Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

П дыбысы мен әрпі. 1 сынып


Ақтөбе облысы Байғанин ауданы

Қарауылкелді орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: П дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы
берілген оқу мен жазуды үйрету, П дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету
арқылы оқушылардың білімін, тілін дамыту. 2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту. 3)
Тәрбиелік: Оқушыларды партада дұрыс отыруға, сауатты қатесіз әрі таза
жазуға , табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Табиғат көрінісі» плакаты, аңдар бейнелері, кеспе
әріптер, ойынға қажетті құралдар, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.

Әдісі: ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

-Бүгінгі күн шуақты, осы шуақты күннің жылуын өз бойымызға аламыз, бір-
бірімізге, айналамызға таратамыз. Осы жылулықпен сабағымызды бастаймыз.

Мұғалім:

Ерте-ерте, ертеде алыс-алыс жерлерде «Ғажайыптар» мекені болыпты. Ол
мекенде неше түрлі аңдар болыпты. Олардың бәрі бір үлкен сиқырлы ағашты
күзетеді екен. Ал ағашқа тек білімді адамдар ғана жақындап, жемісінен дәм
тата алады екен. Бұл ғажайыптар мекені қазіргі кезде де бар екен, біз
бүгінгі сабағымызда сол сиқырлы ағашқа барып, өз білімімізбен жемісінен дәм
татсақ қайтеді?! Бірақ бізге аңдар кедергі келтіруі мүмкін, ал білімімізді
көрсетсек олар бізді жібереді, тіпті жол көрсетеді.Олай болса сапарға
шығайық.

Шумақ өлең айту.

Саяхатта бүгінгі,

Күннің нұры төгілді.

Аңдарменен дос болып,

Көрсетеміз білімді.

Жұмбақ шешу.

Тұрады ылғи сөреде,

Іші толған өнеге.

Кітап бізге жол көрсетеді.

1-тапсырма. Кітаптың тапсырмасы.

Өткен сабаққа шолу жасау, сұрақтар қойылып, жауап алу.

-Дыбыстар деген не?

-Әріптер деген не?

-Дыбыстар неше түрге бөлінеді?

-Өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?

-П – қандай дыбыс?

«Кітап» мәтінін оқу, мазмұнын айту.

Кеспемен жұмыс . Тақтаға суреттегі заттың атын жазып, дыбыстық
талдау жасау, ауызша сөйлем құрау.

№1. Суреттегі заттың атын жаз, дыбыстық талдау жаса. Сөйлем құрап айт.

[pic]

№2. Суреттегі заттың атын жаз, дыбыстық талдау жаса. Сөйлем құрап айт.

[pic]

№3. Суреттегі заттың атын жаз, дыбыстық талдау жаса. Сөйлем құрап айт.

[pic]

Жұмбақ шешу.

Тік жардай түсті, [pic]
Шұбатылған Тұмсығы күшті.
Таситын жүкті, Бұл қандай мықты?
/Піл/

2-тапсырма Пілдің тапсырмасы.

Сөздік диктант жазу.

Піл, орман, аң, құс, бұлақ, қарға.

Жұмбақ шешу.

Қырда жүрер ол жортып,

Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын? /Түлкі/
[pic]

3- тапсырма. Түлкінің тапсырмасы.

Тақырыптағы сөзді шығару үшін өрнектердің мәнін тауып, соған сәйкес әріпті
шығару.

2+1 2+2 6+1

3+2 4+2

3 5 4 6 7

К і р п і

Кірпі сөзі. Жаңа тақырып.

Жұмбақ шешу.

Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған.

Үстін түгел орайтын,

 Тоны ине қаулаған. Кірпі.
, [pic]
4-тапсырма. Кірпінің тапсырмасы

Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқу. Рөлге бөліп оқу.

Сергіту сәті. «Бұғының үйі» қимылмен көрсету.

[pic]

Жұмбақ шешу.

Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.
/Ақтиін/ [pic]

5-тапсырма. Тиіннің тапсырмасы.

«Не өзгерді?» ойыны

П- б дыбыстарының ерекшеліктерімен таныстыру. Оқыту.

Доп – добы көп – көбі тап – табу қап –
қабы жауап-жауа ...

Топ – тобы шөп – шөбі шап – шабу сап – сабы
талап – тала...

(Жазба дәптерге жазу)

Жұмбақ шешу.

Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.

Оны сен де танып ал

Серейіп кеп тұрады.
/Керік/ [pic]

6-тапсырма. Керіктің тапсырмасы

Жазба жұмысы. Тақтаға П әрпінің бас әрпін жазып көрсету, ауада жазу.П
әрпін екі жолға жазу.

П әрпі келетін сөздерге мысалдар ойлату.

Суреттерден п әрпі кездесетінін табу.

[pic] [pic][pic] [pic] [pic][pic][pic]

Алма, апельсин, банан, шие, құлпынай,құрма, алмұрт.

Сөздерді буынға бөлу.

Сабақты қорытындылау. Сөздік диктанттың бағасын айту, жұлдызша беру.

-Бүгінгі сабақта не туралы өттік? Нелермен таныстық?

Жемістердің ішінен кірпінің алма жемісін алып, тарату. Оқушыларды
марапаттау.Білім туралы өлең шумағын хормен айту.

Бұл сабақта бүгінгі Күннің нұры төгілді.

Аңдарменен достасып, Көрсеттік біз білімді.

Қарауылкелді орта мектебі

Сауат ашу пәнінен

1 «б» сыныбында

«П дыбысы мен әрпі» тақырыбында өткізілген ашық сабақтың

үлгі- жоспары

Мұғалімі: Тулегенова Мейрамгул

2012-2013 оқу жылы

Тапсырма

1.Суреттегі заттың атын жаз.

2. Дыбыстық талдау жаса.

3. Сөйлем құра.

[pic]

Тапсырма

1.Суреттегі заттың атын жаз.

2. Дыбыстық талдау жаса.

3. Сөйлем құра.

[pic]

Тапсырма

1.Суреттегі заттың атын жаз.

2. Дыбыстық талдау жаса.

3. Сөйлем құра.

[pic]


Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Ж дыбысы және әрпі
П дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
П әрпі мен дыбысы. 1 сынып
Дауыссыз дыбыс
Іі дыбысы мен әрпі
Әліппе пәні. о дыбысы мен әрпі. қмж, 1 сынып
Пп дыбысы мен әрпі
Дауысты дыбыс әріптері
П дыбысы мен әрпі
Пәндер