Болашаққа нұр құйған тәуелсіздік

Болашаққа нұр құйған Тәуелсіздік.

Мақсаты: оқушыларды Қазақстанның тәуелсіздік жолында небір тар жол, тайғақ кешулерден өткені, ата-бабаларымыздың ерлігін, өрлігін көрсету, мәнін ашу. Елге,

жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту. Елжанды-

лыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, бейнетаспа, суреттер, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Мұғалімнің сөзі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Болашаққа нұр құйған Тәуелсіздік» деп аталатын тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Біз бұдан бұрын Астана туралы және қазағымыздың қонақжайлылығы туралы «Кең болсаң, кем болмайсың» атты тәрбие сағаттарын да өткізген болатынбыз. Сол сабақтардан еске түсірейікші:

-Біз қай мемлекеттің азаматтарымыз?

- Ұлтымыз кім?

- Тіліміз қандай?

- Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?

-Содан бері неше жыл өтті?

-Тәуелсіздік күні қай күн?

-Енді Қазақстан Республикасының жері, байлығы туралы еске түсірсек.

Қ. Р. -ның жер көлемі 2417, 3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни респуликамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. мысалы: Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы - Астана қаласы.

Біздің Қ. Р. өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар.

Мінекей, осындай ұлан-байтақ жерге, бай байлыққа ертеден қызыққан жауларымыз көп болған. Оны қорғау үшін ата- бабаларымыз өз жанын да аямады. Қазақ жерінде соңғы 5 ғасырда 3 мыңдай ірілі-ұсақты көтерілістер мен наразылықтар болған екен. Соның барлығы да қасиетті тәуелсіздік үшін болғаны мәлім.

Көрініспен бастау.

Немере : Ата, не ойлап отырсыз?

Ата : Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немере : Өткен өмір деген не?

Ата : Ә, балам, өткен өмір деген сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немере: Ол қандай болған?

Ата: Ендеше тыңда балам . . .

  1. Нұрайым:

ХІІ ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда, тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен-қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтарытұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты.

2. Айбек:

ХV ғасыр басында дүрліккен ел үдере көшіп, ақтабан шұбырындыға айналды. Содан шұбырған қалың қазақ Қаратаудың баурайында бас қосты. Оларды бірлікке Төле би шақырды.

3 . Асылхан:

Атадан жақсы ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені

Ортасынан қуса игі - дей отырып, ел тағдырына қатысты жайларға белсене қатысып, бәтуәлі істер тындырған.

  1. Дана:

ХVІІІ - ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.

  1. Нұртілеу:

ХХ ғасырдың 16-шы жылғы маусым жарлығына «жігіт бермейміз» деп қарсылық көрсеткендерді оққа ұшырды, қаншасы өз жерінде қырғын көрді. Жаяу жалпы, үй-күйсіз Қытай жеріне, шет елге босып, үрке қашты. Қалған ел аштықтан қырыла бастады.

6 . Нұрана:

1917 жылы да бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап,

қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап көшуге мәжбүр болды.

7. Сандира:

1923-33 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 6 миллиондай халықтың 2, 2 миллионы қырылды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әлі жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде Атамекенін тастап кеткен халқымыздың адамзат тарихында болмаған алапат саны 1 млн 578 мыңға жетті.

Ата: Халқымыздың басына түскен қасіретті кезең сталиндік репрессия жылдары болды.

Немере: Иә, ата, білемін. Әдебиет сабағынан оқытқан бізге. Сонда Мағжан, Ахмет, Сәкен, Ілияс, Міржақып, Шәкәрім сынды аталарымызды алып кетті ғой.

Ата: Иә, дұрыс айтасың. Халқымыздың қаймағы болған сол асыл ағаларымыздың кінәсі өз елінің қамын ойлағаны, тәуелсіздігін аңсағаны еді.

8 . Санжар:

Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жанғандар.

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

9. Амина:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.

10. Гүлназым:

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. Төрт жылға созылған өмір мен өлім алысқан қиян кескі соғыс басталды.

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

11. Жансерік:

1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысында бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттықты, азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.

Мұғалім: Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды. Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР - нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. 1941 - 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Қазақстан КСРО - ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару - жарақпен, оқ - дәрімен, азық - түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:
1. Барлығы-11600 адам;
2. Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97;
3. Қазақ қыздары-2.

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.

12. Қуат:

Заман өзгерді, ел жетілді. Бірақ халық басынан қайғы-мұң әлі арылар емес. Ядролық қаруды сынау ел басына апат болды. Ядролық қаруды сынаудың кінәсінен бұл күндері Қазақстанда бүлінбеген жер жоқ.

13. Гүлхан :

Адам - табиғаттың қожасы емес, баласы,

Өмір қымбат қашанда әрбір жанға.

Оны қорғау борышың, елім, қолда.

Кешегі бір жылдарда айналыпты

Қазағымның даласы полигонға.

14:Бақдаулет :Бұған дейін Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды алыптар туған жерде жылына 18 ретке дейін жарылыс жасалып келді.

Мұғ алім:

ХХ ғасыр ядролық қару деген кесапатты дүниеге алып келді. Сол қару кеңінен қол-

данылмай жатып, өзінің пайда болу кезеңінде-ақ айналасына өлім септі. Сынақтар, сол сынақ өткізетін жер - полигондар пайда болды. Сондай қасіретке әлемнің біраз жері, оның ішінде қазақ жері - халқымыздың аяулы перзенттері дүниеге келген Семей жері де ұшырады.

Ата: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан кезеңі болды ғой. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін қыршын жастар күресті емес пе?

Немере: иә, ата, сол бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалары сөзсіз.

Ата : Желтоқсан оқиғасы еліміздің тәуелсіздігінің бастауы болды десек, артық айтпаймыз, балам.

15. Нұрбек :


Ұқсас жұмыстар
Соңғы қоңырау әзірлемесі
Тәуелсіздік туы желбіре
Тәуелсіздіктің арайлы таңы
Білімнің бастауы болған Әліппеден үйренгендерін тиянақтау
«мен патриотпын»атты үгіт-насихат топтарының байқау-сайысы
Ел нышандары - елімнің мақтанышы
Қош бол, балғын бастауыш!
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы
Менің елім - Қазақстаным
Тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz