Файл қосу

Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы туралы ақпарат

Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы.
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп - гимназиясы КММ,
тарих пәні мұғалімі Жанар Сайлауовна Нақыпбекова
Балқаш қаласы.
<<Ауызша сабақ - 2>> технологиялық картасы
7 сынып.
<<Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы>>
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ қоғамындағы басқарудың ұлттық жүйесі, ханның құқықтары және міндеттері туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру.
2.Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау,талдау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту
3.Оқушыларды өз елінің тарихын, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Биоақпараттандыру және синергетика
Картаның түрі: Ауызша -2
Сабақтың көрнекілігі: карта, слайд, интерактивті тақта,ООМ.
Сабақтың жоспары:
І- Қиылыс сұрақтары (Үй тапсырмасы бойынша)
ІІ - Кілттік сөздер (оқулықпен жұмыс) 14 сөз сәйкетігін анықтау .
ІІІ- Қиылыс сұрақтары (жаңа тақырып бойынша)
ІҮ - Аралық тест
Ү - Тақырыптық сөздік қор
Сабақтың барысы:
Сабақтың құрылымы
Технологиялық картаның жұмыс тәртібі
Түсініктеме
І -кезең
Ұйымдас
тыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Сынып лидеріне сөз беріледі

А
Б
В
С
Д
Е

ІІ - кезең
Оқушылардың субъектілік
іс - тәжірибесін өзектендіру

Үй тапсырмасының орындалысын тексеру.
<<Есім хан>> тақырыбы бойынша қисын сұрақтарына жауап алу.
1. Орта Азияға жасаған жорықтары кезінде Тәуекел хан қай қаланың түбінде жараланды? Бұқара
2.Тәуекел ханның інісі? Есім сұлтан
3.Есім сұлтан кезінде қай аймақтарды билеген? Түркістан ,Ташкент
4.Есім ханның қарсылас жауы кім? Тұрсын хан
5.Тұрсынның өзін хан деп жариялаған жыл : 1613-1614 жж.
6.Екі хан билеген хандық қай ғасырды қамтиды? 17 ғасыр
7.Есім хан қай қаланы астана етті? Түркістан
8. Тұрсын хан қай қаланың билеушісі? Ташкент
9.Есім ханның алғашында бітім шарт жасасқан хан: Бұқар ханымен
10. Бұқар ханының қазақ жеріне жорықты ұйымдастыру мақсаты неде? (Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алу.)
11.Алғашқы қазақ - бұқар шайқасы болған жыл: 1603 жыл
12.Бұқар хандығының әскері қай жерде жеңіліс тапты? Айғыржар жерінде
13.Есіім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұқар әскерін жеңді? 1611 жыл
14.Монғол хандығы мен Қазақ хандығының арасында одақтық қатынастар орнаған ғасыр: 17 ғасыр
15.Есім хан монғолдардың қай ханымен одақтасты? Әбд - ар - Рахым
16. Есім хан Жетісу жеріне қалмақтарға қарсы жорыққа аттанған жыл: 1627 ж.
17.Тұрсын хан Есім хан жорықта жүргенде қандай бүлік жасады? Түркістан қаласы
18. Есім ханның Тұрсын ханды қалай жазалғанын кім жазған? Марғасқа жырау
19.>>Қатаған қырғыны>> қай жылы болды? 1627 жыл
20. Есім хан қай жылдары ел биледі? 1598- 1628 жыл
21. Есім хан жасаған заң : <<Есім ханның ескі жолы>>

Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.Оқушыларға жауабына қарай <<+>> ,>>-<< таңбасы қойылады.
ІІІ кезең
қабылдауды
ұйымдастыру

Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді.Тірек сөздердің мағынасын ашады.
1. Ұлыс
2.Ата - аймақ
3.Ханталапай
4.Ақсақал
5.Рубасы
6.Жүз
7.Ауылбасы
8.Ауыл
9. Сұлтан
10. Хан
11. Құрылтай
12.Ордаби
13.Жеті тармақ
14.Қара бұдұндар
Кілттік сөздер (оқулықпен жұмыс) 14 сөз сәйкетігін анықтау .Есте сақтау-
1 мин, 15 сек ішінде жаттау, жазу
ІҮ кезең
Түсінгендерін тексеру
Қиылыс сұрақтары
1.Қара бұдұндар деп кімдерді атаған: қарапайым халықты
2.Қазақ хандығының басқару жүйесі неше тармақтан тұрады? жеті
3.Орта ғасырлардағы мемлекеттерде қарапайым халықты кімдер деп атаған? қара бұдұн, қалың бұқара, күңдер
4. Ауылды басқаратын адам: ауылбасы
5. Айылбасына қандай адамды сайлаған? ел ішінде беделді, тәжірибелі, және ауқатты адамды сайлаған
6.Ауылбасының міндеттерін ата: ауылдастарының міндеттерін басқару, көші - қон уақытын белгілеу, адам және көлік күшін дұрыс пайдалану
7.Бір атадан тарап, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралған ұйым: ата - аймақ
8. Ата аймақты басқаратын адам: ақсақал
9.Жеті ата арасындағы дау- жанжалды реттеп, неке мен отбасы , мұрагерлік мәселелерін шешуге кім құқылы болған? Ақсақал
10. Ру неше аймақтан құралған? он, он бес.
11.Руды басқаратын басшы: ру биі, рубасы.
12. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік жағдайда қанша жасақ шығара алады?он мың
13. Ұлысбасы кімдермен кеңесіп отырған? хан немесе сұлтандар, билер кеңесінде.
14. Сұлтандар қандай әулетке жатады? хандар мен ақсүйектер әулетінен
15.Жүздің құрамы кімдермен құралды? ұлыстардан
16. Жүзді басқарушы кім? Ордаби
17.Албан ,суан, дулат, жалайыр, сіргелі, сарыүйсін, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы, қаңлы тайпалары қандай жүздің құрамы? Ұлы
18.Арғын, уақ, керей, қыпшақ, қоңырат, қай жүздің тайпалары? Орта
19. 12 ата Байұлы , Жетіру, 6 ата Әлімұлы қандай жүз? Кіші жүз
20.Қазақ хандығының билігі кімнің қолында болған? Ұлы ханның
22. Елдің сыртқы саясатын, өз қалауымен жүргізген кім? Хан
23. Хан алдында қай әулеттің тұқымының даулары шешілген? Төре
24. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі :Құрылтай
25Құрылтай кезінде <<Жарғанаң>> талабы не? Азаматтардың бес қаруы сай болуы керек
26. Қазақ хандығында хан көтерудің екі жүйесін ата: 1 . мұрагерлік, 2. Сайланып қойылатын
27. Ханталапай деген не? Халықтың ханды көтерген киізді <<Тәбәрік>> қылып өзара бөлісуін айтады.
28.Төлеңгіттер немесе қараша деп кімдерді атаған? Ханды қорғап, бірге жорыққа шағап, малын баққандарды атаған.
29. 16-17 ғасырлардағы қазақ қоғамы қандай шауашылықпен айналысқан?
жартылай көшпелі мал шаруашылығы және көшпелі шаруашылық.

Ү кезең
Аралық тест
1 нұсқа оқушылары жаңа тақырып бойынша тест сұрақтарын дайындап , 2 нұсқаның оқушыларына қояды.
сұраққа жауап бере алмаған оқушының балы сұрақ беруші оқушыға қосылады.
ҮІ кезең
Бекітуді
ұйымдастыру
ТСҚ
Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады Ең көп сөз қорын жазған оқушы қолдарын көтереді.
5 минут уақыт өткен соң оқушылар дәптер алмастырып бір - бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады
ҮІІ кезең.
Талдау және қорытындлау
Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын білдіреді. Тез және сапалы жұмыс орындаған оқушыларды мадақтайды.
ООМ - да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 балдық шкаоамен бағаланады.
ҮІІІ кезең.
Үйге тапсырма:
Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы. тақырыбын мазмұндау.

Барлық оқушыға көтермелеу, мадақтау сөздері айтылып , әркім өзінің еңбегіне қарай бағаланады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Қазақ хандығының басқару жүйесі мен әлеуметтік құрылымы
Қазақ хандығының мемлекеттік әкімшілік құрылымы жайлы ақпарат
Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Салық түрлері
Қазақ хандығының әлсіреуі
"Абылай хан.."
Абылай кім
8-сынып. Қазақстан тарихы
Жерге меншіктік қатынастар
Пәндер