Дүниетану пәні бойынша тест жинағы. 4-сынып

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ақтау орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы

Дүниетану пәні бойынша тест жинағы

(4- сыныпқа арналған)

2012-2013 оқу жылы

Бастауыш әдістеме бірлестігінің кеңесінде қаралып, басылымға ұсынылды.

Хаттама№3, 5 ақпан 2013 жыл

Құрастырушы:

Шандаева Ә. Ғ. Бастауыш сынып мұғалімі

Пікір жазғандар:

Иргалиева Б. Ж. Оқу ісінің меңгерушісі

Әдістемелік кеңес берушілер:

Медетова М. А. Аудандық білім беру бөлімінің

әдіскері

Жинақ 4 сынып оқушыларының жүйелі де, терең ойлауын, есте сақтау қабілеті мен құзіреттілігін дамытуға арналып құрастырылған.

3-4 сыныптың Дүниетану пәнінің мазмұны мен бағдарламасының талаптары толық қамтылған.

Бастауыш буын мұғалімдеріне дайын тестілердің

қажеттілігі мол деп есептелінген.

Түсінік хат

Дүниетану пәні бойынша тестілер жинағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының міндеттері мен талаптарын ескере отырып құрылды.

Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты-оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту. Осы мақсаттың орындалуына құрылған дүниетану бойынша ұсынылып отырған тест тапсырмалар мазмұнының сипаттамасы:

  • оқушының қоршаған орта туралы ;
  • жер бетіндегі адамзат және табиғат туралы білім;
  • еліміздің экономикалық сипаттамасы;
  • шаруашылығы туралы білімдерін жетілдіреді

Тест сапалы да, нәтижелі болу үшін сұрақтары дәл, анық, ұғымды, әрі қысқа. Яғни, ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, шама-шарқына қарай құрастырылған. Тестінің соңғы тапсырмалары логикалық, танымдық ойлау қабілетіне берілген. Тест 3-4 сынып оқушыларының бастауыш буында алған білімдерін бақылауға және мемлекетаралық бақылау кезінде көмек құралы ретінде ұсынылады.

Тест түрі:

А. Жауап таңдау тесті - берілген үш жауаптың дұрысын табу арқылы оқушының ойлау қабілетін дамытуға негізделді.

Тапсырма формасы:

Берілген үш жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау, берілген сұрақтарға бірден жауап жазу.

Нұсқау: “Таңдаған жауапты дөңгелекше арқылы белгілеуі қажет”

Тесттерді құрастыру және пайдалану кезінде ескерілетін ұйымдастырушылық талаптар:

  • Сыналушының ешқайсысына артықшылықтар берілмейді. Барлығы бірдей жағдайда, бірдей сұрақтарға жауап береді.
  • Алдын-ала дайындалған нәтижелерді бағалау шкаласы барлығына бірдей қолданылады.
  • Нәтижелердің бұрмалауын болдыртпау шаралары қолданылады.

(біреуден көшіру, біреуге айту т. б. )

  • Тест материалының мазмұны туралы хабарлардың алдын-ала таралуына жол бермеу.

Тапсырмаларды орындау уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт - 1, 5 минут

Тестінің толық орындалу уақыты - 45 минут.

Тест жинағын пайдалану мерзімі:

Тараулар біткенде немесе тоқсан аяғында оқушы білім деңгейін тексеруге арналған.

3 сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру барысындағы тест тапсырмалары

І нұсқа

  1. Иіс сезу мүшесін көрсет.

а) мұрын

ә) құлақ

б) тері

  1. Табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдарын қалай атайды?

а) тәжірибе жасау

ә) бақылау әдісі

б) зерделеу

  1. Дені сау адамның тамыры неше минутта неше рет соғады?

а) 2 минутта 40-50 рет соғады

ә) 3 минутта 20-30 рет соғады

б) 1 минутта 60-80 рет соғады

  1. Адамда қанша жұп қабырға болады?

а) 12 жұп

ә) 14 жұп

б) 16 жұп

  1. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

а) 35-36

ә) 33-34

б) 23-25

  1. Дене деп нені атаймыз?

а) заттар

ә) тәжірибелер

б) Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрін атаймыз.

  1. Ауаның температурасын қандай аспаппен өлшейді?

а) термометр

ә) сағат

б) метр

  1. Денелер нешеге бөлінеді?

а) 3

ә) 2

б) 4

  1. Белгілі бір заттың өлшемі кішірейтілгенін көрсететін санды қалай атайды?

а) сантиметр

ә) метр

б) масштаб

  1. Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін қалай атайды?

а) географиялық карта

ә) физикалық карта

б) саяси карта

  1. Адам, жануар және өсімдік несіз тіршілік ете алмайды?

а) сусыз

ә) ауасыз

б) тамақсыз

  1. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай атайды?

а) боран

ә) тұман

б) жел

  1. Желдің күші мен бағытын ауа райын бақылайтын станцияларда қандай арнаулы құралмен анықтайды?

а) желбағар

ә) ұзындық

б) термометр

  1. Пішініне қарай бұлт неше түрге бөлінеді?

а) 5

ә) 4

б) 2

  1. Жауын-шашынның түрлерін көрсет.

а) тұман

ә) шық

б) жаңбыр, қар, бұршақ

  1. Ауа райының жай-күйін қайда бақылап отырады?

а) метеорологиялық станцияларда

ә) ауа райы карталарында

б) қондырғыларда

  1. Әр адам тәулігіне неше литр ауа жұтады?

а) 20 литр

ә) бірнеше мың литр

б) 500 литр

  1. Жер бетіндегі ең көп таралған зат - . . .

а) құс

ә) топырақ

б) су

  1. Табиғатта су үш күйінде болады. Соны көрсет.

а) сұйық, қатты, газ

ә) ащы, тұщы, сұйық

б) таза, қатты, газ

  1. Біздің заманымызда өзен суының күшін пайдаланып нені өндіреді?

а) жер асты суын

ә) электр энергиясын

б) жылуды

ІІ нұсқа

  1. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге неше литр су жұмсайды?

а) 2-3 литр

ә) 4-5 литр

б) 10-20 литр

  1. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер қалай аталады?

а) топырақ

ә) тау жыныстары

б) құм

  1. Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?

а) құм

ә) саз

б) тас көмір

  1. Жерден қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын қалай атайды?

а) пайдалы қазбалар

ә) топырақ

б) тамыр

  1. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?

а) 5

ә) 3

б) 7

  1. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты қалай аталады?

а) құм

ә) саз

б) топырақ

  1. Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы неде?

а) құнарлылығы

ә) түсі

б) түрі

  1. Бұталар тобын қандай өсімдік құрайды?

а) қырыққұлақ

ә) итмұрын

б) картоп

  1. Өсімдіктің айналасындағының барлығын қалай атайды?

а) ішкі орта

ә) құрғақшылық

б) сыртқы орта

  1. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді көрсет.

а) бақбақ

ә) жантақ

б) жолжелкен

  1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді көрсет

а) беде

ә) жантақ

б) жолжелкен

  1. Суыққа төзімді өсімдіктерді көрсет.

а) жолжелкен

ә) бақбақ

б) бидай

  1. Жылу сүйгіш өсімдіктерді тап.

а) мақта

ә) бидай

б) жолжелкен

  1. Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді тап.

а) өгейшөп

ә) саумалдақ

б) мақта

  1. Көбелек немен қоректенеді?

а) балмен

ә) шөппен

б) гүл шырынымен

  1. Қоңыз, көбелек, бал арасы қандай топқа жатады?

а) бунақденелілер

ә) сүтқоректілер

б) жыртқыштар

  1. Жүзім ұлуы немесе бақ ұлуы немен қоректенеді?

а) сумен

ә) ағаш жапырақтарымен

б) балықтармен

  1. Денесінің сырты-үнемі ылғалданып тұратын жұқа, жалаңаш тері. Одан ауа жақсы өтеді. Бұл қандай жәндік?

а) өрмекші

ә) жүзім ұлуы

б) шұбалшын

  1. “Қызыл кітап” қашан және қайда шықты?

а) 1996 жылы Қазақстанда

ә) 1999 жылы Ресейде

б) 1994 жылы Орынборда

  1. Теңіз түбінде қандай балық тіршілік етеді?

а) жетісу бақатісі

ә) камбала

б) бекіре

ІІІ нұсқа

  1. Отбасына кімдер жатады?

а) әке, ана, бала

ә) нағашы, ата, бала

б) әже, тәте, апа

  1. “Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады” деп конституцияның нешінші бабында көрсетілген?

а) 12-бабында

ә) 27-бабында

б) 19-бабында

  1. “Қонақ” деген кім?

а) бейтаныс адам

ә) таныс адам

б) арнаулы шақырылатын жора-жолдас, туыс-туған

  1. “Соғым басы” деген не?

а) қыстық соғымнан дәм татқызу

ә) бесбармақ

б) шілдехана

  1. Төс пен асықты жілікті кімге береді?

а) қызға

ә) күйеуге

б) балаға

  1. Құйымшақты кімге береді?

а) күйеуге

ә) балаға

б) қызға, келінге

  1. Ең мейірімді, сезімтал, нұрлы, шуақты, аяулы жан кім?

а) ұстаз

ә) ана

б) әже

  1. Ертеде баланы неше жастан атқа мінгізген?

а) 10 жастан

ә) 4-5 жастан

б) 8-9 жастан

  1. Республикамызда қаншадан астам Оқушылар сарайы қызмет етеді?

а) 60-тан астам

ә) 90-нан астам

б) 300-ден астам

  1. Бие байлап, алғашқы қымыз ашытылған соң екі-үш күн бойы жинаған қымызға ақсақалдарды, туыс-туғанды, көрші-қолаңды шақырады. “Көпке бұйырсын!” деген тілекпен салтанатты түрде қымыз ұсынылады. Бұл қандай дәстүр?

а) қымызмұрындық

ә) шұбат

б) сусын

  1. “8 наурызды бүкіл әйелдердің тең құқықтық үшін күрес күні” деп атап өтуді ұсынған кім және қай жылы?

а) 1920 жылы Гете

ә) 1910 жылы Клара Цеткин

б) 1846 жылы А. Құнанбаев

  1. Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күнін көрсет?

а) 2 мамыр

ә) 3 мамыр

б) 1 мамыр

  1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін көрсет.

а) 16 желтоқсан

ә) 15 желтоқсан

б) 25 қазан

  1. Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қарай неше километрге созылып жатыр?

а) 1000 км

ә) 1600 км

б) 2000 км

  1. Қазақстан батыстан шығысқа қарай неше километрге созылып жатыр?

а) 4000 км

ә) 5000 км

б) 3000 км

  1. Кең-байтақ өлкеміздің жер көлемін тап.

а) 3 млн шаршы

ә) 2 млн шаршы

б) 1 млн шаршы

  1. Орыс әскерлері Нұра өзенінің бойындағы Ақмола деген жерге қай жылы келіп тоқтайды?

а) 1910 жылы

ә) 1830 жылы

б) 1890 жылы

  1. Қазақстан Республикасының астанасын көрсет.

а) Алматы

ә) Атырау

б) Астана

  1. “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі” деп конституцияның нешінші бабында көрсетілген?

а) 7-бабында

ә) 12-бабында

б) 15-бабында

  1. “Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы” деп конституцияның нешінші бабында көрсетілген?

а) 14-бабында

ә) 36-бабында б) 19-бабында

3 сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру барысындағы тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары

Нұсқа: Нұсқа
1: 1
2: 2
3: 3
4: 4
5: 5
6: 6
7: 7
8: 8
9: 9
10: 10
11: 11
12: 12
13: 13
14: 14
15: 15
16: 16
17: 17
18: 18
19: 19
20: 20
Нұсқа: І
1: А
2: Ә
3: Б
4: А
5: Ә
6: Б
7: А
8: Ә
9: Б
10: А
11: Ә
12: Б
13: А
14: Ә
15: Б
16: А
17: Ә
18: Б
19: А
20: Ә
Нұсқа: ІІ
1: А
2: Ә
3: Б
4: А
5: Ә
6: Б
7: А
8: Ә
9: Б
10: А
11: Ә
12: Б
13: А
14: Ә
15: Б
16: А
17: Ә
18: Б
19: А
20: Ә
Нұсқа: ІІІ
1: А
2: Ә
3: Б
4: А
5: Ә
6: Б
7: А
8: Ә
9: Б
10: А
11: Ә
12: Б
13: А
14: Ә
15: Б
16: А
17: Ә
18: Б
19: А
20: Ә

4 сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру барысындағы тест тапсырмалары

1-нұсқа

1. Әлемнің жеті кереметіне жатады:

а) Байқоңыр космодромы ә) Қуыршақтар театры б) Семирамида бағы

2. Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын қалай атайды:

а) тау ә) жазық б) жыра

3. Шаруашылыққа өте зиянды:

а) жыра ә) сай б) көл

4. Қазақстанның тауларына жатады:

а) Кавказ, Қырым ә) Алтай, Гималай б) Тянь-Шань, Алатау

5. Қазақстанның бұрынғы астанасы қай таудың етегінде орналасқан

а) Іле Алатауы ә) Алтай б) Сарыарқа

6. Металл алу үшін ең алдымен кенді бос тау жыныстарынан бөліп алады. Ол қалай аталады?

а) кенді байыту ә) металды балқыту б) пайдалы қазбаны табу

7. Металдар болады: а) ақ және қара ә) қара және түсті б) ақ, қызыл

8. Масштаб дегеніміз:

а) жер бетіндегі қашықтықтың өлшемі кішірейтіліп көрсететін сан.

ә) қалалардың арасындағы сан

б) картадағы қашықтықтың өлшемін көрсету

9. Жер бетінде ауа қалай жылынады ?

а) су арқылы ә) адам арқылы б) топырақ арқылы

10. Жүрек қандай еттен тұрады?

а) жұмсақ еттен ә) сіңірден б) қалың бұлшық еттен

11. Судың қасиетін ата.

а) ақ, мөлдір, жанғыш, иісі бар

ә) түссіз, мөлдір, иіссіз, аққыш

б) лай, иіссіз, жабысқақ

12. Жылтыр тастың бетіне жабысып өсетін өсімдік:

а) қына ә) итмұрын б) жалбыз

13Өлі табиғатқа нелер жатады?

а) адам, аспан, ай ә) ауа, топырақ, күн б) жануар, өсімдік, жер, су.

14Адамның ішкі мүшелерін ата.

а) ми, өкпе, жүрек, бауыр, қарын ә) бас, мойын, қол б) аяқ, кеуде

15. Жауын-шашынның түрлері:

а) шық, найзағай ә) тұман, бұршақ б) жаңбыр, қар, бұршақ

16. Тас көмірдің басты кен орындары:

а) Қарағанды, Екібастұз ә) Жезқазған, Көкшетау б) Қостанай, Алматы

17. Ю. А. Гагарин ғарышқа қашан ұшты?

а) 1961 жылы 12 сәуір ә) 1960 жылы 12 сәуір б) 1990 жылы 12 сәуір

18. Қайнағанда ауа қалай өзгереді?

а) Оның түсі өзгереді ә) Ол ауыр болады б) Ол буға айналады

19. Жыл сайын Жер қайсысын бір рет толық айналып шығады:

а) Марсты ә) Күнді б) Айды

20. Көрсетілген заттарды лақтырғаннан кейін қайсысы тез шіриді?

а) шыны бөтелке ә) пластикалық бөтелке б) алма қалдығы

II-нұсқа

1. Тірі табиғатты белгіле.

А) өсімдік, аспан, жер ә) жануар, күн, ай, өсімдік б) адам, жануар, өсімдік

2. Адам денесінің тірегі-

а) аяқ, қол ә) жұлын б) қаңқа

3. Вавилондағы жеті кереметтің бірі

а) Александрия манары ә) Зевс мүсіні б) Семирамиданың аспалы бағы

4. Ауа температурасын өлшейтін құрал

а) сантиметр ә) термометр б) желбағар

5. Ең құнарлы топырақты белгіле

а) қарашірік ә) күлгін б) қара

6. Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?

а) крахмал ә) қоректік зат б) хлорофилл

7. Жарық пен жылудың көзі не?

а) күн ә) газ б) электр қуаты

8. Жерге ең жақын жұлдыз қалай аталады ?

а) ай ә) Темірқазық б) күн

9. Биіктен құлап ағатын суды не деп атаймыз?

а) бұлақ ә) сарқырама б) жаңбыр

10. Жер шарында неше мұхит бар ?

а) 4 ә) 6 б) 3

11. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер:

а) жантақ, сүттіген ә) жалбыз, жоңышқа б) сұлы, арпа, бидай

12. Еліміздің бай табиғи аймақтарын сақтау үшін

а) табиғаты ғажап жерлері бар ә) мемлекеттік қорықтары бар

б) салт-дәсттүрлері бар

13 Дала өсімдігін ата.

а) селеу ә) жусан б) қарағай

14. Қуаң даланың сортаң жерлерінде өсетін өсімдіктерді белгіле.

а) боз, бетеге, жусан ә) қазжуа, жауқазын б) қаражусан, көкпек, теріскен

15. Шөлді жерді мекендейтін жануарларды ата

а) қасқыр ә) арқар б) кесіртке

16. Шағын қоғам деп нені атаймыз?

а) мемлекет ә) мектеп б) отбасы

17. ”Аққан жұлдыздар” деп жүргеніміз не?

а) метеориттер ә) Шолпан б) жұлдыз

18. Ауа қопасындағы ең көп газ

а) оттегі ә) көмірқышқыл газы б) азот

19. Мына жануарлардың қайсысы жұмыртқа салмайды ?

а) тауық ә) ит б) тасбақа

20. Сабын көбіктерінің ішінде не болады?

а) ауа ә) сабын б) су

III-нұсқа

1. Қазақстан қай материкте орналасқан?

А) Евразия ә) Азия б) Европа

2. Жердің кішірейтілген үлгісін не деп атайды?

а) шар ә) глобус б) жер

3. Жер қанша сағатта өз білігінен толық бір рет айналып шығады?

а) 20 сағ. ә) 24 сағ. б) 48 сағ

4. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?

а) 4 ә) 6 б) 5

5. Қай ел таяу шетелге жатады ?

а) Ресей ә) Қытай б) Иран

6. Шалғын өсімдігін тап

а) қайың ә) бетеге б) тышқанбұршақ

7. Шөлде өсетін өсімдіктерді тап

а) боз ә) бетеге б) селеубояу

8. Европа мен Азияны бөліп тұрған тау

а) Алтай ә) Тянь-Шань б) Орал

9. Алғашқы адамдардың баспанасы

а) саяжай ә) үңгірлер б) там үйлер

10Ұлттық валюта қашан енді ?

а) 1990 жылы 1шілде ә) 1994 жылы 1 тамыз б) 1993 жылы 15 қараша

11. Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы кім?

а) Президент ә) Депутат б) Әскери адам

12. Көкжиек - бұл . . .

а) кеңістіктің көзге көрінерін шегі

ә) сені қоршап тұрған орта б) көкжиек тұстары

13. Физикалық картада Қазақстанның қай жерлері тегіс жазық ?

а) Алатау, Тянь-Шань, Алтай ә) Орталық Қазақстан

б) Каспий мен Арал теңізінің маңы.

14. Көне теңіз жәндіктерінің бақалшақтарынан құралған не ?

а) мәрмәр ә) асбест б) ұлутас

15. Қорғасыннан не жасалады?

а) электр кабелінің сырты қапталады ә) леген, шелек б) қасық, шанышқы

16. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

а) мыс, қорғасын ә) темір кені б) тас көмір, мұнай

17. Біздің еліміздегі мұнай мен газдың ең бай жері:

а) Қарағанды ә) Каспиий маңы мен Маңғыстау б) Қостанай

18. Қазақстапн жер қойнауын алғаш зерттеген ғалым кім?

А) Ыбырай Жақаев ә) Қаныш Сәтбаев б) Әбіш Кекілбаев

19. Жануарлардың қайсысы тек қана өсімдіктермен қоректенеді?

а) мысық ә) ит б) қоян

20. Қай топ қатары тірі табиғатқа жатады?

А) қоян, тұқым, құс ә) тұқым, құс, жел б) бұрқасын, от, қоян

IV-нұсқа

1. Табиғат құбылысына жататындар:

А) жер, адам, өсімдіктер ә) жануарлар, өзен, көлдер б) күннің күркіреуі, судың қатуы

2. Орман қай кезде сұлу болады?

А) жазда ә) күзде б) қыста

3. Қарағанды облысындағы Тесіктас деген үңгір қай тауда орналасқан?

а) Қарқаралы

ә) Қотыр қызылтау

б) Жамбыл тауы

4. Табиғат перзенті

а) жануарлар

ә) адам

б) өсімдіктер

5. Тіршілігіміздің барлық саласындағы әр жаналықтың басты себепшісі

а) Адам

ә) адам еңбегі

б) адамның ақыл -ойы

6. »Александрия манарын» салған сәулетші-

а) Сострат

ә) Артемессия

б) Мавсол

7. Галикарнас кесенесінің биіктігі

а) 50м

ә) 60м

б) 70м

8. Артемиданың ғибадатханасы қай қалада орналасқан?

а) Эфес

ә) Галикарнас

б) Вавилон

9. Антарктидада дүние жүзіндегі мұздықтың қанша пайызы шоғырылған?

а) 70%

ә) 90%

б) 80%

10. Тек қана солтүстіктің жұлдызы-

а) Жетіқарақшы

ә) Темірқазық

б) Үркер

11. Саяси картада не бейнеленген?

а) мемлекет пен олардың бөліктері

ә) өзен, көл және жер бедері

б) орман, дала, шөл, табиғат аймақтары

12. Судың жер бетін жырып, тілімдеуінен пайда болатын не?

а) сай ә) жазық

б) жыра

13. Аласа таулар қай жерлерде көп кездеседі?

а) Сарыарқа

ә) Бетпақдала

б) Қараөткел

14. Тау жыныстарының бұзылуына әсер ететіндер

а) өсімдік, күн, жел

ә) жануарлар

б) саяхатшылар

15. Таудың ең биік жері

а) төбе

ә) шың

б) құз

16. Террикондар деген не?

а) үйінділер

ә) шұңқырлар

б) пайдалы қазбалар

17. «Шоқы» дегеніміз не?

а) Төбелер мен қыраттардың ретсіз бытырауы

ә) Қатты тау жыныстарынан тұратын төбесі сүйір болып келген төбе

б) Қатты тау жыныстарынан тұратынтөбесі тік болып келген төбе

18. Биік жоталар бір-біріне жалғасып, жүздеген километрге созылып жатқан таулар қалай аталады?

а) биік таулар

ә) тау жотасы

б) шың

19. Тянь-Шань тауының оңтүстік бөлігі қай елдің жерімен жалғасып жатыр?

а) Түркіменстан, Ресей

ә) Қытай, Қырғызстан

б) Қырғызстан; Өзбекстан

20. Жер қыртысынан мұнай мен газды қалай алады?

а) шахтадан

ә) құдықтан

б) жер қыртыстарын бұрғылау арқылы

V-нұсқа

1. Табиғат неше түрге бөлінеді?

А) 3

Ә) 5

Б) 2

2. Адамның ішкі мүшелерін ата.

А) ми, жұлын, жүйке тамырлары

Ә) ауыз, өңеш, тіс, ерін

Б) ми, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек, қарын

3. Бұлшық ет сүйекке не арқылы бекиді?

А) сіңірлер арқылы

Ә) май арқылы

Б) ет арқылы

4. Зевс мүсінің жасаған мүсінші

А) Артемесия

Ә) Сострат

Б) Фидий

5. Біз тұрған өнір қалай аталады?

А) Солтүстік Қазақстан

Ә) Батыс Қазақстан

Б) Шығыс Қазақстан

6. Бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін санды не деп аатайды?

А) масштаб

Ә) сұлба

Б) карта

7. Өкпеге енген ауада не болады?

А) су

Ә) оттегі

Б) таза ауа

8. Суда еритін заттар.

А) құм, саз

Ә) шірінді, тас

Б) қант, тұз

9. Қара металл кендерінен не бөлініп алынады?

А) темір

Ә) алтын


Ұқсас жұмыстар
Киік сөзінің этимологиясы
Жоспар орта мерзім.6 сынып. математика
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ САБАҚТАН БАСҚА ФОРМАЛАРЫ
Жылдық есеп. 4 сынып
Сағат саны
Зар заман ақындарының шығармашылығы
Тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосындыға түрлендіру
Қоршаған орта
Мемлекеттік тіл. Қазақ тілі қандай тіл
Табиғат құбылысына жатпайтын нәрсені тап
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz