Шаңырағым шаттығым

Шаңырағым шаттығым.

Мақсаты: Ата-аналармен балаларды бірге қатыстыра отырып, өзара

сыйласымдылығын арттыру, салт-дәстүр туралы білімдерін байқату. Оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдықа тәрбиелеу. Ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру. Ата-ананың мектепен тығыз байланысын арттыру. Мұғалім мен ата-ананың бірлескен жұмысын нығайту. Баланы халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу.

Көрнекілік: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шар, гүлдер, тақырып

шарты, топтың аттары, сұрақтар т. б.

  1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
  2. Ата-ананың ақылы

Сарқылмайтын көлмен тең

  1. Құс балапаны үшін тозаққа түседі,

Адам баласы үшін азапқа түседі.

  1. Адам сәні - өнер, білім, ақылы

Жердің сәні - жеміс, өнім, дақылы

Сөздің сәні - өнегелі, өткір нақылы

  1. Тәуекел тау жығады
  2. Атадан жақсы ұл туса

Елінің қамын жейді

Атадан жаман ұл туса

Елінің малын жейді

  1. Әкеге ұарап ұл өседі

Шешеге қарап қыз өседі

  1. Әке - асқар тау, ана - бұлақ,

Бала жағасында өскен құрақ.

Жұмыстың шарты:

  1. Мен және менің отбасым

(оқушы өзін және отбасын таныстырады)

  1. Ұрпағын тек деп өсірген

а) ата-аналарға сұрақтар беріледі

ә) үзік - үзік сөздерден мақал құрастырады

3. Ата - баба дастүрі - асыл қазына

(1 минут ішінде неше сұраққа жауап беретіні есептеледі) .

  1. Аталар айтқан асыл сөз (мақал - мәтелден жарыс. Жалғасын табу) .
  2. Отбасы және өнер (отбасылық өнер көрсетіледі)

Барысы:

Құрметті ата аналар мен оқушылар! Бүгін сіздер мен бірлесе отырып «Шаңырағым шаттығым» атты отбасылық іс - шара өткіземіз. Отбасы - шағын мемлекет. Ол - тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейін бар тіршілігі отбасында өтеді. Отбасында балалар тәрбиені ата - анадан алады. Ата -ана баласының қашанда жақсы адам, білімді маман болғанын қалайды. Осы мақсаттан шығу үшін ата -аналарың барлық өмірін, балалар, сендерге арнайды. Ендеше әр бала ата - ананың өмірлік ұстанымы болуы керек. Қош келіпсіздер!

а) Балаларды шақырып, топ аттарын анықтау

ә) «Бірлік» және «Ынтымақ» тобы мүшелерімен таныстыру.

б) Қазылар алқасымен таныстыру

в) Шартымен таныстыру. 5бөлімнен тұрады

г) Сәлемдесу

Мұғалім: Осынау іс - шараға

Кліпсіздер жиналып

Сәлем бердік сіздерге

Бізде міне иіліп!

«Бірлік» тобы: Қуансаңыз сіз,

Қуанамыз біз.

Сізге де, сізге де,

Бақыт тілейміз біз!

«Ынтымақ» тобы: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

д) Арнау:

Ұлың өсіп келеді

Ата -ананың үміті.

Тәрбиелеп келесіз,

Ел қорғайтын жігіт.

Қызың өсіп келеді,

Шуақ шашып әр үйге

Гүлдей жайнап өссінші,

Сыйлы болып бәріне.

Ата - ананың жүрегі

«Бала» деп қана соғады

Баласы жақсы адамның

Басына бақыт қонады - деп отбасылық сайысымызды бастаймыз.

І. «Мен және менің отнің отбасым»

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ өзі де,

Олай болса кезекпен

Таныстырып өздерін шақырайық ортаға

Тыңдаған реттік номерін:

№1. Өкешевтер отбасы

№2. Кеншінбаевтар отбасы

№3. Түсіпбековтар отбасы

№4. Дәнебаевтар отбасы

№5. Дәулетхановтар отбасы

№6. Төлегеновтар отбасы

№7. Сытдықовтар отбасы

№8. Кенжебаевтар отбасы

(Қазылардың пікірі тыңдалалады. Бағасы)

ІІ. «Ұрпағын тек деп өсірген». Ата - аналарға сұрақ.

Мақал - мәтелмен жауап беруге шақырамыз.

А) 1. Қар жана ма? (Қалауынтапса қар жанар)

2. инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай)

3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)

4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың

ойлағаны арамдық)

5. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгенің тілін алма)

6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр (көз қорқақ, қол

батыр)

7. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе қонышынан бас)

8. Үлкен көз, үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі

үлкен)

9. Тауық түс көре ма? (тауықтың түсіне тары кіреді)

10. Кімнен кім жаман? (олақтан салақ жаман)

ІІ. «Мақал айтсаң - жол көрсеттің, мәтел айтсаң - жанымды жайландырдың» демекші, ал енді мына үзік-үзік сөздерден мақал құрастыру.

1. Ұядан . . . , Ұшқанда . . . (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)

2. Ата . . . , Бала . . . (Ата - байтерек, Бала - жапырақ)

3. Ер . . . , Ез . . . (Ер бір өледі, ез мың өледі)

4. Өле . . . , бөле . . . (өле жегенше бөле же)

5. Таяқ . . . , Сөз . . . (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)

6. Мал . . . , Жер . . . (Мал баққандікі, жер жыртқандікі)

7. Тентектің ақылы . . . (Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)

8 . . . сүйсіндіреді, . . . күйіндіреді (Жақсы сөз сүйсіндіреді, жаман сөз

күйіндіреді)

9. Мысыққа . . . , тышқанға . . . (Мысыққа ойын керек, тышқанға

өлім керек)

10. Мектеп . . . , білім . . . (мектеп-кеме, білім-теңіз)

ІІІ. «Ата-баба дәстүрі асыл қазына» 1-минут ішінде сұраққа жауап беру.

Ата дәстүр -абырой көтергенге

О, бұл сөздер сүйектен өтер деме

Тоқталамыз енді біз, ал халайық

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге


Ұқсас жұмыстар
Шаңырағым - шаттығым жайлы ақпарат
Қорытынды сөз
Өнерлі бала- елдің көркі байқауы
Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышы
Ана тілім
Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету
Қазақ тілі - менің тілім
Ананы қара
Туған тілім - айбыным
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz