Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы
Қарауылкелді орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары.
Қазіргі жас ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, саналы етіп, өз ұлтының салт- дәстүрін білетін болашақ иелерін тәрбиелеу - баршамыздың міндетіміз.Мектепке дейін бар- лық бала өз отбасында тәрбиеленсе, мектеп жасынан бастап олардың тәрбиесіне мектеп өз үлесін қосады. Мектеп - олар үшін өмірге қадам басқан үлкен табалдырық. Сол табалдырық- ты әрбір бала әртүрлі мінезбен аттайды. Әркімнің алған тәрбиесі әр қалай болғандықтан,көп- шілік ортаға келген баланың өзін саналы оқушымын деп сезінуі үшін мұғалім көп еңбек етуі керек. Ұстаздың алдына келген баланың бәрі ұстаз үшін - бала. Ол біреудің еркесі, біреудің тұңғышы, біреудің жалғызы... Ұлы ұстаз әл-Фарабидің << Адамға ең бірінші білім емес, руха-ни тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі>> деген дана пікірі біздің жұмысымыздың алға қойған мақсаты-мыз іспеттес. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақ-сы түсінген халқымыз - <<Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы>>, <<Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар>> деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен.Ата-аналардың да, ұстаздардың да, қоғамдық ұйымдардың да басты міндеті - жас өскіндердің мөлдір шықтай таза, періштедей пәк жан дүниесін келеңсіз қылықтардан қызғыштай қорғай білуі дер едік. Осындай мүддені көздеген тәрбие жұмысымдағы міндеттерім - оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, құқықтық, имандылық тәрбиесін беру, тәрбиелік іс - шараларды оқушыларды өз елін, ел рәміздерін құрметтеуге адалдыққа, азаматтық, саналы-лық, еңбек сүйгіштік, өзге ұлт өкілдерін сыйлауға, өзара қарым - қатынас жасауға бағыттап жүргізу,оқушыларды ынтымақ - бірлікке үйрету. 10 бағыт бойынша жасалған тәрбие жұмы-сым жыл бойына оқушыларға жан -жақты тәрбие беруде жүйелі түрде жүзеге асып отырады
Балалардың адамға, қоғамға және ұлтқа көзқарасы ата-ананың көрсеткен тәлім-тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ал егер оларға тәрбиені ата-ана мен мектеп бірігіп мейірімін төге бере білсе, олар ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өседі. Осы қағидаларды негізге ала отырып, оқу жылының басында ата-аналармен жұмыс жоспарын бекітіп аламын. Ата-аналарды сыныптың тәрбие шараларын өздері ұйымдаса отырып, белсене араласып өткізуіне ықпал етіп келемін. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған халқымыз келін-дерге жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде ақыл-кеңес берген, сәбиді тұзды сумен шо-мылдырып, денесін маймен сылаған, қол-аяғын созып, <<өс-өс>> деп буындарын бекіткен. <<Денсаулық-зор байлық>> деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Адам бақыт-ты болуы үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиелеуі керек. Яғни салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс. Бабаларымыздың <<Тәні саудың - жаны сау>> деген салауаттылық өмірді иге-рудің жолын көрсеткен нақылын басшылыққа алып, Төлеуханова Дананың ата-анасы ден-саулық сабағында- мектептің медбикесімен кездесу өткізсе, Бауыржанқызы Жанеркенің ата-анасы <<Жұқпалы аурулардан сақтан>> тақырыбында аудандық медбикемен кездесу өткізді.
Балаға өмірінің алғашқы жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек.Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, кішіпейілділігі,ақыл -ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Әрбір ұлттың болашағы , оның білімді де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтар-дың қолында екендігін ескере келе, Әбіш Гүлназымның ата-анасының <<Әдептілік-әдемілік>> тақырыбында әңгіме өткізуі, Римов Диастың ата-анасының <<Жирен жаман әдеттен>> тақыры-бында өткізген сабағы оқушы бойына адамгершілік дәнінің бүр жаруына септігін тигізді деп ойлаймын.
Баланы жастай тәрбиелеуде оның рухани саулығына көңіл бөлуіміз керек.Рухани саулық-қа көңіл қойылған жағдайда адам елмен сыйласымды, ойлау қабілеті жоғары , шама-шарқын білетін, ақылмен іс істейтін, өте сезімтал, табиғатты сүйетін , әдемілікті көре білетін жан бо-лады. Сонымен қатар айналасындағы адамдарға мейірімін төгу, жақсы көру сияқты қасиет-терді бойына сіңіреді. Осы орайда Қайратұлы Мирастың ата-анасы <<Анам және мен>> тақы-рыбында ата-аналармен сайыс өткізіп, бала тәрбиесіне бейжай қарамайтындарын паш етті. Сайысқа ата-аналардың өзі төрелік етуінің өзі - оқушылардың өз ата-аналарының бойынан әділдік пен жауапкершілік қасиеттерді көруіне жол ашты.
Өткен ғасырдағы ұрпақ тәрбиесіне көз жүгіртер болсақ, халқымыз тамаша салт-дәстүр-лерді ұстанған. Тәрбиенің түп-тамыры да, қайнар көзі де - ұлттық құндылықта. Ұлттық құн-дылықтар отбасы мен Отан ұғымынан туындап, мәдени мұралар, ел мен жердің табиғаты, ауыз әдебиеті үлгілері, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызбен жалғасатыны белгілі . Соны балаларға жеткізу мақсатында Наурыз мерекесін жыл сайын ата-аналарымның ұйым-дастыруымен өткіземін. Наурыз тойында 4 сыныпта Қуанышбек Нұрайымның ата-анасы, 1 сыныпта Ерболатұлы Ернұрдың ата-анасы қазақтың ұрпақ тәрбиесіндегі бұрыннан қалып-тасқан дәстүрлерімізден алшақ кетпегенімізді көрсете білді. Ал Бисенғали Нұрбектің ата-анасы өткізген құқық сабағы Отанға қызмет ету құқығы мен ел белгілерін қастерлей білу міндеттерінің ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің қуатты құралы екендігін көрсеткендей болды.
Әрбір адам, ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болмасын, ең алды-мен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін күтуші ата-ана. Бұл әрбір ата-ананың ең жауапты, ең сындарлы қоғамдық қызметі деп түсінеміз. Бала тәрбиесі - үде-мелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт, яғни ол өзінің өсу есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де, қоршаған ортасы - табиғатпен де өзара үйлесім таба білуі тиіс. Көсегемізді көркейтіп, көрпемізді ұлғайтар, ел абыройын асқақтатар азаматтары-мыз - өзіміз шыңдап жатқан бүгінгі балғындар. Бүгінгі адамзат ие болып, мақтаныш тұтып отырған нәрсесінің бәрін ғасырдан-ғасырға ұласып, бірін-бірі ауыстырып келе жатқан ұрпақ-тар жасаған. Бұл орайда бала тәрбиелеуде тиімді әдістерді пайдалана, тәжірибеден өткізіп, оны дамыта беру керек. Өсер ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды саналы азамат етіп қалыптастыру өз қолымызда екенін ұмытпағанымыз жөн!
Пайдаланылған әдебиеттер:
* Педагогика ғылымының Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты <<Қазақ халқының тәлім тәрбие тағылымынан>>, 1992 ж.
* Тәжібаев С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі, 2007
* Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал <<Бастауыш мектеп>> 2006, №2
* Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал <<Бастауыш мектеп>> 2008, №3

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz