Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Шерхан мұртаза «тұтқын бала»
Шерхан Мұртаза « Тұтқын бала »
С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жамауова Алтынжан
Сабақтың тақырыбы : Шерхан Мұртаза « Тұтқын бала » (“Қызыл жебе” романынан
үзінді) Тұрар бейнесі және шығарманың көркемдік ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Жас Тұрардың тауқыметке толы тағдыр белестерін тереңірек
меңгерту,қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік,заман шындығының көріністерін
талдау.
Дамытушылық : Ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс
істеуге дағдыландыру.Қоғам қайраткері Тұрардың қызық та, қиын өмірінің кей
тұстарынан деректер беру.
Тәрбиелік; Шығарма арқылы оқушыларды ата-анасын қадірлеуге , елін-жерін
сүюге, намысшылдыққа ,төзімділікке, қайсарлыққа сондай-ақ, білімнің шыңының
зор екендігін түсінуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: 1. Зерттей оқыту
2.Шығарманы берілген сұрақ бойынша талдау.
3.Ой толғау
Пәнаралық байланыс: тарих , қазақ тілі,әдебиет теориясы.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын сұрау.
Мұғалімнің алғы сөзі: Балалар, алдыңғы сабақта біз шығарманың
мазмұнымен толық танысып, жоспар жасағанбыз.Бүгінгі сабағымызда басты
кейіпкер Тұрардың өзіне тән тұлғасы мен көркемдік ерекшелігін талдаймыз.
Өздерің білесіңдер үйге шығармашылық тапсырма мен соған орай бағыттар
берілген болатын.Сондықтан да талдау сендерге қиындық туғыза қоймас деп
ойлаймын .Алғашқы бағытта сендердің мәтінді қаншалықты
меңгергендеріңді,мәтінді оқу барысында қандай ой түйгендеріңді байқау үшін
«Кім жылдам» бағытында Атаулы сұрақтарға жауап берулерің сұралады.
Тақырыпқа орай, қысқа нұсқа жауап берейік.
I Бағыт « Кім жылдам»
1.« Оян,Тұрар!»-деп Тұрарды камерада оятқан кім?
2.Приходько мырзаның ұлының аты кім?
3.Аркаша сабақты қалай оқыды?
4.Надзиратель Тұрарға барқылдап ұрысқанда араша түскен кім?
5.Рысқұлды айдауға әкетіп бара жатқанда тұтқындар қалай қоштасты?
6.Әке мен баланың арасын жалғап келе жатқан жіпті штыкпен қиып жіберген
кім?
7.Түрмеден қашқан Тұрар кімнің үйін паналады?
8.Қырғызбай Тұрарды оқуға жаздыруға неден қорықты?
9.Тұрардың фамилиясы кім болып жазылды?
10.Тұрар мектепте алғаш жазған сөздер?
11.Тұрар тақтаға шыққанда жырқылдап күлген бала кім?
12.Атамырза Тұрарға не үшін күлді?
13.«Шынтақ жеңнен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды» деген
Ломоносовтың сөзін кім айтты?
14.Сұлу мұртты,бойы тіп-тік,әскери кісі кім?
15.Семашко мырза оқушы-шәкірттерді қалай таңдады?
16.Тұрарды Семашко мырза қандай қызметке қабылдады?
17.Оқу бітіру куәлігін толтыру кезінде Тұрар қандай қылмыс жасағаны үшін
директордан кешірім сұрады?
18.Директор сол кезде не істеді?
19.«Диірменде туған тышқанның баласы диірменнің дүрсілінен
қорықпайды».Кімнің сөзі?
20.«Сен жаралы арыстанның баласысың,бауырым,Қызыл Жебе!»деген сөзді кім
айтты?
II бағыт «Болар бала алысқа қарайды»
Жақсы .Шығарманы оқығандарың байқалды.2-бағыт бойынша шығарманың басты
кейіпкері Тұрар кім? Шығарманы оқу барысында Тұрар бойынан қандай қырларды
көре алдыңдар осы төңіректе ой бөлісейік.
1.Тұрар – сезімтал. 2.Тұрар – еңбекқор.3. Тұрар- ұғымтал,білімге құштар,
арманшыл. 4.Тұрар – намысшыл т. б.
III «Білгенге маржан»
Бұл бағыт бойынша бізге мәтіннен жазушының кейіпкерлердің ішкі
монологін, портретін, мінез ерекшелігін беру шеберлігін, шығармада аталған
негізгі, қосалқы кейіпкерлердің атын, сондай-ақ мәтіндегі диалект сөздер,
мақал- мәтелдерді теріп жазып келуге тапсырылған болатын.
1.Монолог, 2. Портрет, 3.Мінездеме, 4.Шығармадағы негізгі
кейіпкерлер,Қосалқы кейіпкерлер, 5.Теріп келген диалект сөздерін оқыту.
6.Мақал-мәтел немесе мақал –мәтел болып кеткен сөздер
7. Төмендегі сөйлемнен етістікті тап, тапқан етістігіңде есімше мен
көсемшенің жұрнағы бар ма? Ажыратып айт (Интерактивті тақтадан шығарылады)
Енді мен сендердің назарларыңды мына бір мәтіннен алынған үзіндіге
аударуды жөн көрдім.Осы үзіндіден жаңа қазақ тілінен өткен көсемшенің,
есімшенің жұрнағы болса тауып көрейік.
Тұрар енді бір жиырма жылдан кейін әлде бір жазушымен дос болып,өз
әкесінің басынан өткен шытырман шындықты оған арман ағысындай етіп айтып
берер.
IY «Ойлы болсаң озып көр»
Өздеріңнің ойлау қабілеттерің, ой түйін жасай білу білімділіктерің мен
оқу техникаларыңды бақылау мақсатында берілген тапсырмаларға назар аударып
көрейік.
V «Бала Тұрардан, қоғам қайраткері Тұрарға дейін » Мұғалім сөзі: Жақсы
балалар.Біз бүгінгі сабақтың барысында Тұрар бейнесінің қырларын,шығарма
желісі мен көркемдік ерекшелігін мүмкіндігімізге қарай талдап шықтық.Жалпы
дайындықтарың жаман емес. Өздерің шығармада талдағандай болар бала алысқа
қарайды дедік. Ендеше мен қоғам қайраткері тұлғасына көтерілген Тұрар
Рысқұлов жайлы мәлімет бере кетейін.(Интерактивті тақтадан Тұрар өміріне,
оның қоғамдық қызметіне байланысты слайдттар көрсетіп қысқаша түсініктеме
бере кету.) Біз 8-сыныпқа барғанда Тұрар Рысқұловтың әкесі жайлы жазылған
М. Әуезовтің « Қараш-Қараш оқиғасын» оқимыз...
VII . ВЕНН диаграмма Бала Тұрар Тұрар Рысқұлов салыстыру
9.Қорытынды:
1о.Бағалау:
11.Үйге тапсырма: «Елі үшін туған ер еді » Шығарма жазу
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz