Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Білім бастауы болған әліппені құрметтеуге тәрбиелеу
Тақырыбы: Әліппеге рахмет!
Мақсаты: 1. Білім бастауы болған әліппені құрметтеуге тәрбиелеу.
2. Ата - аналармен бірге мерекелік көңіл - күй арқылы оқуға,
білімге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.
Өтілу түрі: <<Еркетай>> бағдарламасы үлгісінде
Көрнекілік: Интеративтік тақта, шарлар, бейнетаспа, қанатты сөздер, әріптер т.б.
Бағдарлама:
1.<<Алғашқы қадам>>
2.<<Бала тілі - бал>>
3.<<Ертегілер елінде>>
4.<<Ғажайып әріптер>>
5.<<Әліппе - білім көзі>>
6.<<Мұғалім - әз жан>>
7.Қорытынды
Барысы:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар!
Біз бүгін барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізін салған 42 әріпті танытып, сауатымызды ашып отырған сүйікті Әліппемізбен қоштасқалы отырмыз. Осы әліппе арқылы әріптерді танып, сөзбен сойлем құрап, енді оқулықтың бетіндегі жұмбақ, жаңылтпаштарды, ертегілерді, тақпақтарды өзіміз оқи алатын болдық. <<Оқу инемен құдық қазғандай>> демекші, білімде сондай қиын жол. Сол жолдың кішкене ғана бастамасын бастаймыз. Бағдарламамыз бірнеше айдардан тұрады: <<Алғашқы қадам>>, <<Бала тілі - бал>>, <<Ертегілер елінде>>, <<Ғажайып әріптер>>, <<Әліппе - білім көзі>>, <<Мұғалім - әз жан>>.
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушылар бүгінгікұні 42 әріптің қыр - сырын меңгеріп Әліппе оқулығымен қоштасқалы отыр. Мына бейнеден көріп тұрғандарыңыздай бұл біздің <<Алғашқы қадамымыз>>. (Алғашқы қоңырау салтанаты, шашу шашу кезеңі, білім кілтін қабылдау, алғашқы қоңырауды соғу, бата беру рәсімі, күзгі дастархан, ант қабылдау кезі, әліппемен қоштасу, мониторға қарау, видео)
1.Іші толған әріпке
Мынау әйбәт әліппе
Барлық ілім білімнің
Әжесі осы Әліппе (Айзере)
2.Іші толған әріпке
Жаксы кітап Әліппе
Әріптерді жаттаймыз
Есте мықтап сақтаймыз (Аруай)
3.Ұмытпаймыз бәрінде
Біз жазамыз ана деп
Қаһарман ел қазақ деп
Бала шаға ғажап деп (Әнес)
Жеміске құты тола ма?
Бір - бірлеп теріп алмасаң
Әп - сәтте шыға қала ма?
Еккен дәнін ойласаң.
Білім де сондай қарағым
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал, білім боларын
Шам шырағың жолыңа (Дәурен)
Мұғалім: Бүгінгі ән - жырымыз
Әліппеге арналмақ
Әліппені ортаға шақырайық. Төрлетіңіз Әліппе!(хормен)
Әліппе:
Армысыздар жас достар
Армысыздар ата - ана
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Айналайын, балдырған!
Менен білім алдындар!
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам!
2. <<Бала тілі - бал>>(көрініс)
Әліппені бастадық
Көп ойнауды тастадық
Адам болу ниетімен
Білім жолын таңдадық (Асылай)
Дыбыстарды буындап
Буындардан сөз құрап
Әңгімелеп ой жинап
Тіл сындырдың сен біраз (Айзере)
Әліппе алып, әріп танып
Тіл сындырдым
Қолын жайып апам енді
Маған былай бата берді
Бола көрме осал! - деді
Оқып үздік бес ал! - деді
Орындаймын мен талабын
<<3>> емес-ау, <<5>> аламын! (Асылай)
Мұғалім:
<<Бала деген шіркін-ай балдай екен
Таттілігі жая мен жалдай екен!
Арып-ашып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен!>> - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай енді келесі кезекті оқушыларға берейік
Көздері қорықты
Кіші мен ұлық та
Таныған әріпті
Бірінші класта (Айзере)
Барінен жоғары
Тұратын рух та
Кеудеге қонады
Бірінші класта (Марғұлан)
Ардақты арайлы
Салт- дастүр, ғұрыпта
Бойыңа тарайды
Бірінші класта (Аякөз)
Таң атып, күн шығып
Бұғады түн ыққа
Біл сырын құлшынып
Бірінші класта (Дәурен)
Біртіндеп бойлайсың
Тұнса әлем тұныққа
Ғалымша ойлайсың
Бірінші класта (Ұлжан)
Асқанда асқардан
<<Ұяңды>> ұмытпа
Ұлы арман басталған
Бірінші класта (Әнес)
Әдібай Табылдиев: <<Ана мен бала>>
Апа! - деді баласы
Ау,не? - деді анасы
Тек отызда жасыңыз
Неге ағарды шашыңыз?
Ағарғаны шашымның
Көп кейіттің ашындым
Шаршаттың ғой анаңды
Шашым содан ағарды
Кемшілікті біртіндеп
Түзетеді ұлың - деп
Бала тұрды күлімдеп
Ана тұрды күнім! - деп (Мадияр)
Қадыр Мырзалиев <<А>>
Ата, зейін салдың ба?
Бар әріптің алдында
Неліктен <<А>> тұрады?
Деп бір күні сұрадым
Атам менің сауатты
Былай берді жауапты:
Ата, ана, ақыл, ар, адам...
<<А>>дан басталар
Содан шығар, Марғұланым
Бар әріптің алдында
<<А>> - ның тұрғаны (Марғұлан)
Бал бала
Бала, бала балдайсың
Бал жеміспен қандайсың?
Балдай татті бал жеміс
Бал жемістен ал деңіз
Бала, бала балдайсың
Бауырсақпен қандайсың?
Бауырсақтың майы көп
Жеймін <<нәйім, нәйім>> деп (Айзере, Асылай)
Бала, бала балдайсың
Балдан берсем қандайсың?
Алыптардай толамын
Балпанақтай боламын
ІІІ. Ертегілер елінде. Келесі айдарымыз ертегілер елінде деп аталады.
(Әліппедегі ертегілер көрсетіліп келіп ертегілер алфавит деп тоқтайды)
Мұғалім: Жұмбақ: Бірі айтылады да естіледі
Екіншісі жазылады да көрінеді
Ол не? (Дыбыс және әріп)
Ендеше ертегіміз де дыбыс және әріп жайлы болмақ!
Дауысты, дауыссыз дыбыстар (ертегі)
Баяғыда дыбыстар тату өмір сүріпті. Олар әлде бір мемлекетте емес тұп - тура ауызда өмір сүріпті. Дыбыстардың жап жақсы үйлері болыпты. Ол - мынау ауыз екен. Уйлерінің төбесі бар екен. Едені бар екен (көрсетеді). Есігі бар екен (ерін). Қақпасы да бар екен (тіс). Дыбыстар сол үйден емін еркін шығып, кіріп жүреді екен.
Бірде сол үйге айдаһар кіріп алыпты. Ол - мынау тіл екен. Біртіндеп айдаһар олардың тыныштығын бұзады. Өзінің зұлым әрекетін жасап, олардың ойранын шығарады. Дыбыстар есіктен бұрынғыдай емін еркін шыға алмайды. Әр түрлі кедергілерге ұшырайды. Айдаһар оларды бірде төбеге (л), бірде қабырғаға (т), бірде құйрығына іліп алып айналдырады (р). Кейде қақпаны (ж, с), кейде есікті (м) жауып тастайды. Дыбыстар кедергілерден әрең өтіп, үстілеріне көк көйлек киіп шығады (в, ғ, ң, д). Олар дауыссыз дыбыстар екен. Кейбір дыбыстар емін еркін шығып, үстілеріне қызыл көйлек киіп шығады екен (а, о, е, і). Олар дауысты дыбыстар екен.
<<В>> әрпі (ертегі)
Ертеде <<В>> әрпі орыс тілі дейтін мемлекетте тату өмір сүріпті. Бір күні мемлекетте қақтығыс болып, <<В>> әрпі көрші мемлекет, яғни қазақ тілі дейтін мемлекетке қашып келеді. Бұл мемлекет оны құшақ жая қарсы алады. Өзі дауыссыз деген облысқа барады. Алдында үш аудан болады. Олар үнді, ұяң, қатаң деп өз аттарын қойып алыпты. (Аттарына заты сай деседі). <<В>> әрпі өзінің атын айтқанда ұяң естілгені үшін, ұяңдарға барыпты. Содан бері <<В>> әрпі ұяң қасиетімен қазақ тілі мемлекетіне сіңіп кеткен екен (вагон, вокзал, велосипед).
4. <<Ғажайып әріптер>>
Мұғалім:
Оқитын әрі жазатын
Білімге қол созатын
Оқушы болдың сауатты
Білім кенін қазатын- дегендей
<<Ғажайып әріптер>> айдарында жасырылған жұмбақтарды шешеміз.
<<Ә>> - дегенің-жарты ай
Іші ойылған жартылай.
<<Б>>-ны білесің
Мес қарын.
<<В>> - да сол
Тек қос қарын.
<<Е>>-жақсы әріп бір
<<Ш>>-болар шалқайтсаң.
Ал мында <<У>> тұр ғой
Өзі айнымаған циркуль ғой. (мониторға қарау,слайд)
Дыбыс емес тек әріп
Жіңішкертіп көршісін
Балалар,бұл қай әріп.(Ұлжан)(ь)
Екі <<С>> кеп күресті Арқалары тіресті.(Мадияр)(х)
Аяқта бар, қолда жоқ
Таяқта бар, жолда жоқ.(Аруай)(я)
Қайсы әріп қасарысып
Көнбейтін болуға бас әріп.(Ұлжан)(ң)
Арқасын тіреп жабысып
Екі <<р>> қалған қабысып
Балалар, бұл қай әріп.(Марғұлан)(ф)
Дауыстыға еремін деп
Айрылып қалды жарты үннен
Болды бұл қай әріп
Үстінде жарты Ай ілінген?(Ұлжан)(й)
Екі тіреу, басқыш біреу
Бұл қай әріп?(Әнес)(н)
Жер өлшейтін саржан
Белін буып алған
Бұл қай әріп?(Айзере)(а)
Дөп-дөңгелек жүзік пе
Әлде шеңбер ме?
Мұны соққан ұста ма
Әлде зергер ме?(Дәурен)(о)
Жылқышының құрығындай
Тіп-тік тұруын-ай!(Мадияр)(р)
Алдыңнан тап болар,
Әр үйде қақпа бар
Бұл қай әріп?(Асылай)(п)
Бір қарасаң-егіншінің орағы,
Жарты айға да кейде ұқсап қалады
Бұл қай әріп?(Аруай)(с)
5.Әліппе-білім көзі.
-<<Ол не?>> деген сұраққа
-<<Бұл не?>> деген сұраққа
Жауап табу үшін мен
Үйрендім сенен Әліппем.(Мадияр)
(мониторға қарау,слайд)
Әліппе туралы ән. Сөзі: Е.Өтетілеуұлы
Әні: И.Нүсіпбаев
1.Кел,балалар,келіңдер,
Әліппені көріңдер
Кәне, қарап шығыңдар
Сурет сырын ұғыңдар
Білім бар да,оқу бар
Оқығанды тоқыңдар
Әнімізге ұласар
Әннің аты-Әліппе
Бәрімізде тілашар
Кітабымыз-Әліппе
Оқимын Әліппе
Үйренем әріптер
А-Ә,Б-В,Т
2.Әкең менен анаң да
Апаң менен ағаң да
Шопан,биші,аспаз да
Ғарышкер де,ұстаз да
Барлық - барлық жақсы адам
Әліппеден бастаған.
Әліппе ана-тілін шақырады. Ана-тілі.
Әліппе: Әріптер елінен іздеген қымбат,асыл қазыналарыңды алып келдім.Ол-<<Ана-тілі>>.
Ақыл-ойын дананың
Ана-тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
Ана-тілі: Сәлем,ойшыл достарым
Бүгін ниет қосқан күн
Аянбаймын сырымды
Баяндаймын ғылымды
Талаптыға бәрі бар
Менен оқып алыңдар
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана-тілі пәнімін
Сөйлетер сөзді шеберлеп
Өзіңнің ана-тіліңмін
Байыптап жақсы оқысаң
Негізі менде білімнің
Қ. Қошқар мүйіз ошақтай
Қаулайды от ортада
Қайнап жатқан қазанда
Қазы ма,әлде қарта ма?(Әнес).
О. Отан менің-ата-анам
Отан - досым,бауырым
Отан-өлкем,астанам
Отан-туған ауылым.(Аруай)
Ш. Шөп шауып ап жаздыкүн
Шөмеле жасап тастадым
Шанаға қыста тиеп ап
Шаршағанша тасыдым.(Дәурен)
Ә. Әлияны тербетіп
Әжесі отыр әндетіп
Әлди,әлди,әлди-ай
Әйбатсың-ау, Әлия-ай.(Аякөз)
Л. Лай суды легеннен
Лақ келіп теуіп тұр.(Асылай)
І. Ізетті бала ізденгіш болады
Ілгішке киімін іліп тез қояды.(Марғұлан)
П. Пілден мені таптым де
Пальманы да жат көрме
Бармын парта,паркіңде
Папкіңдегі дәптерде.(Ұлжан)
П. Параходпен жүземіз
Парашютпен қонамыз
Пайдамызды тигізіп
Парасатты боламыз.(Мадияр)
Е. Ерлер аңсап Еркіндік
Ел болуға бекіндік
Еңсесі биік Елімнің
Елордамыз - жер кіндік.(Айзере)
Әліппе: Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам
Оқумен өсіп толыңдар
Аман-есен болыңдар!
Хор: Қош бол,сүйікті Әліппем!
Хор: Әліппем,саған мың алғыс!
Хор: Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет,сіздерге, ата-аналар!
6. Мұғалім - әз жан.
1. 1-класс мониторға қарау,слайд.
Өсіреді сананы
Тура жолға салады
Рахмет айтып ұстазға
Шәкірттері жар салады.
Мұғалім:
Сұрақ : Жарқын болашаққа қадам басып білім алып жатқанымыз ненің
арқасы?
Жауап: Тәуелсіздіктің.
Сұрақ: Тәуелсіздік пен желтоқсан оқиғасына қанша жыл толып отыр?
Жауап: Тәуелсіздікке - 21 жыл.
Желтоқсан оқиғасына-26 жыл.
Ән: Көк тудың желбірегені. Әнес.
Слайд. Астана, Бәйтерек, Елорда, Ту, Назарбаев әліппедегі.
Аңыз,ертек,ән-жырдың (Асылай-Әнес)
Бәрін ойға құйғыздың (Ұлжан-Марғұлан)
Санамызға сен біздің (Дәурен-Айзере)
Бар асылды сыйғызыдың (Аруай-Мадияр)
Жақтың білім шырағын (Аякөз)
Хормен: Рақмет сізге мұғалім!
1. <<Ақылшы мұғалім>>. Марғұлан.
2. <<Өзбек биі>>. Ұлжан.
3. <<Жас дәуірдің түлегіміз>>. Қыздар.
4. Би <<Қаражорға>>. Мадияр,Асылай,Айзере,Дәурен.
5. Ән <<Біз бақытты Жас қыран>>. Хормен.
7. Қорытынды:
Қымбатты, балалар!
Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. <<Әліппе>> сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Әріптердің иесі Әліппеге шексіз алғысымызды білдіре отырып
<<Еңбегі сіңген білімгер>>
атағын тағуға қошемет көрсетейік.
( Оқушылар тақтаға шығып жазады.)
* Әліппеге рахмет!
* Алғыстарым көп менің
Ұстаз-анам-мектебім!
* Қош бол,сүйікті Әліппем!
* Әліппем саған мың алғыс
* Бақытты балалық шағымыз үшін.
Рахмет сіздерге ата-аналар!
* Кеш есте қаларлықтай суретке түсу.
* Құттықтаулар.
Алғашқы қоңырау. 2012
1.Құттықтау сөз.
2.Сәлем саған сүйікті
Алтын ұям мектебім! (хормен)
3.Аппақ бантик тағамын
Айтар талай бар әнім
Қолыма ұстап гүл шоғын
Мен мектепке барамын (Айзере)
4.Сан да санай аламын
Түрлі сурет саламын
Толды жасым жетіге
Мен мектепке барамын (Марғұлан)
5.7-жасқа жеткенмін
Еркеліктен кеткенмін
Кітабымды қолтықтап
Мектебіме жеткенмін (Ұлжан)
6. Қоңырауды соғамын
Мен мектепке барамын
Ата-анамды қуантып
Жақсы оқитын боламын (Дәурен)
7. Қызыл гүл жайнайды төсімде
Қызықты күнім де,кешім де
Алғашқы қоңырау дауысы
Қалады мәңгілік есімде (Мадияр)
8.Ән. Қоңырауым сылдырлап... (Ұлжан)
9. Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз
Жақсы оқитын сабақты
Кілең бестік аламыз(Аруай)
10. Оқитын әріп жазатын
Білімге қол созатын
Оқушы болдым мен енді
Білімнің кілтін ашатын (Әнес)
11. Нағыз білім - ырыс бақ
Дүниені тұр ұстап (Асылай)
Енді біздер сабаққа
Кірісеміз дұрыстап хормен
12. Күлім қағып көкте күн
Тал шыбықтай көктедім
Әлдилейді анамдай
Мейірімді мектебім (Аруай)
13. Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз (Аякөз)
Ән:
* Көк тудың желбірегені
Халқымның асқақ беделі
Махаббат қайрат екеулеп
Шымырлатқаны денені
Көк тудың желбірегені
Жаныңа қуат береді
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені
2.Көк тудың желбірегені
Едіктің асқақ өлеңі
Әр жаққа тартпай қазағым
Бір сөзге жинал дегені
3.Көк тудың желбірегені
Бақыттың елжірегені
Қиырда қалған қазақтың
Көзінің мөлдірегені
15. Жақсылықты жақтаймыз
Әріптерді жатаймыз
Кітаппенен дос болып
Сенімдерді ақтаймыз (Әнес)
Хормен: Біз енді біргеміз
Жолында білімнің.
16. Егемен елдің ұлымын
Ертеңгі күннің ұлымын
Отанын сүйген азамат
Болатындардың бірімін (Дәурен)
17. Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып ән шырқап
Билеп-билеп береміз (Аякөз)
18. Би <<Қаражорға>>
19. Біз қазақ елінің болашағымыз! (хормен)
Қорытынды:
Мұғалім сөзі.
Біз 1-класс оқушылары,мектептің білім кілтін қабылдай отырып: Бар білімді аламыз
Біздің кезек келді енді
Ұстаз көңілін табамыз
Білгір бала боламыз
Сапалы білім,үлгілі тәртібімізбен еліміздің болашағын жалғастырамыз деп уәде береміз.
Шашу: Айзере, Асылай.
Кілт: Ұлжан, Дәурен.
Құт.сөз: Аруай.
Қоңырау: Айзере,Мадияр.
Бата: Ұлжанның атасы.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz