Дүниетану: Құлақ, мұрын және тіл - қызметі мен күту ережелері

Дүниетану.

Сабақ тақырыбы: Құлақ. Мұрын. Тіл. Оларды күту ережелері.

Сабақ мақсаты:

1. Сезім мүшелерінің атқаратын қызметі, олардың маңызы жайында түсінік қалыптастыру. Сезім мүшелерін қалай сақтауға үйрету.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап

Сабақ көрнекілігі: слайд, суреттер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ болады, себебі сыныбымызға көптеген қонақтар келіп отыр.

Психологиялық дайындық (2-слайд)

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпен біз!

Үй тапсырмасын сұрау (3-7 слайдтар)

Сергіту сәті: (8-слайд)

Жаңа сабақ:

Тақырыбы: Құлақ. Мұрын. Тіл. Оларды күту ережелері (9-слайд)

Жұмбақ шешу: (10-слайд)

Бір таудың екі жағынан

Екі қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан. (құлақ)

Музыканы тыңдату. Не естідік. Құстың сайрағанын естідік.

Немен естідік? Құлақпен естідік.

Сонымен қорыта келгенде Құлақ есту мүшесі екен. (11-слайд)

Құлақтың күту ережесін айту. (12-слайд)

Жұмбақ шешу:

Екі жарықтың ортасында бір жалғыз.

Бұл не? (мұрын)

Тәжірибе жасау. Апельсиннің қабығын аршып оқушыларға көздерін жұмғызып искету. Бұл ненің иісі деп ойлаймыз?

Мұрнымызды екі саусағымызбен басайық. Қандай сезімде болдыңдар?(13-слайд)

Сонымен мұрын иіс сезу мүшесі және демалу мүшесі екен. (14-слайд)

Мұрынның күту ережесін айту. (15-слайд)

Жұмбақ шешу:

Үнемі аузыңда тұрады,

Бірақ жұта алмайсын.

Бұл не? (тіл)

Тәжірибе жасау: тұзды шамалап тілмен жалату. Дәмі қандай екен? (ащы)

Қантты жалату. Дәмі қандай екен? (тәтті) (16-17 слайд)

Тілді күту ересімен таныстыру. (18-слайд)

Көзге жаттығу: (19-слайд)

Дәптермен жұмыс: (20-21 слайд)

Сабақты қорыту:.

«Сәйкесін тап» ойыны

Сезім мүшелерін тауып, суреттерін сызық арқылы қосу (22 - слайд)

Сонымен бүгінгі сабақта адамның қандай сезім мүшелерімен таныстық?

Оларды күту ережелерін жандарыңа сақтаңдар.

Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Дүниетану (1-сынып): Мұрын, тіл және тері - қызметі, аурулары мен күтімі
1-сынып: Дүниетану - құлақ (есту) және мұрын (иіс) мүшелері
1-сынып Дүниетану: Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын) - қысқа мерзімді сабақ жоспары
3-сынып дүниетану сабағы: Мұрын (иіс сезу) және тіл (дәм сезу) мүшелері
1-сынып. Адамның сезім мүшелері: құлақ пен мұрынның қызметі және күтімі
3-сыныпқа арналған Дүниетану пәнінің орта мерзімді жоспары - 1-модуль: Адам ағзасы және оны күту
1-сынып дүниетану сабағы: Адамның сезім мүшелері - олардың құрылысы, қызметі және жеке бас гигиенасы
Кітап - біздің досымыз: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары және кітапты күту ережелері
Дүниетану 1-сынып: Жапырақтың құрылымы, қызметі және түрлері
Дүниетану пәні: 3-сыныпқа арналған Жүйке жүйесінің құрылымы мен қызметі сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz