3-сынып қазақ тілі пәні: Сын есім тақырыбының сабақ жоспары

Қазақ тілі 3класс

Тақырыбы: Сын есім

Мақсаты: Сын есім туралы теориялық білім беру. Заттың әртүрлі

белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу.

Сауаттылыққа, жазу, каллиграфиясын, тілін жетілдіру.

Логикалық ойлау жүйесін дамыту.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Корнекіліктер: жемістер, азық-түліктер, ойыншықтар, кесте, плакат, топтама,

тірек сызбалар, дидактикалык парақшатар.

Түрі: аукцион, жаңа білім сабағы

Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша

жазу жұмысы.

Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру. Өткенді пысықтау

ІІ. Негізгі кезең : жаңа сабақ

  • Бүгін сөз табының бір түрі «сын есіммен» яғни заттың белгілерін байқап танысамыз.
  • Мынау не? (алма)
  • Түрі қандай? (қызыл)
  • Көлемі қандай? (үлкен)
  • Дәмі қандай? (тәтті)
  • Иісі қандай? (жұпар иісті жағымды)
  • Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер? (жақсы піскен алма)
  • Оны сапа дейді.

Сонымен алманың сындық ерекшеліктерін атадық. Осы ерекшеліктерді кестеде көрсетіп, сұрағын оқып, жауабын қалтащаға салайық. Ереже шығару.

2. Кітаппен жұмыс 163 жаттығу орындау. Жұпар иіс сөзіне мәндес сөздерді табу.

3. 164 жаттығу . Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып, көшіріп жазу. Заттың түсін, дәмін білдіретін тағы қандай сөздер білетінін ататып, оларды сөйлем ішінде айтқызу.

4. «Сұр қоян» әнін әр түрлі қыймылдар жасап айтқызып, ішінен сын есімді тапқызу.

5. 165 жаттығу . Мына мақалды оқып жатқа жазайық. Мақалдың мағынасын түсіндіру:

Жақсы сөзге жан семіреді,

Жаман сөзден жан қорқады.

Сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұруын сызбамен көрсету.

6. «Мақал, қуаласпақ» ойыны. 1 топ мақалды быстайды. 2-ші топ жалғастырады. 3 топ осы мақалдың ішінен сын есімдерді тез тауып дәптерлеріне түртіп алады және оқып береді.

7. 167 жаттығу . Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу. Осы ережені терең меңгеру үшін, жаттығуды орындау үшін «аукцион» ойнаймыз. Сатушы (аукцион базарының тәртібімен таныстырады) : Міне бір затты көрсетемін, сатып алушылардың қайсысы осы заттың сындық сапасын көбірек айтса, соған сатылады.

Үй, сиыр, көйлек, тамақ.

  • Енді алған заттарыңды жоғары көтеріңдер, көрейін. Білімдерің өмірге

жарапты.

Барлықтарың ұнаған заттарды алған екенсіңдер. Құтты болсын!

ІV. Сабақ қорыту. Сұрақтар қою. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып қазақ тілі: Сын есім тақырыбының пысықтау сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі пәні: Сын есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі: Зат есім тақырыбының ашық сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі: Сын есім туралы сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілі: Қарсы мәндес сын есімдер тақырыбының сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Сын есім (кіріктірілген сабақ - тәжірибе және мәтіндік талдау)
4-сынып қазақ тілі пәні Сын есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары мен өзін-өзі талдауы
2-сынып қазақ тілі сабағы: Сын есім
3-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Негізгі және туынды сын есім
3-сынып қазақ тілі: Сан есім бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz