Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұлттық тәрбиені білім беру үрдісіне ендірудің маңыздылығы
Куденова Қарақат Болатқызы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
№34 орта мектеп
Астана қаласы
Ұлттық тәрбиені білім беру үрдісіне ендірудің маңыздылығы
Адамның бойындағы қандай да қасиеттер, мейлі жақсы, мейлі жаман болсын ол адамгершілік, білім-парасаты, инабаттылық, кісілік мінез, еңбек дағдысы, - бәрі-бәрі үлгі-өнегені үйрену арқылы жұқпақ. Оның негізі ұлттық тәрбие беруде. Ұлттық тәрбиенің түп төркіні халық педагогикасымен тығыз байланысып жатқандықтан, ол халықтың рухани әрекетінің барлық саласын қамтиды. Ұлттық тәрбиені қазіргі заманның жаһандану сипатымен үйлестіру, адамның ұлттық қасиетін қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Қоғам жаңарған сайын адам да жаңара түседі, оның мінез-құлқы да жаңарып отырады. Білім берумен қатар, қоғамға адал, арлы, мәдениеті мол адам тәрбиелеу барлық оқу орындарының міндеті. Осы жолда білім беру сипатын ұлттық тәрбиеге негіздеп алғанымыз жөн.
Ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі тым тереңнен басталады. Ұлттық тәрбие алған ұрпақтың дені сау, ақылды, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, кішіпейіл болып өседі. Бұрынырақта баласын тәрбиелеу мақсатында баланың өмірі мағыналы болсын деп, ұлы адамдардың қасына қосып қойып, солардың қасында жүру арқылы, аталы сөздерін тыңдап өсу арқылы тәлім-тәрбие үйренуге ықпал еткен. Сондай адамдардан тәрбие алған адамдардың біразы кейіннен халқымыздың біртуар азаматы болып ержетіп отырған. Кейін ел ісі де осындай жастардың қолына өтіп отырған. Жалпы, қазіргі кездегі мәселе халыққа, яғни ұрпаққа ұлттық тәрбиені қалай береміз, оны қалай ұйымдастырса болады және оған деген біздің зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірі қалай деген сұрақ туады?
Алдымен, тәрбие дегеніміз не? Тәрбие - жеке адамдардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін мақсатты түрде жүргізілетін қоғамдық өмірдегі ең басты әрекет. Жеке тұлғаны өмірге бейімдеп, жан-жақты дамыта даярлау үшін бұл қасиетті әрекетке жеке адам ұжым, топ, жалпы әлеумет жауапкершілікпен қатысады. Қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт дәстүрлер негізінде жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асады. Халықтың өмірін, рухын және тілдерінен тұратын ішкі заңдары, оның ұлттық болмысын, мінезін таныту бүгінгі таңда жастардың тәрбиесіне берер пайдасы мол.
Ғасырлар бойы жалғасқан мол халықтық мұра - тәлім-тәрбие негіздері қайта қаралып, ұлттық тәрбиелік білім беруге бет бұрсақ құба-құп болар еді. Оның басты түйіні халық ауыз әдебиетінің түрлері мен аңыз-әңгімелерінде, ертегілерінде, батырлық жырларда, ғибраты мол би-шешендердің нақыл сөздері мен тәрбиелік ой-пікірлерінде жатыр. <<Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті>>, - деп, кезінде ғалым М.Жұмабаев айтқандай, ұлт тәрбиесін білім беру саласына дұрыс деңгейде енгізе білсек, бүгінде белең алып жатқан жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан арылуға жол салған болар едік. Ой- санасы қазақыланған қоғамның одан әрі ұлттық педагогикаға, ұлттық тәрбиеге тезірек мойын бұратыны сөзсіз. Мәйегі тамған шұрайлы тіліміздің байыбына барып, оның мән-мағынасын ұғыну үшін тек қана тілі, ділі, менталитеті қазақша ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Сонда ғана олар, пәлсапаға тұнып тұрған асыл жауһарларымыз-шешендік сөздер, мақал-мәтелдердің қадіріне жетер еді. Асан қайғының ой-мұңы, Махамбеттің айбыны болған, Бұқар жыраудың парасатын пайымдатып, ұлы Абайдың даналығын мойындатқан қазақ тілінің қадір-қасиетіне жетер болсақ біз ұтпасақ, ұтылмасымыз анық.
Ұлттық өзіндік сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал, ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады. Өз ұлтыңа деген құрметтің көрсеткіші - ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жастарға ұлттық сана төмен болса, халық халықтық қасиетінен айрылып, мылқау тобырға айналатынын түсіндіре отырып, оның алдын алу жайы және оны болдырмауға тәрбиелеу көзделеді. Бұл жолда білім беру мекемелерімен бірге бұқаралық ақпарат құралдарын да тиісті арнаға сай ұйымдастырудың берері мол.
Отбасынан алған тәрбие балабақшадағы тәрбиемен, одан мектеп тәрбиесімен жалғасын табады. Мектеп тәрбиесінде ұлттық тәрбиеге, мемлекеттік тіл мен қоғамдық ой-мақсаттарға ерекше көңіл бөлінеді. Мектепте ақыл-ой, дене, адамгершілік тәрбиесіне, еңбек тәрбиесіне, экологиялық тәрбиеге, эстетикалық тәрбиеге, отансүйгіштік тәрбиеге, халықаралық достық тәрбиесіне көбірек көңіл бөлініп, бәрі ұлттық тәрбиемен (халық педагогикасымен) байланысты жүргізіледі. Қалай тәрбие берсең бала соған қарай бейімделіп, сол арнаға түсіп жүре береді. Оны көп ерік-жігердің, қажыр-қайраттың арқасында түзеуге тура келеді. Бұл жөнінде Абай да: <<Егер закон қуаты қолымда болса, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім>>,-деген болатын.
Адам тәрбиені, дүниедегі бар қасиеттерді, мейлі ол жақсы болсын, жаман болсын дүниеге келген отбасы - алтын бесігінен, білім алған алтын ұя-мектебінен, өмір сүріп отырған ортасынан алатыны белгілі. Өйткені, адам қоғамнан, қоғам адамнан тыс өмір сүре алмайды. Ал, қоғамда адам тәрбиесі атамызда қалған ұлттық тәрбие негізінде үйлесе берілгені дұрыс. Қазақ тарихында адам баласын соттау сынды үкім ешқашан болмаған. Сол кездегі <<тентек>> баласын халық өзіндік үкіммен ақылмен дұрыс жолға қоя білген халық. Ал, бүгінде небір жаза түрлері заң жүзінде қарастырылғанымен, қылмыс түрлері азаяр емес. Себебі неде? Неге бүгінде жастардың азғындауы өсу үстінде? Бұрынғы атамыз қазақтың тәрбие үлгісінің сыры неде деген сұрақ көкейге ұялайды. Қазақ ұл мен қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, <<қызға қырық үйден тыю>>, <<ұлыңды бөтен үйден тойдырма, қызыңды бөтен үйге қондырма>>, <<ұлың өссе ұлықтымен, қызың өссе қылықтымен>> деп, бала тәрбиесіне бір отбасы емес, барлық ауыл болып көңіл бөлген. Сол себепті де тәрбие жайттары дұрыс қалыпта болған. Міне, сол бала бақшасы мен университеті, театры мен мектебі болмаған қоғамда ұлттық тәрбие ең пәрменді құрал болып келгені белгілі. Халқымыздың, ата-бабамыздың ақыл-парасатының биіктігі, ойлау жүйесінің кемелдігі дүние жүзі халықтарының ешқайсысынан бірде-бір кем емес. Кей тұрғыда оқ бойы озық кетіп, тамсантып, таңырқатып жататыны және бар. Сондықтан да, кезінде халқымыздың біртуар азаматы М.Әуезов <<ел болам десең, бесігіңді түзе>>, - деп көрегендік танытқан. Бұл тұрғыда, Спандияр Көбеев те: <<...балаларды жас кезінен бастап әдепті, мейірімді, отаншыл, ұйымшыл етіп баулу - оларды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу болып табылады>>, деп атап көрсеткен.
Ұлттық тәрбие берудегі негізгі тетіктерін айырып, білім беру үрдісіне ендіру жолын дұрыстау - бүгінгі күннің елеулі де өзекті мәселелерінің бірі. Ол тетіктерге, біріншіден - мемлекетшілдік нышандарды дамыту, оны ұлттық тәрбиемен ұштастыру, яғни, отаншылдық рухын ояту. Ұлттың мәңгілік болуы оның уақытқа бағынбайтындығында және ұлттың мәңгілік болуы халқын, жерін, елін сүйетін азаматтарды қалыптастырып, тәрбиелеуде болмақ. Бүгінгі таңда біздің еліміздің көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуымыз үшін ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Басты міндетіміз-рухани және әлеуметтік, адамгершілік дүниесі бай, жаңашыл, шығармашылық ойлау қабілеті мен ұлттық дүниетанымдық мәдениеті жетілген зерделі тұлға қалыптастыру. Сондықтан да, Отанымыздың болашақ дамуына үлес қосатын ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ұлтжандылық дегеніміз - адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына - Отанына деген аса терең сезімі. Біз - жаңадан аяғына тұрып келе жатқан дамушы мемлекетпіз. Егер де, қазіргі жағдайымыз бен күш-қуатымызды білім-білік пен рухы биік жастарды отаншыл етіп тәрбиелеуге жұмсар болсақ, ол еліміздің қауіпсіздігіне де, ұлттық мүдденің үдесіне де жасаған қызметіміз болар еді. Бұл жайында еліміздің ертеңі - жастарымыздың өмірден өз орнын тауып, қарым-қабілеттерін шыңдап, әлеуетін анықтап, танытуына барынша жағдай жасау керек екендігі жайында Елбасы өзінің халыққа жолдауында да ашық айтқан болатын. Бүгінгі білім алушы жас - ертеңгі ана немесе әке. Ол алған ұлттық тәрбиелік білімін өз санасында ғана қалдырып қоймай, отбасында балаларына үйретіп отырар болса, егеменді еліміздің болашағы айқын. Кез-келген елдің он-он бес жылдан кейінгі болашағын сол елдің тәрбиелеу - білім беру саласына қарап дәл анықтауға болады. Келешек ұрпақтың қамын бүгін ойлау - біз бен сіздің тікелей міндетіміз, азаматтық борышымыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz