу тігісін жүргіземіз.
Енді басқа түсті жуан жіпті инеге сабақтап алып, инені көктеу тігістерінің бір шетіне бекітіп алып, көрінетін адамдардың арасынан арлы - берлі өткізе отырып Х тәрізді көркемдеуші тігістерді орындаймыз.

ХХХХХХХХХХХХХХХ
5 - әдісті тігу технологиясы
Көркемдік көктеу тігісінің бұл түрі де екі жолдан бастап тігіледі. 4 түрден айырмасы, екінші жолдағы көктеу тігісін тұсына емес, екі адымның ортасына туралап тігеміз. Көркемдеуші жіпті жүргізгенде суреттегі фигура сияқты трапеция болып көрінеді.



6- әдісті тігу технологиясы
Бұл тігісті орындау дегеніміз - алдыңғы екі тігістің қосаланған түрі десе де болады.
Ол үшін матаға үш жерден көктеу тігісін жүргіземіз. 1-3 жол тұспа-тұс тігіледі де 2 жол қиылысып тігіледі. Көркемдеуші жіп екі қатар жүргізіледі.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Ү бөлім. Шеберлік пен дағдыны шыңдау және қалыптастыру
Сарамандық жұмыс бөлімі.
Оқушылар берілген нұсқаулық бойынша көркемдік көктеу тігісінің 4-5-6 түрлерін орындайды. Таратпа карталарға оқушылар орындайтын тігістің эскизін салып отырады. Жұмысты ұқыпты әрі тез орындаған оқушыға жеңімпаз жалауы беріледі.

1- тігіс түрі
2 тігіс түрі
3 тігіс түрі
4 тігіс түрі
5 тігіс түрі
6 тігіс түрі

---------------

--------------------------------------------------------------------------------

-------------------

ХХХХХХХ



--------------------------------------------------------------------------------

------------------
--хххххххх---------------------

ҮІ бөлім <<Алтын балдақ қол сәні, Әшекей кесте тон сәні>>
Сергіту бөлімі.
Мақалдың жалғасын тап.
Кесте туралы
* Кестенің сыры түрінде, Кілемнің сыры ................... (түгінде)
* Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз .......................(сынайды)
* Қыз еркем, кестесімен ........................... (көркем)
* Ұл еркем, өрнегімен .............................. (көркем)
Шебер туралы
* Шебердің қолы ................, шешеннің тілі ....................(ортақ)
* Шебер қол шет ..................(қалмайды)
* Шеберді өнер ......................(асырайды)
* Шебердің ісі ..............., шешеннің сөзі .................(мерген)
* Шеберлік шексіз .....................(байлық)
Ине туралы
* Жолды инемен өлшемес ................(болар)
* Көк инемен көктеу ..........................(білмеген)
* Білім - инемен .........................(құдық қазғандай)
* Іздей білген ирімнен де ине ...............(табады)
Мата туралы
* Мақал атасы- сөз, мата атасы -..............(бөз)
* Жүніне қарай матасы, теміріне қарай .......... (балтасы)
Оймақ туралы
* Оймақтай зат пішсең де, ойлап..................(піш)
* Тігінші тігіншіні оймағына қарап............(таниды)
* Орақ ұстап әкең қалғанша, оймақ ұстаған шешең .....................(қалсын)
Өрнек туралы
* Өлең мен еңбек- өмірге ...................(өрнек)
* Жоғарыға қарап өрнек ал, Төменге қарап ғибрат.................(ал)
ҮІ бөлім Алған білімдерін бекіту
+ Кестелі бұйымдардақандай ерекшеліктер бар?
+ Көркемдік көктеу тігісінің 4 - әдісін қалай тігеді?
+ 6 - әдісті тігуді неден бастаймыз?
+ <<Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген>> деген мақалды қалай түсінесің?
Қорытынды
* Бүгінгі сабақ туралы 1-2 оқушы пікірін тыңдау.
* Үлгілі жұмыстарды көрмеге алу.
3. Қалған оқушыларға жұмысты үйден аяқтап келуге тапсыру
Х. Сабақты бекіту. Тарау бойынша тест жұмысы.
1.Қандай маталарды кестелеуге қолданады?
2. Түйінді қалай бекітеді?
3. Айқас тігісі қалай орындалады?
4. суретті қалай көшіреді?
5. Кестелі бұйымдарды қалай күтеді?
6. Құрал- саймандарды, құрылғыларды атаңдар?
ХІ. Қорытынды.
Кестелеу өнері- бейнелеу өнері мен қолөнерінің қосындысы деп атайды.
ХІІ. Үйге тапсырма.
Өзіндік жұмысты аяқтау.

Сабақты бекіту бөлімі.
Өзіңді тексер! Кестені толтыр.
Аты- жөні: Сыныбы :
Не? Нені білдім?
Қандай түрлері бар?
Сипаты
Не үшін қажет?
Қай жерде қолданады?
Нені үйрендім?
Нені үйренемін?




Ұқсас жұмыстар
Кесте тігу
Қолөнері кестеде
Жіппен бейнелеу түрлерін тігіп үйрену
Жоба бойынша кестелеп тігу
Тері өңдеу өнері
Қазақ халық қолөнері мен шеберлері
Сәукеле тігу. Ұлттық бас киім түрлерімен таныстыру
Кестелі тақия тігу
Жиһазға арналған жастықша тігу
Қағаздан ыдыс құрастыру
Пәндер