Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Жердің пайда болуы, жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы

-133985-15240

Ақмола облысы,
Зеренді ауданы,
Бірлестік орта мектебінің
география пәні мұғалімі
Який Хайрат

Сабақтың тақырыбы: Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі,
қозғалысы.
Жалпы мақсаты:
* Жер ғаламшары туралы жалпы түсінік алады.
* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.
* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.
Оқу нәтижелері:
Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа үйренеді, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.
Түйінді идеялар:
Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.
Ресурстар:
Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс (көңіл-күй) парағы, құрастырма суреттер (Астана көріністері)
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
І. Топқа бөлу. <<Астана айшықтары>> суреттерін құрау арқылы 3 топқа бөлу.
Әр топтың топ басшылары тағайындалады.
ІІ. Сергіту сәті. <<Бобер биі>> клипі бойынша.

ІІІ. <<Миға шабуыл>> стратегиясы
1.Біз қандай ғаламшарда өмір сүрудеміз? (Жер)
2.Жер туралы қандай мәліметтер білесіңдер?
Оқушылардың ой-пікірлерін білу.

ІҮ. Мағынаны тану. <<Ортақ нәтижеге жету>> стратегиясы
Олай болса біз Жер ғаламшары туралы білімімізді одан әрі тереңдете түсейік. Ол үшін сендер мына сұрақтардың жауабын мәтінді оқи отырып шығарасыңдар.
1-топтың сұрақтары:
1.Жер қашан пайда болған?
2.Алғашқы кезде жер қандай болған және кейін қандай өзгерістер болды?
3.Жердің жалпы ауданы және оның неше пайызы су, неше пайызы құрлық?
4.Жердің пішіні қандай және оны қалай дәлелдеуге болады?
5.Глобус деген не? Алғашқы глобусты кім жасады және қашан?

2-топтың сұрақтары:
6.Полюс деген не?
7.Экватор деген не?
8.Экватор сызығы жерді қандай жартышарларға бөліп жатыр?
9.Жердің экваторлық және полюстік радиустері нешеге тең?
10.Экватордың ұзындығы неше шақырым?
3-топтың сұрақтары:
11.Жер өз осін қанша уақытта айналады?
12.Күн мен түннің алмасу себебі неде?
13.Неліктен біздің ғаламшарымыз Күн жылуын біркелкі қабылдамайды?
14.Жер Күнді қанша уақытта айналып өтеді?
15.Неліктен жыл мезгілдері алмасады?
16. Жыл деген не?
Бұл сұрақтарды топпен талқылап оны плакатқа жазады (сұрақтары мен жауаптарын). Содан соң <<Елші>> стратегиясын қолдану.
(Жаттығудың сипаттамасы:
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы <<елші>> болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді)
Бұдан кейін электрондық оқулық арқылы Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы туралы көрсету. Және глобуспен де көрсету.
Ү. Ой толғаныс. <<Тақырыптық түйінді сөздер>> стратегиясы.

ҮІ. Бағалау: оқушылар өзін-өзі бағалайды (фигураларды таңдау арқылы: бесбұрыш, төртбұрыш және үшбұрыш)
ҮІІ. Кері байланыс. Көңіл-күй парағындағы суретті таңдап және ол суретті неліктен таңдағанына түсініктеме беру арқылы көңілдерін білдіреді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: негізгі ұғымдар

Ұқсас жұмыстар
Планеталардың қозғалысы
Бүкіләлімдік тартылыс күші
Әлемдік география
Командаға сұрақ
Электр қозғаушы күш және кернеу
Түрлі карталарда меридиандер мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері
Тау жыныстары
100 көлеміндегі қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері . өткенді пысықтау
Дененің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Тірек - сызбаларын сабақта пайдалану
Пәндер