Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Жыл оқушысы, 4 класс


[pic]
Мақсаты: 1) оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін
кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
2) оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және
ойлау, ойды жүйелеу қабілетін арттыру;
3) өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ғажайып ұяшықтарға арналған плакат, тақырып бөлімдері жазылған
парақшалар.
Сыныбы: 4 класс оқушылары арасында.
Өткізілген уақыты: 26.04.2013
Барысы:
Ұйымдастыру:
1. Сайыстың мақсатын айту;
2. Сайысқа қатысушылармен таныстыру;
3. Сарапшы мамандармен таныстыру;
4. Жеңімпазды анықтау.
Сайыс шарттары:
1. «Ғажайып ұяшықтар»
2. «Тіл – өнер»
3. «Менің сүйікті ақындарым»
4. Нағыз білгір.

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 4 сыныптар
аралығында өткелі отырған «Жыл оқушысы-2013» сайысына қош келіпсіздер!
Сайысымызға 6 оқушы қатысады, қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болайық.
1.Жауғаштина Назерке. 4 «а»
2. Базарбаева Аружан.4 «а»
3. Байдулла Айбат. 4 «ә»
4. Жақсылықова Фариза.4 «ә»
5. Амантурлин Ұлағат. 4»б»
6. Ойлыбаев Наурыз. 4»б»
Сарапшы мамандармен таныстыру.
Жұмағалиева Айгүл
Кемалова Несібелі.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. 3 кезеңнен кейін ұпайы жоғары екі ойыншы
қалады.Бас жүлдеге сынға түседі. Сонымен дайын болсақ, ойыншыларымызға
сәттілік тілеймін. Алғашқы кезең «Ғажайып ұяшықтар» деп аталады. Мұнда
қазақ тілі, дүниетану, математика пәндерінен сұрақтар қойылады.
Қазақ тілі:
10 ұпай. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлем- жай сөйлем, екі немесе одан да
көп жай сөйлемнен құралған сөйлем – құрмалас сөйлем.
15 ұпай. Сөз тіркесі дегеніміз не?
Екі немесе бірнеше сөздің бір-бірімен байланысуы. Алдыңғы сөз – бағыныңқы,
соңғы сөз басыңқы болады.
20 ұпай. Септік жалғауы дегеніміз не? Қазақ тілінде неше септік бар?
Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын қосымша септік
жалғауы деп аталады. 7 септік бар.
25 ұпай. Жіктеу есімдігі септеле ме?
«Мен» жіктеу есімдігін септеп бер. Атау с.. Мен. Ілік с. Менің. Барыс с.
Маған. Табыс с. Мені. Жатыс с. Менде. Шығыс с. Менен. Көмектес с. Менімен.
Математика:
10 ұпай. Көбейтудің қандай қасиеттері бар? Ауыстырымдылық, терімділік,
үлестірімділік.
15 ұпай.Бір жылда неше күн бар?365 күн.
20 ұпай. Бұрыш шамасын немен өлшейді?Градуспен.
25 ұпай. Римдік санау жүйесінде латын әліпбиінің неше әрпін қолдануға
негізделген? 7 әрпін.

Дүниетану.
10 ұпай.Таулар дегеніміз не? Жер бетінің өте биік жерлері.
15 ұпай. План дегеніміз не? Жер бетіндегі заттарды төбесінен қарағандағыдай
етіп белгілейтін сызба.
20 ұпай. Үгілу дегеніміз не? Қатты тау жыныстарының бұзылуын үгілу дейміз.
25 ұпай. Қазақстанның облыстары белгіленген карта қалай аталады?
Қазақстанның әкімшілік картасы.

«Тіл – өнер» бөлімі. 10 ұпай.
Мұнда мақал айтылады, бір сөзі айтылмайды. Сіздер сол сөзді тауып, оны
орыс тіліне аударасыздар.Әр сайыскерге 2 мақалдан.
1. Ашу – дұшпан, ақыл - ... (дос-друг)
2. Адамды адам еткен - ... (еңбек-труд)

1. ... өмір шырағы. (Білім – знание)
2. Досы көпті - ... алмайды. (жау-враг)

1.Талдың көркі - ...(жапырақ-лист)
2. ... бас жарады, бас жармаса тас жарады. (Тіл – язык )

1. ... – алтын қазына. (кітап-книга)
2. ... жауса – жер ырысы. (жаңбыр-дождь)

1. Қыстың қамын ... ойла. (жаз-лето)
2. ... қадірін – ауырғанда білерсің. (денсаулық-здоровье)

1. Көз – қорқақ, ... – батыр.(қол-рука)
2. Баланың бас ұстазы - ... . (ата-ана-родители)

« Менің сүйікті ақындарым.» 10 ұпай.
Бұл кезеңде ақындардың өлеңі оқылады, сіздер оның авторын айтасыздар.
1. Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Абай. «Күз»
2. Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Т.Молдағалиев. «Біздің ту»
3. Адам да, мал да өзінше
Жүр жадырап далада.
Жаңа жылды қарсы ап тұр,
Кәрі де, жас та, бала да.
С.Сейфуллин. «Наурыз»
4. Еріншек таза жүре алмас,
Кірі-қоңын жуа алмас.
Харекет жоқ, ғылым жоқ,
Өз бойынан ұялмас.
Шәкәрім. «Еріншек»
5. Тебем деп, тірі болсам надандықты,
Сер етіп, өз-қзіме еткем егес.
С.Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам
болып.»
6. Ұят деп жұбатты жыласақ,
Ұят деп тоқтатты шуласақ.
Тіл қатпай тістендік құласақ,
Сол сөзден тыншыдық, туласақ.
Ж.Молдағалиев. «Ар-ұят туралы»
Құрметті сайыскерлер! 6 оқушының ұпай сандарын есептейік.
1.Жауғаштина Назерке. 4 «а» 25 ұпай
2. Базарбаева Аружан.4 «а» 40 ұпай
3. Байдулла Айбат. 4 «ә».15 ұпай
4. Жақсылықова Фариза.4 «ә»35 ұпай
5. Амантурлин Ұлағат. 4»б»25 ұпай
6. Ойлыбаев Наурыз. 4»б»40 ұпай.
Ең жоғары ұпай жинаған мына екі сайыскер Базарбаева Аружан , Ойлыбаев
Наурыз 40 ұпаймен тең, бас жүлде үшін сайысқа түседі.

Нағыз білгір.
10 сұрақтан беріледі, әр жауапқа 1 ұпайдан есептеледі.
1. Жылқы атасы. Қамбар ата.
2. Екі ақынның сөз өнерімен сайысы. Айтыс.
3. Тік бұрыш неше градусқа тең.90
4. Қазақтың ұлттық аспаптары.Домбыра, қобыз, сазсырнай.
5. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады?1991ж.
6. Гимн авторлары.Ж.Нажімеденов,Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов.
7. Тұңғыш қазақ ғарышкері.Т.Әубәкіров.
8. Қазақстанда неше облыс бар?14
9. Қазақша қазір қай жыл? Жылан.
10. Қазақтың үш биін ата.Төле,Әйтеке,Қазыбек.
Қорытынды.
Қымбатты оқушылар! Бүгінгі «Жыл оқушысы-2013» сайысы өз мәресіне
жетті. Сайысымыз жыл бойы алған білімдеріңізді жүйелеп, тексеріп,
қорытындылау мақсатында болатын. Сайыс барысында өз білімдеріңізді сарапқа
салдыңыздар, біліктіліктеріңізді көрсеттіңіздер! Сіздерді өзө елін шын
сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар және
нағыз білгірлер болады деп сенеміз!
Нәтижелерін шығару, «Жыл оқушысы-2013» сайысының бас жүлдесі үшін
күресте Базарбаева Аружан 47 ұпай жинады.Ал 48 ұпаймен бас жүлдені жеңіп
алған 4 «а» сынып оқушысы Ойлыбаев Наурыз марапатталады.
Мақтау қағаздары мен алғысхаттар табыс ету.

Сәлеметсіз, Мейрамгүл!
Презентацияны осында прикрепить етіп салыңыз.

Сертификат алу үшін егер қағаз түрінде алғыңыз келсе 2500 тенге ал
электронды түрде алғыңыз келсе 1500 тенге ақша аудару керек. Электронды
түрде ақша счетқа түскенен кейін 1 күнде сіздің эл. почтаңызға жіберіледі.
Ал қағаз түрінде казпочта арқылы алсаңыз біраз күтуге тура келеді, себебі
казпочтаның жылдамдығына байланысты болады.
Әр сертификатқа тек 3 сабақ тақырыбы жазылады!

Халық банкісі арқылы:
(халық банкісінің картасы ) 6762 0035 0787 6604 мына карточка счет:
KZ136010002005481009 Ақшаны банкомат және банк терминалдары арқылы аударуға
болады. Ақша аударған соң чек алып, оның сканерін маған почтаға жіберіңіз!

Qiwi терминалдары арқылы:
Qiwi терминалдары арқылы да аударуға болады. (единица түрінде емес!)
Кошелек номері 7771263017 
Qiwi терминалдары арқылы қалай аудару керектігін сайттың бірінші бетінен
көруге болады
Киви кошелекке ақша салған кезде мұқият болыңыз, кошелек номерін тексеріп
барып жіберіңіз!
Ақша аударған кезде, чек алуды ұмытпаңыз және сканерден өткізіп, бізге
жіберіңіз!

Ақша аударып болғаннан соң мына үлгіде:
аты жөніңізді, жіберген сабақтарыңызды жазып маған жолдаңыз.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті №170 орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі 
Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы

1.Жазбаша қосу және азайту
2. Астана
3. Он екі жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп
мұғалімін дайындау мәселелері

[pic]

Өткізген: Тулегенова Мейрамгул
Дүсіпова Оралгүл
Өтесінова Ақтілек

2013ж сәуір
10 ұпай. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлем- жай сөйлем, екі немесе одан да
көп жай сөйлемнен құралған сөйлем – құрмалас сөйлем.

15 ұпай. Сөз тіркесі дегеніміз не?
Екі немесе бірнеше сөздің бір-бірімен байланысуы. Алдыңғы сөз – бағыныңқы,
соңғы сөз басыңқы болады.

20 ұпай. Септік жалғауы дегеніміз не? Қазақ тілінде неше септік бар?
Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын қосымша септік
жалғауы деп аталады. 7 септік бар.

25 ұпай. Жіктеу есімдігі септеле ме?
«Мен» жіктеу есімдігін септеп бер. Атау с.. Мен. Ілік с. Менің. Барыс с.
Маған. Табыс с. Мені. Жатыс с. Менде. Шығыс с. Менен. Көмектес с. Менімен.

10 ұпай. Көбейтудің қандай қасиеттері бар? Ауыстырымдылық, терімділік,
үлестірімділік.

15 ұпай.Бір жылда неше күн бар?365 күн.

20 ұпай. Бұрыш шамасын немен өлшейді?Градуспен.

25 ұпай. Римдік санау жүйесінде латын әліпбиінің неше әрпін қолдануға
негізделген? 7 әрпін.

10 ұпай.Таулар дегеніміз не? Жер бетінің өте биік жерлері.

15 ұпай. План дегеніміз не? Жер бетіндегі заттарды төбесінен қарағандағыдай
етіп белгілейтін сызба.

20 ұпай. Үгілу дегеніміз не? Қатты тау жыныстарының бұзылуын үгілу дейміз.

25 ұпай. Қазақстанның облыстары белгіленген карта қалай аталады?
Қазақстанның әкімшілік картасы.


Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік - таң нұры жайлы ақпарат
Отан үшін аянбай соғысты олар
«екі жұлдыз» ән байқауы
Бағдарлама авторлары
Класс жетекші қызметінің циклограммасы
Сырласайық жеңеше. тәрбие сағаты
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар
Мамандық таңдауым –маңызды мәселе
Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік
Таныстыру
Пәндер