Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы жайлы ақпарат


Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Аубакирова Гүлмира Кеңесқызы, бастауыш сынып мұғалімі

«Бақытымның бастауы- Тәуелсіздік»

ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың сабаұта алған білімдерін анықтап жүйелеу,
танымдылығын, сабаққа қызығушылықтарын арттыру, өз ойын мәдениетті түрде
жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу, әр пәндер бойынша білім
қабілеттерін тексеру, 3 сыныптар арасында көшбасшысын анықтау.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, нақыл сөздер

Жүргізілу барысы:

Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Матаматика елінде
Есеп шешіп, жарысып,
Жұмбақ шешіп, аңдысып
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Әр сабақтың бәрі бар.
Ал, сайскер балалар,
Білімдеріңді сынаық,
ХХІ ғасыр көшбасшысын табайық.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! 3 сынып оқушылары арасындағы жүргізіліп
отырған сайысымызға қош келдіңіздер!

Әділқазылар алқасын сайлау.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы- барлығының
Қатты істейтін миы бар.

Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылыұ пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Әр сабақтың сырыңа.
Қадамдарың оң болсын
Сәт- сапар енді тілейік!

Сайыскерлерді ойын ережесімен таныстырп өту.

Сайысқа барлығы 8 оқушы қатысады. Ойын:
І айналым ТАНЫСТЫРУ
ІІ айналым БӘЙГЕ
ІІІ айналым ТІЛ-ӨНЕР сайысы
ІV айналым «ҚЫЗЫҚТЫ ПӘНДЕР»
V айналым ЖОРҒА айналымдарынан тұрады. ІІ айналымнан кейін, ұпайы ең аз
деген 2 оқушыдан шығып отырады.

І айналым ТАНЫСТЫРУ

1. «ЖҮЙРІКТЕР» 3 «А»
2. «БІЛІМДІЛЕР» 3 «Ә»

ІІ айналым БӘЙГЕ

Бәйнге айналымы бойынша жалпы 20 сұрақ қойылады, дұрыс жауап 10 ұпаймен
бағаланады.
1. Қазақстан Республикасының астанасы
2. Қара алтын дегеніміз не?
3. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
4. Шаршы дегеніміз не?
5. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш.
6. Мектептегі ең жоғарғы баға.
7. Еліміз тәуелсіздік алған уақыт.
8. Қазақстан Республикасның Әнұраының авторлары.
9. 1 тоннада неше кг бар?
10. 8-дің квадраты нешеге тең?
11. Көше қилыстарында жолды не көрсетеді?
12. Кез келген санды 0-ге көбейткенде не шығады?
13. Табиғаттың перзенті кім?
14. Қазақ тілінде сөз таптары нешеу?
15. 1 сағатта неше минут бар?
16. Тіктөртбұрыштың бір бұрышын кесіп алсаң, қанша бұрыш қалады?
17. Қыс айларын ата.
18. «Еңбекпен тапқан тиын» қай елдңғ ертегісі?
19. Сәуле дегеніміз не?
20. Еліміздің рәміздерін ата.
21.
Ұпайы ең аз 2 оқушыны ойыннан шығару.

ІІІ айнылым ТІЛ- ӨНЕР

Бұл айналымның ережесі бойынша сайыскерлерге мақал- мәтелдер қойылады,
жалғасын табу, сондай- ақ жұмбақ жасырылады, шешуін тауып орыс тіліндегі
аудармасын айту, дұрыс жауап үшін 10 ұпац беріледі.

1. Аттан тай озады,
Атадан кім озады?

2. Денсаулық- зор ...

3. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар- қыруар іс өнер.

4. Ашу дұшпан болса, ақыл не?

5. Қанаты бар ұшпайды,
Су астында өыстайды.

6. 1 санға өсірді,
Өзі қалып орнында
Бізді алға көшірді.

7. Өнер алды- қызыл ...

8. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.

9. Оттан да ыстық не?

10. Сөзі дана үйі жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.

Ұпайы ең аз 2 оқушыны ойыннан шығару.

ІV айналым «ҚЫЗЫҚТЫ ПӘНДЕР»

Бұл айналымда әр пән бойынша сұрақтар қамтылып, 10, 20, 30 ұпайларымен
белгіленген 9 ұяшық беріледі. Таңдаған ұяшығын ашып, дұрыс жауап берсе,
сол ұяшықтың ұпайын иеленеді.

| Сол жақтағы «10» | Ортадағы «10» | Оң жақтағы «10» |
| | | |
|Сын есім дегеніміз не? |Адамға ең қажетті |Әріпті өрнек дегеніміз |
| | |не? |
| |жағдайлар | |
| Сол жақтағы «20» | Ортадағы «20» | Оң жақтағы «20» |
| | | |
|9 санының квадраты |Абай атамыздың табиғат |Дауыссыз дыбыстар нешеге|
|қанша? |жайындағы өлеңдерін ата |бөлінеді? |
| Сол жақтағы «30» | Ортадағы «30» | Оң жақтағы «30» |
| | | |
|«Оқу инемен құдық |904 және 600 сандарының |ЖАҒДАЯТТЫҚ СҰРАҚ |
|қазғандай» мақалдың |айырмасына 58 санын қос.| |
|мәнін тусіндір. | | |

Ұпайы ең аз 2 оқушыны ойыннан шығару.
V. Жорға ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫН (ЭССЕ)

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы Л А У


Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ АВТОРЫ КІМ
ХХі ғасыр көшбасшысы. зияткерлік сайысы
Түп ата
Көшбасшы. 8 класс
Экспо көшбасшысы
"ХХі ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайысы 9-10 сынып
Xxi ғасыр көшбасшысы. жоспар
Америка құрама штаттарының мемлекеттік тілі қай тіл
Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Интеллектуалдық ойын "ХХі ғасыр көшбасшысы."
Пәндер