Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Қош бол құтты әліппем!.1-сынып
1 сынып
Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың Әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру.Өздерінің сауатын ашқан кітабы <<Әліппеге>> байланысты өлең,тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету.Ұлттық салт-дәстүрге,
әдет-ғұрыпқа деген сезімдерін арттыру.Туған жерді,елді,отанды сүюге,қорғауға баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, <<Қош бол,құтты Әліппем!>> сөзі жазылған плакат,шарлар.
Барысы: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар! Сіздер бүгін 1а сыныбының <<Қош бол,құтты Әліппем!>>атты мерекесіне қош келдіңіздер.Бүгін сендердің балаларыңыз осы күнге дейін сауат ашып,оқып,жазуға үйреткен <<Әліппе>> оқулығынан алған білім мен ілімдерін ортаға салмақ кез келді.Әліппені бітіру алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі.Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық.Сондықтан бүгінгі той сіздермен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке.Бастауға рұқсат етіңіздер!
1-бастаушы:
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!
Ой-білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш,балдырған,
Құтты болсын тойларың.
2-бастаушы:
Қымбатты ата-аналар!Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық.Бұл өнерді бізге <<Әліппе досымыз үйретті.
1-бастаушы:
Бұл күндері еліміздің біз сияқты мыңдаған балалары <<Әліппе>>
оқулығын бітіріп мерекелеуде.
1-оқушы: 2-оқушы: Келгенде алғаш мектепке, Енді біз жаза білеміз,
Білмеуші едік әріп те. Әріпті қосып әріпке.
Оқимыз қазір ертекті, Риза боп соған жүреміз
Үйреткен оны Әліппе. Сүйікті біздің ,Әліппе.
3-оқушы:
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық тойладық.
Ортаға Әліппе,Ана тілі оқулықтары болып киінген ұл мен қыз шығады.
Мұғалім:
Жақсы достар,келіңдер
Тамашаны көріңдер.
Төрімізде орын бар,
Құтты мейман болыңдар!
Әліппе:
Ұстаздар мен балалар,
Аталар мен аналар.
Танысыңдар досыммен,
Достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен,
Ана тілін таныңдар,
Оқып ана тілін
Ақыл,білім алыңдар.
Ана тілі:
Сәлем,ойшыл достарым!
Терең білім,ой-саналы,
Әрбір сөзім ой салады.
Ғылым,тәлім өнерім көп,
Достасқанға берерім көп!
2-бастаушы:
Алфавиттер шығыңдар!
Орындарыңа тұрыңдар.
Бастайық кәне айтысты!
Жібермейік намысты!
<<Алфавит сыры>> өлеңін Айдос,Бекзат,Ақтоты жатқа айтып береді.
Басқа оқушылар әріптер туралы тақпақтар айтады.
А Ата - ананың тілегі Е Есті бала ер жетіп,
Адам болып өскенің. Елдің қамын ойлаған.
Адамдықтың тірегі, Ессіз бала кері кетіп,
Адал болып өскенің. Есерлігін қоймаған.
Ә Әдептілік дегенің, Ғ Ғалым болсаң ғылымда,
Әрқашан да керегің. Ғажайыптар аша біл.
Әсемпаздық дегенің, Ғарыштың да тыңына,
Әуре-сарсаң әлегің. Ғылым дәнін шаша біл.
І Інілерді ағалар, Ж Жатырқама кісіні
Ісіменен бағалар. Жатсынбайды түсінген.
Ілер жүлде жарыста, Жәбірлеме кішіні,
Іркілмеген балалар. Жақсылығың ісіңнен.
С Спортпен айналыс, Т Тәртіпті бала сүйініш,
Сұлулық сыйлаған. Төбең бір көкке жетеді.
Сол саған пайдалы іс, Тәртіпсіз бала күйініш,
Саулық пен кинодан. Төмендеп басың кетеді.
Б Бал бұлақтың басында, Ш Шындықты сақтаймыз,
Бір бәйтерек қасында. Шыншылды жақтаймыз.
Бұлан,бұғы келіпті, Шаршы топ алдында,
Бір-біріне кезікті. Бір-біріне кезікті.
Ән <<Мектебіміз үйретеді>>
Мүғалім:Өте жақсы,енді одан әрі тағы да білетінімізді жалғастырайық.
* Жері кең,елі бай бұл қай ел?
* Қазақстан.
* Осы елдің астанасы қай қала?
* Астана.
* Біз қандай елміз?
* Біз егеменді, тәуелсіз елміз.
* Егеменді еліміздің президенті кім?
* Н.Ә.Назарбаев.
Биыл біздің еліміздің тәуелсіздігіне 22 жыл толып отыр.
Осындай тыныш,бейбіт елде өмір сүрмесек,біз білім алмас едік.Сондықтан келесі ән-жырымызды Отанымызға арнайық.
Хормен: Отан-жерім,Отан-суым, Отан -сенің ата-анаң
Отан қуат,нәр береді. Отан -досың,бауырың.
Отан-ұран,Отан-туым Отан-өлкең, астанаң
Отан мәңгі гүлденеді. Отан-аудан, ауылың.
Отан тарих,Отан- тіл, Отан осы достарым,
Жасаған елің,ер халқың. Көңілге мұны түйе біл.
Отан-өлең,Отан - жыр, Отан деп өс жас қауым
Көтерген көкке ел даңқын. Оны ардақтап сүйе біл!
Ермекова Әйгерімнің орындауында Қазақ биі.
Енді Әліппеге арналған тақпақтарымызды айтайық.
1-оқушы:
Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болған,Әліппем!
2-оқушы:
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
3-оқушы:
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды ,қолдайды.
4-оқушы:
Іші толған әріпке,
Жақсы кітап,Әліппе
Әліппені аламыз,
Мектепке біз барамыз.
5-оқушы:
Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықтап сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бірін де,
Атын,затын,түрін де.
6-оқушы
Біз жазамыз ана деп,
Біз жазамыз дана деп.
Біз жазамыз қала деп.
Біз жазамыз дала деп.
Хормен:
Бар кітапқа бас болған, Мектебің мынау класың,
Әліппе - ғылым анасы. Осында он бір жыл тұрасың.
Әліппеден басталған, Тарыдай болып кіресің,
Даналықтың данасы. Таудай болып шығасың.
Әліппе:
Алғаш рет өзімнен, Өсті білім санасы,
Білім алды балалар. Елжірейді жүрегі.
Оқу сырын сөзімнен, Маған адам баласы,
Білім алды балалар. Алғыс айтып жүреді.
Ана тілі:
Балдырған балғын балалар,
Ақ басты ғалым, даналар.
Оқушың жас та ,кәрі де,
Риза саған бәрі де.
Басталған ғылым әріптен,
Бас кітап - сенсің Әліппем!
Ата-аналарға <<Әліппе>> оқулығынан балаларымен бірге жаттаған тақпақтарды айтқызу. (сыйлық беру)
Әліппе оқулығының сұрақтары <<Не істеуге болмайды?>>
Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды,
Кішкене баланы жылатуға болмайды.
Құстарды атуға болмайды.
Қыз баланы ренжітуге болмайды.
Сабаққа кешігуге болмайды.
Сыныпта жүгіруге болмайды.
Не істеу керек?
Үлкен кісіні сыйлау керек.
Үлкеннің тілін алу керек.
Үлкендерге сәлем беру керек.
Кішілерге қамқор болу керек.
Ата-аналарды сыйлау керек.
Әліппе:
Жарайсыңдар балғындар!
Сендерге рахмет!
Кәрі-жасқа ой-сала,
Үйрететін ой-сана.
Ана тілін сүйіңдер,
Осыған бас иіңдер!
Енді,балалар,сендер осы ана тілінен мақал-мәтелдер,жұмбақтар, өтірік өлеңдер үйренетін боласыңдар.
Мұғалім: Сендер аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйрендіңдер. Осының бәрін үйреткен кім?
* Мектеп
* Мұғалім
* Әліппе
* Ата-ана
1-бастаушы
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты,міне балаңыз.
2-бастаушы
Таныстырып 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи,жаза білгенім.
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ана тілі
Рахмет достарым
Бүгін ниет қосқан күн,
Аянбаймын сырымды,
Баяндаймын ғылымды.
Талаптыға бәрі бар
Менен оқып алыңдар!
Әліппе
Айналайын балғындар,
Менен білім алдыңдар!
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам.
Рахмет айтып шаттанам.
Риза болып аттанам
Алда ұзақ жасым бар
Оқумен өсіп толыңдар
Аман - есен болыңдар.
Мұғалім
Қымбатты балалар!Сендер еңбек сүйгіштіктерің және білімге құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жеңістеріңмен құттықтаймын.Сендер алфавиттің бүкіл әріптерін жаттап алдыңдар,әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың <<Әліппе>> бойынша оқуға үйрендіңдер. <<Әліппе>> сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ,оның беттері сендерді бір-біріңмен дос болуға,мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Ән <<Қош бол,құтты Әліппе!>>

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz