Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Академик қ.и.сәтбаевтың металлогендік болжамдық картасы-тәуелсіз еліміздін индустриялдық дамуының факторы


«№27 орта мектебі» КММ

АКАДЕМИК Қ.И.СӘТБАЕВТЫҢ МЕТАЛЛОГЕНДІК БОЛЖАМДЫҚ КАРТАСЫ-ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІН
ИНДУСТРИЯЛДЫҚ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ.

Бағыты: Жаратылыстану-география

Секция: Өлкетану

Орындаушы: Жұматаев Ерсін Жақашұлы
8 «Ә» сынып оқушысы
«№27 орта мектебі» КММ, Қарағанды облысы,
Сәтбаев қаласы

Жетекшісі: Жунусова Күлпаш Сәрсенбекқызы, Қазақстан
Республикасы Білім беру ісінің үздігі, жоғары
санатты география пәні мұғалімі, «Сәтбаевтану»
мұражайының жетекшісі «№27 орта мектебі» КММ
Орындалған уақыты: сәуір 2013ж.

Мазмұны

1. Аннотация
.......................................................................
......................... 2

2. Кіріспе
.......................................................................
............................... 3

3. Жобаның негізгі мазмұны
......................................................................
5

4. Қорытынды
.......................................................................
..................... 13

5. Пайдаланылған әдебиеттер
....................................................................17

Аннотация.
Ұлы ғалымның жүріп өткен жолы мен ел игілігі үшін жұмсаған бар
ғұмыры біз үшін биіктік пен отан сүйгіштіктің үлгісі. Ол кісінің өмір
жолдарын білу, зерттеу біз үшін өте манызды.
Ұлы ғалымның еңбектерін оқып қана қоймай, таңымдық-ізденіс жұмыстарын
жүргізіп «Сәтбаев ізімен» экспедициялары барысында Қарсақпай, Жезді, Ұлытау
жерлеріне барып тың деректер жинап мектебіміздегі «Сәтбаевтану»
мұражайында болған қызықты кездесулерде ғалымның жолын қуушы ізбасарлары,
белгілі геолог ғалымдар айтқан және жазған тың деректерді сараптай келе,
дарынды тұлғаның еңбек жолымен ғылыми еңбектерің зерттеу арқылы
«Академик Қ.И.Сәтбаевтың металогендік болжамдық картасы - Тәуелсіз
еліміздін индустриялдық дамуының факторы» жұмысымда еліміздің экономикасын
дамытуда Қ.И.Сәтбаевтың жетекшілік етуімен оның қалдырған ғылыми бай
мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зертеулерінің,
Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні
ерекше.
Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы
кеннің жоспарлары түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға
болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі
екенін дәлелдедім.
Орталық Қазақстанның сол кездегі геологиялық зерттелінген нені және
қайдан іздеу керек деген сұраққа металлогендік болжамдық карталар ең
дәлелденген объективті жауаптар берді және қазір де беруде. Бұл еңбектің
баға жетпес зор ғылыми да, практикалық мағынасы да осында.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен
Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және
Орталық Қазақстанның металлогендік болжам картасын жасауда көп еңбек
сіңірген. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жататынын
бұлжытпай дәлелдеп, табиғаттағы заттардың шынайы жағдайын толық көрсетуге
мүмкіндік берді.
Қазақстан түсті металлургиясының негізі, ал қазірде мыс өндіру және
оны қорыту жөніндегі әлемдегі жетекші компаниялардың бірі «ҚАЗАҚМЫС»
Қ.И.Сәтбаевтың еңбегінің арқасында Жезқазған жерінде бой көтерді деуге
болады.

Кіріспе
[pic]
Мақсаты: Ұлы ғалымның жүріп өткен жолы мен ел игілігі үшін жұмсаған
бар ғұмыры біз үшін биіктік пен отансүйгіштікің үлгісі ретінде ала отырып,
өмір жолдарын білу, ғылыми еңбектерін зерттеу арқылы академик Қ.И.Сәтбаев
жасаған металлогендік болжам картасы Тәуелсіз еліміздің индустралдық
дамуының факторы екенін дәлелдеу. Сонымен қатар Қ.И.Сәтбаев туралы ең
маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерін жинақтау.
Міндеті: Сәтбаевтың зерттеулері ғылымды дамытудың және отандық
өнеркәсіпті технологиялық тұрғыдан қайта жаңартудың стратегиялық
болжамдарын жасау болып табылатының анықтау. Зерттелетін зат: академик
Қ.И.Сәтбаев жасаған металлогендік болжам картасын қарап геология ғылымының
соңғы нәтижелерін есепке алып, болжам алаңдарына қайта барып, Сарыарқадай
кең аймақты әрі қарай зерттелуін қажеттілігін дәлелдеу.
Сарыарқаның сары даласында бой көтерген, ойшыл ғалымның еңбегімен
қанатын кеңге жайған киелі жерде, ғалым есімімен аталған «Сәтбаев»
қаласындағы № 27 орта мектебінде «Сәтбаевтану» мұражайы бар. Оқушыларға
Қ.И.Сәтбаевтың еңбек жолын үлгі ету мақсатында құрылған. Ұлы ғалымның жүріп
өткен жолы мен ел игілігі үшін жұмсаған бар ғұмыры біз үшін биіктік пен
отан сүйгіштіктің үлгісі. Ол кісінің өмір жолдарын білу, зерттеу біз үшін
өте манызды. Ұлы ғалымды көрген, қызметтес болған адамдармен қызықты
кездесулер өткізілді. Ұлы ғалымның еңбектерін оқып қана қоймай, таңымдық-
ізденіс жұмыстарын жүргізіп «Сәтбаев ізімен» экспедициялары барысында
Қарсақпай, Жезді, Ұлытау жерлеріне барып тың деректер жинап дарынды
тұлғаның өнегелі өмірі біздін өмірімізге өз сәулесін түсірді.
Қ.И.Сәтбаев айтқандай «Біздің республикамыз іштен шығармай
сақтайтын табиғи байлығы ұлан-байтақ даласына тән молшылықты болашақ оның
қойнауларында жатыр, оны ақылмен пайдалану халықтың материалдық игілігі мен
мәдени деңгейін, экономикалық және әлеуметтік дамуын айқындайды».
(Қ.И.Сәтбаев. Еңбектер жинағы ІІ том)
Қазақстанның минералдық ресурстары әрқашан ең басты назарында болатын
Қазақстанның геология проблемаларына өзін арнаған қазақтан шыққан тұнғыш
инженер геолог халықтың мүдесі үшін республиканың минералдық байлығын
толықтай пайдалану жайында өзін жауапкермін деп есептеді.
Еңбектегі қызметінің алғашқы қадамынан өмірінің соңына дейін
Қазақстанның геологиялық зерттеуімен байланысты барлық проблемаларды, оның
минералды байлығын ашу және пайдалануын көзінен таса етпеді.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен
Қазақстанның минералды ресурстарына арналған.
Болжамдық карта жасау идеясы Қ.И.Сәтбаевқа Томск қаласында оқып
жүрген студенттік шақтарында, Сібір геологиялық мектебінің негізін қалаушы
мұғалімдері-академик В.А.Обручев пен профессор М.А.Усовтың ықпалынан туған
еді.
[pic] [pic]
академик В.А.Обручев профессор М.А.Усов

Металлогендік болжамдық карта жасау туралы жазған еңбегінің эпиграфы
ретінде В.А.Обручевтың айтқан «Қай елдің болмасын геологиялық құрылымы мен
құрамын зерттеу үшін алдымен оның даму тарихы мен қазіргі заманғы жағдайын
анықтап алып, сол арқылы ғана оның шеңбер аясынан табылатын пайдалы
қазбалар кен орыны туралы айта алуымызға мүмкіндік туады» деген сөзін
алған.
Металлогендік болжамдық картасы дегеніміз – геологиялық құрлымдық
картаға белгілі кен орындарының пайда болуы мен таралуын айқындалған
заңдылықтың негізінде переспективалы әртүрлі кен орындарының алаңдарын
көрсету.
«Металлогендік болжамдық карталарда міндетті түрде аумақтың тарихи-
геологиялық дамуының нақты ерекшеліктері мен кезеңдерінің фактылы
мәліметтері ескерілуі керек. Минералдарды-шикізат ресурстарын перспективалы
бағалау әдісін болжамнан шындықа айналдыру металлогендік ғылымы дамуының
негізгі міндеті болып табылады» - деп жазды Қ.И.Сәтбаев (Қазақстанның
геологиялық зерттеудің міндеттері) атты еңбегінде.

Негізгі бөлім

Қ.И.Сәтбаевтың жетекшілік етуімен оның қалдырған ғылыми бай
мұраларының бірі Жезқазған кені туралы зерттеулері мен Сарыарқаның
металлогендік және болжам карталары. (1952-1954 жылдары жасалды).
Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жататынын бұлжытпай
дәлелдеп, табиғаттағы заттардың шынайы жағдайын толық көрсетуге мүмкіндік
берді.

Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі кезінде осы кеннің жоспарлары
түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті
екенін дәлелдеді. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді
Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара
зерттеп, олардың кендерінің құрылысы, шығу тегі туралы маңызды ғылыми
қорытындылар жасады.
Кешенді металлогендік болжамдық картасын кейбір металдар бойынша
жасауға мүмкіндік берілді: 1)қара, 2)мыс,3)поли-металл, 4)сирек металдар
(молибден, вольфрам, қалайы).
Қ.И.Сәтбаев жасаған болжамдық-металогендік зерттеулердің
негізі гелогиялық практикада кең дамуға ие болды.
Ғалымның қызы елімізге белгілі геолог Мейіз Қанышқызы Сәтбаева 2003
жылы Жезқазғанға келгенде мектеп мұражайындағы кездесуде Сәтбаевтың
болжамдық карталардың практикалық тексеруден өткізудің нәтижелері жайлы
мәліметтер қалдырған.

[pic]

Металлогендік болжамдық карталарын іске асырудың алғашқы үш жылына
талдау төмендегідей нәтижелерді берді. (Қ.И.Сәтбаев «Орталық Қазақстанның
кешенді металлогендік болжамдық карталары» баяндамасы 1958жыл)

Жаңа кен орындары мен кенбілінімдерінің 75 пайызға жуығы болжамдық
картасында белгіленген бірінші кезекте іздену үшін перспективалы саналған
алаңдарға дәлме-дәл келеді.

[pic]

Жаңа ашылған кен орындары мен кенбілінімдерінің қалған бөлігі (25%)
геологиялық картаға түсіру мен іздеудің жоспарлы процесінде анықталды. Жаңа
кен орындары мен кенбілінімдерінің 90 пайызға жуығы болжамдық картасынын
материалында алдын ала қарастырылып ашылған.

[pic]

Практикада жүргізілген тексерулер қорытындысы жасалған болжамдардың
дұрыстығын толық қуаттайды. Орталық Қазақстан аумағында қара, түсті және
сирек металдардын 358 жаңа кен орындары ашылды, оның 333-і, яғни жалпы
санның 93 пайызы тікелей болжамдық металлогендік карталарда өте
перспективті деп белгіленген аймақтарда ашылды.

[pic]

Қалған 25 кен орындары, яғни жалпы санның 7 пайызы нақтылық жүргізу
үшін геологиялық түсіруге ұсынылған алаңдар да ашылды.
Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берген.Орталық
Қазақстанның сол кездегі геологиялық зеттелінген нені және қайдан іздеу
керек деген сұраққа металлогендік болжамдық карталар ең дәлелденген
объективті жауаптар берді және қазір де беруде.
Бұл еңбектің баға жетпес зор ғылыми да, практикалық мағынасы да
осында.

«Минералды-шикізат ресурстарын перспективалы бағалау әдісін болжамнан
шындыққа айналдыру-металлогендік ғылыми дамуының негізгі міндеті болып
табылады» - деп өзі жазғандай Орталық Қазақстанның 1: 500 000 масштабтағы
металлогендік болжамдық картасын жасау бүкіл ғылыми-геологиялық қызметінің
жеңісі тәрізді қорытындысы еді. Картаға енгізген идеяның өзінде, оның
алдына қойылған міндеттерді атқаруға және мақсатқа жетуге арналған адамзат
игілігі үшін жариялауға ұмтылу қасиеттері байқалады.

[pic]

Қ.И.Сәтбаевтің ізбасары жолын қуып кезінде геолог болып бірге еңбек
еткен және қаламыздың ірге тасын құрушылардын бірі, қоғам қайраткері
Музараф Аханов мектеп мұражайындағы кездесуде Сәтбаевтың еңбегі
Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде өте зор болды.
Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең
көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұжымдастыруға болатын ірі нысан
екенін дәлелдеген. Жезқазғандағы геологиялық барлау жқмыстарын басқара
жүріп, Қарсақпайдағы ірі темір рудасы кешенін зерттеу және барлау-бұрғалау
жұмыстарын да атқарды. Қазақстан Ғылым Академиясының 1961 жылы сәуір
айында Жезқазғанда өткен көшпелі сессиясында оқыған «Жезқазған-Ұлытау
аймағындағы минералды ресурстар» баяндамасында « 300 шақырымға созылатын
Қарсақбайдағы екі ғана кеніш орны Керегетас пен Балбырауында темір
рудасының қоры 200 млн тоннадан астам, Қарсақпай рудасын жоспарлы зерттеу
мен игеру проблемасымен айналысу керек, себебі бұл рудалар зиянды
қоспалардан таза және жалпы геологиялық ерекшелігі жағынан Орталық
Қазақстандағы ең қуатты әрі сенімді темір рудасы базаларының бірі болып
есептеледі » деп айтты деді.
Мен Қ.И.Сәтбаевтың зерттеулерін талдай отырап, ол халық
шаруашылығының манызды міндеттерінің бірі –Қазақстанда кара металлургияны
дамыту деп есептегенің білдім, бұған дәлел Қазақстанның қара
металлургиясының минералдық базасына арнаған мақаласында (Қ.И.Сәтбаев.
Еңбектер жинағы II том) «Мыс қоры жөнінен Қазақстан сонғы кезде бірінші
орынды иеленді. Қазақстан өндірісіндегі алып түсті металургияның дамуы,
әрине сөзсіз өзіндік қара металлургия құрлысының да өрістеуін қажет етеді.
Сондықтан Қазақстанның жергілікті кен орындарында қара металлургия үшін
базаны қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күні маңызды проблемаға айналып
отыр» деп жазған.
Бұл тақырыпта біз Қ.И.Сәтбаев Қазақстандағы қара металлургияның
дамуына қосқан үлесіне тоқталған себебіміз, көп уақыт бойы оның еңбегінің
осы жағы ескерусіз қалды. Еңбегі мен есімін Жезқазғанмен, түсті металлургия
өндірісімен ғана байланысты атайды.
Шынында, ол жанашыр ғалым ретінде Қазақстанның барлық минералды
ресурстарын игеру мен зерттеу жайын қадағылап отырған.

Ұлы ғалымның шәкірті, елімізге
белгілі геолог В.В.Штифановтың көзі
тірісінде біздің мектептің оқушылары
мен болған кездесуде айтқан
деректерінен мектеп мұражайында
сақталған таспадан тыңдап
Қ.Сәтбаевтың Жезқазған – Ұлытау
ауданында мыстан басқа темір,
марганец, көмір, қорғасын кендерін
ашып, барлау нәтижесінде маңызды
геологиялық қорытындылар жасағаны
туралы білдік.

[pic]
Жезқазған аймағында анықталған мыс қорын есептемегенде, 184 млн тонна
өндірістік темір рудасы,ондағы темірдің мөлшері 51 пайыз (Сазтөбе,
Қарсақбай, Балбрауын кен орындары); 3,5 млн тонна жоғары сапалы марганец
рудасы, орта есеппен ондағы марганец мөлшері 35 пайыз (Жезді);1,5 млн тонна
комплексті темір-марганец рудасы (Найзатас); 83млн тонна қоңыр көмір
(Қияқты); алтын кен орындары (Ақшоқы, Шайтантас); қорғасынның біршама қоры
(Қорғасын қазіргі Шеңбер); фосфорит (Қарғалы), молибден (Мық), қалайы
(Ұлытау), хромит (Айыртау) және басқада пайдалы қазбалар айқындалды.
Жезқазғандай кең әрі бай аймақтың қойнауындағы барлық байлық анықталды
деуге болмайды өндірістік бағасы олардың әрі қарай зерттелуін қажет етеді.

Қ.И.Сәтбаевтың ізбасары
қаламыздың белгілі геологы
Мәлік Омаровпен болған мектеп
мұражайындағы кездесуде пайдалы
қазбалар қорын толықтырудын
тиімді жүйесін құру кез келген
мемлекеттің міндеті екендігін
айтып Қ.И.Сәтбаевтың
металлогендік
болжамдық картасын жасаудағы көргенділігін бүгінгі уақыт дәлелдеуде. Жаман
-Айбат маңынан «мыс іздеу керек» деген ұсыныс-пікірлері оның еңбектерінде
жазулы екенін айтты. («Жаман Айбат Қаныштың төл перзенті, мен оны жарыққа
шығарушымын» мақаласы. «Кен өндірісінің қаһармандары» кітабы. С.Рахметов)

«Жаман -Айбатта» қазір «Жомарт» кеніші жұмыс істеп тұр. Жезқазған
геологтары онда кең қорын тауып, Қ.И.Сәтбаевтың данышпандығын тағы бір
дәлелдеді. Мен Қ.И.Сәтбаевтың еңбектерін оқып жүріп, оның Жезқазған
маңайында барын айтып, алайда ашуға үлгермеген

кең орындары бүгінде ашылып Тәуелсіз Қазақстанның экономикасының дамуына
үлес қосуда екенін білдім.
Қ.И.Сәтбаевтың еңбектерін оқып отырып мұнай мен газдың Торғай ойпаңы
мен Сарысу өзеңі аймағынан болу мүмкіндігіне көңіл аударғанын білдім. 1961
жылы сәуір айында Жезқазған көшпелі сессиясында жасаған «Жезқазған-Ұлытау
аймағындағы минералды ресурстар» деген баяндамасында «Бұл жер мұнай мен
газдың кен орны болуына аса қолайлы, дәлелді себебі, соңғы жылдардағы
мәліметтері бойынша, Сарысу депрессиясында, Жезқазғанның оңтүстік жағында,
терең бұрғылыу кезінде минералды тұздар мен басқа да газ бен мұнай іздеуге
қолайлы индикаторлардың табылуы» дейді.

Мен Қ.И.Сәтбаевтың болжамының тағыда айна қатесіз дұрыстығын уақыттың
өзі көрсетіп отырғанын анықтадым, оған дәлел Құмкөл мұнай кен орнының
ашылуы.

Қ.И.Сәтбаевты көрген, жолын қуушы
«Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігінің
белгілі геологы Сұлтан Сүтпаевпен болған мектеп
мұражайындағы кездесуде Қ.И.Сәтбаевтың металлогендік
болжамдық картасындағы Қ.И.Сәтбаев жазған «Сымтас»
өңіріне барып қайттық. «Сымтастан» алған тасымыз 0,54
% қорғасын басқа жерден алғанымыз 0,02% мыс пен
күміс көрсеткенің айтты. Олай болса болашақта бұл
жерден де кең орны ашылып, Қ.И.Сәтбаевтың көрегендігі
тағыда дәлелденер. («Қаныш және Жезқазған» мақаласы
«Мысты өңір» 09.04.2010ж.)
Қаныш Имантайұлының мына сөздерін «Болжам алаңдарын іздеудін
перспективалық көлемі Орталық Қазақстанның жер қойнауының жоғары
потенциалық дәрежесін нақты және сенімді түрде айғақтайды, бұнда қара,
түсті және сирек металдардың жаңа ірі өнеркәсіптік концентрациясын мұнан
былай ашуға болады», - дегенің еске түсіруіміз дұрыс сияқты.
Мүмкін біздің мемлекетімізде әлі қалған геологтарға қорды сақтау
сөресінен Қ.И.Сәтбаевтың болжамдық-металлогендік картасын алып,
геологиялық ғылымның соңғы нәтижелерін есепке алып, болжам алаңдарының
контурларын қайта қарап, еліміздің кең байтақ даласына шығатын уақыт жеткен
сияқты.
Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды
облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген және
Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін игеруге
және Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу
институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді.
Болашақта Қарсақпай аймағында темір кенін игеруде Жосалыға дейін
темір жол құрлысын жүргізу мен суландыру проблемасына ерекше тоқталған.

[pic]
Еліміздің дара дарыны Қ.И.Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға үлес
қосқан Сәтбаевтанушы белгілі жазушы Медеу Сәрсекемен болған мектеп
мұражайындағы кездесуде 2009ж Қ.И.Сәтбаевтың өмірінің бел-белестерін
бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істері жайлы айтқан әнгімесін тындай
отырып, Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі замандағы экономикасы, білім және
ғылымның дамуы Қ.И.Сәтбаев еңбегінен басталғанын білдік.
«Қаныш Үлкен Жезқазғанның мыс, минералды шикізат қорларын жан-жақты
зерттеп,алғашқы үміт-болжамның шындық екенін айна-қатесіз дәлелдеп шықты»-
деп академик В.А.Обручов айтқандай.
Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек
металдардың біраз жаңа кендері ашылды.

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануына, халықаралық
экономикалық байланыстар жүйесінде өзінің тиісті орнын алуына мүмкіндік
береді. Дамыған ғылыми–техникалық база, қара метал, түсті металдар пайдалы
қазбалары мен энергия ресурстарының молдығы.

[pic]

Қорытынды
Қ.И.Сәтбаевтың кешегі еңбегінің бүгінгі перзенті-«Қазақмыстай» алыптын
адымы аршынды. Ол мыс сапасының төрт тоғыздық-99,99 көрсеткішімен болашаққа
сенім мен қадам басуда. Қазір әлемдік рыноктағы «Қазақмыс» корпорациясының
қызметіне баға берсек, дүние жүзіндегі ең ірі мыс өндірушілерінің алғашқы
онының қатарына қосылғаны көрсетіп тұр. Бұл тек мыс өндіру көлемі бойынша.

Қазақстан түсті металлургиясының негізі, ал қазірде мыс өндіру және оны
қорыту жөніндегі әлемдегі жетекші компаниялардың бірі Қ.И.Сәтбаевтың
еңбегінің арқасынд Сарыарқада тап осы Жезқазған жерінде туып, бой көтерді
деуге болады.
[pic]

1935 жылы жазған Қ.И.Сәтбаевтың «Қазақстан мысы» деген мақаласы өте
қызықты. Онда Қазақстанның басты кен орныдары Жезқазған, Қоңырат,
Бозшакөл және Алтай тобы кен орны туралы баяндап, мыстың басты қоры
Қазақстанда екенің және өндірістің өсуіне байланысты осы металға деген
қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігі жететінің дәлелдейді. Олай болса,
алдағы жылдары ашылғалы отырған Бозшакөл кен орны тағы да Қ.И.Сәтбаевтың
зерттеуінің белгісі.
Қ.И.Сәтбаевтың айтқан ұлағатты сөзі «Туған жердін тағдыры
толғантпаған, жан тебіреніп ол туралы ойланбаған жігітті қайтып азамат
дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің
алтының да мақтап жарытпас» әр қашан есімізде сақталады. Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев өнегелі өмір жолы баршамызға үлгі.

[pic]
Қ.И.Сәтбаевтың 1961 жылы Жезқазғанға келген ең соңғы сапарында
жезқазғандықтарға арнап: «Сіздерден өтінемін, достар, Жезқазғанды
көздеріңіздің қарашығындай сақтаңыздар. Біздің байлығымыз мол болғанымен
шексіз емес» - деп айтқаны есте болса екен деймін, себебі бүгінде металлға
бай руданы таңдап алу қазір Жезқазғанда кең көлемде жүруде.

Озық ойлы ағаға
Оң болсын сапарыңыз Қаныш аға,
Жаһанға атың заңғар таныс аға.
Телегей кенін ашып Жезқазғанның,
Елге құт, байлық бердің осыншама.

Жезқазған – мыс анасы, кен қаласы,
Өзіңе өңін ашты кең даласы.
Күміс, қорғасын да, рений де бар,
Секілді бір ананың көп баласы.

Паш етсең кен барлаудың неше түрін,
Ұлытау жайып салды алуан сырын.
Күнбе күн өңірімді өрістетіп,
Келесіз халық үшін таппай тыным.

Ақтаса Отан Ана сан борышын,
Мол күшін ұлан іске қосқаны үшін,
Бұрынғы құлазыған Жезқазғанды,
Жайнатқан болды атақты өз Қанышым.

Сарқылмас еңбегіңіз қайнар бұлақ,
Сөнбейді өзің жаққан алуан шырақ.
Жасай бер озық ойлы асыл аға,
Жыр-гүл шоқ арнау еттім өлең құрап

Қ.И.Сәтбаевпен бала кезінде Ұлытауда кездесіп батасын алған, №27
мектептің ұлағатты ұстазы, «Құрмет ордені» иегері Шабал Бейсенбекқызы 1961
жылы Жезқазғанға келгенде осы жыр шумағы арнаған. («Жезқазған жұмысшысы»
газеті 1961 жыл)

Ғұлама ғалымның Қазақстан
Республикасының индустриялдық дамуына
қосқан өлшеусіз еңбегін Елбасы
Н.Ә.Назарбаев «Қ.И.Сәтбаевтың ұлан
асыр еңбегі және кеменгер ақыл ойымен
ең озық, ең іргері геология
мектебінің негізін қалады. Бұл ретте
одан асқан, заңғар биікке көтерілген
қазақ халқында алып тұлға болған
емес» деп бағалаған сөзімен
аяқтаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жаркенов М.И., Имангалиев А.И. «Большой Жезказган». Алматы 1994г.
2. Сатпаева М.К. «Руды Джезкагана и условия их формиравния»,
издательство «Наука». Алматы 1985г.
3. Әлжанов Т.М., Сәтбаева М.Қ. «Қаныш Сәтбаев қазақ елінің тұлғасы»
«Ғылым» ғылыми баспа орталығы. Алматы 2002ж.
4. Сәрсеке М. «Дара дарын». «Фолиант» баспасы. Астана 2008ж.
5. Рахметов Ш. «Кен өндірісінің қаһармандары». Алматы 2008ж.
6. «Мысты өңір» газеті. 2010ж. №13 4 бет.
7. Қаныш Сәтбаев энциклопедиясы. Алматы 2011ж.


Ұқсас жұмыстар
Қаныш Сатпаев- қазақтың тұңғыш ғылым академигі (ашық тәрбие сағаты)
Химия-өмір өзегі
Сабақтың кезеңі уақыт
Отан үшін күрес - ерге тиген үлес
1920–1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Аппақ Байжанов өміріне саяхат
Химиядан үйірме жоспары.8 сынып
Сәтбаев қаласы - менің қалам
Деңгейлік тапсырма
12 жылдық білім беруде оқушы тұлғасын дамытудың мүмкіндіктері
Пәндер