Жедел өткен шақты қайталау

Жедел өткен шақты қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қайталау, етістіктің шақтары туралы білімдерін нығайту, -ды/-ді, -ты/-ті қосымшаларын нақты мысалдармен дәлелдеп ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың сауаттылықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: жан - жақты білімді, ана тілін терең меңгерген елжанды тұлға қалыптастыру;

Сабақтың әдісі : Сұрақ - жауап, түсіндірмелі, ізденіс сабағы

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, сызбалар

Оқыту формасы: Жұптап оқыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

2. Оқу құралдарын тексеру

ІІ. Білім деңгейін тексеру.

1. Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесің? Шақтың қандай түрлері бар?

2. Өткен шақ деген не?

3. Өткен шақ мағынасы мен жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді?

4. Жедел өткен шақ деген не? Жасалу жолдарын айт.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Балалар, байқасақ, -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары кейде жұрнақ, кейде жалғау болып келеді екен. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың мақсаты: -ды/-ді, -ты/-ті қосымшаларын нақты дәлелдермен тиянақты меңгеру.

  1. - ды/-ді, - ты/-ті қатыстық сын есім жасайтын жұрнақтар:тасты жер, құмды аймақ, сүтті сиыр, ақылды балат. б.
  2. - ды/-ді, -ты/-ті жедел өткен шақ жұрнағы
  3. - ды/-ді, -ты/-ті - табыс септігінің жалғауы, зат есімге және заттанған есім сөздерге жалғанып, сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады. Кімді, нені деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:Көкторғын Көкшетауды мұнар басқан . . . (С. Сейфуллин) . Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды (мақал) . Енді оған сөйлеуді қойдым.
  4. - ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары - ІІІ жақтың жіктік жалғауы. -ды/-ді, -ты/-ті жіктік жалғауы тек көсемшенің (іс - әрекетті білдіретін етістіктің ерекше түрі) -ып, -іп, -п, -а, -е, -й жұрнақтарынан кейін ғана жалғанады.
  5. Етістіктің түбір тұлғасына тікелей жалғанғанда жұрнақ болады: барды, келді, ішті, жатты, көрді, т. б.
  6. Етістіктің туынды түбіріне жалғанғанда жұрнақ болады:көбейді, теңгерді, тазалады, ойнады, тістеді, көгерді, қысқарды, ағарды, зарықты, басқарды, жарқырады, түнеді, бастады, т. б.
  7. Етістіктің болымсыз түріне жалғанғанда жұрнақ болады:бармады, көрмеді, айтпады, кетпеді, т. б.
  8. Етістіктің іс - әрекеттің орындаушыға қатысын білдіретін түрі - етіске жалғанғанда жұрнақ болады:сыланды, киінді, тартысты, айтқызды, жасатты, көрсетті, т. б.
  9. Нақтылау мәнді білдіретін демеулік шылау. Бұл оқиға екі жыл бұрын болғанды.

Өткен материал бойынша тақтаға тірек сызба салынады:

Табыс септігінің ІІІ жақ жіктік жалғау

жалғауы

жедел өткен шақ жұрнағы нақтылық ұғымды қатыстық сын есім

бідіретін демеулік жасайтын

шылау жұрнақтар

IV. Сабақты бекіту

1. Тірек сызбаны пайдаланып оқушыларға бірнеше сөйлем айтқызу. Жұптап оқыту әдісі арқылы сабақты бекіту.

2. Тапсырма. Мәтіндегі тұлғалас -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары бар сөздерге сатылай кешенді талдау жаса.

3. Тақтамен жұмыс. Екі жұп оқушы тақтаға шығады. Сәнділігімен сән - түбірі, зат есім; -ді - қатыстық сын есім тудырушы жұрнақ; -лік зат есім тудырушы жұрнақ (кейінді ықпалдың әсерінен к-г) ; -і - тәуелдік жалғауының ІІІ жағы; -мен - көмектес септігінің жалғауы. Қалай көзге түседі? (Пысықтауыш қызметін атқарып тұр) Тігіледі, алынды, болған - ды сөздері осы ретпен талданды.

4. «Жедел жауап» ойыны. Екі жұп оқушы тақтаға шығады. Слайдпен берілген перфокартаны толтырады.

1 - ші оқушы.

Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат
Табыс септігінің жалғауы
Қатыстық сын есімнің жұрнағы
Жедел өткен шақтың жұрнағы
ІІІ жақ жіктік жалғау
Демеулік шылау
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат: Ақылды
Табыс септігінің жалғауы:
Қатыстық сын есімнің жұрнағы: +
Жедел өткен шақтың жұрнағы:
ІІІ жақ жіктік жалғау:
Демеулік шылау:
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат: Оқуды
Табыс септігінің жалғауы: +
Қатыстық сын есімнің жұрнағы:
Жедел өткен шақтың жұрнағы:
ІІІ жақ жіктік жалғау:
Демеулік шылау:
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат: Оқыды
Табыс септігінің жалғауы:
Қатыстық сын есімнің жұрнағы:
Жедел өткен шақтың жұрнағы: +
ІІІ жақ жіктік жалғау:
Демеулік шылау:
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат: Қабілетті
Табыс септігінің жалғауы:
Қатыстық сын есімнің жұрнағы: +
Жедел өткен шақтың жұрнағы:
ІІІ жақ жіктік жалғау:
Демеулік шылау:
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат: Білгенді
Табыс септігінің жалғауы:
Қатыстық сын есімнің жұрнағы:
Жедел өткен шақтың жұрнағы:
ІІІ жақ жіктік жалғау:
Демеулік шылау: +
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат: Көргенді
Табыс септігінің жалғауы:
Қатыстық сын есімнің жұрнағы: +
Жедел өткен шақтың жұрнағы:
ІІІ жақ жіктік жалғау:
Демеулік шылау:
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат: Дарынды
Табыс септігінің жалғауы:
Қатыстық сын есімнің жұрнағы: +
Жедел өткен шақтың жұрнағы:
ІІІ жақ жіктік жалғау:
Демеулік шылау:
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат: Сескенді
Табыс септігінің жалғауы:
Қатыстық сын есімнің жұрнағы:
Жедел өткен шақтың жұрнағы: +
ІІІ жақ жіктік жалғау:
Демеулік шылау:
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат: Айтыпты
Табыс септігінің жалғауы:
Қатыстық сын есімнің жұрнағы:
Жедел өткен шақтың жұрнағы:
ІІІ жақ жіктік жалғау: +
Демеулік шылау:

2 - ші оқушы.

Тұлғалас -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары
Берілген қосымшаларға лайықты сөздер жаз. Өткен ережелерге лайықты әр түріне мысал келтір.
Тұлғалас -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары: Табыс септігінің жалғауы
Берілген қосымшаларға лайықты сөздер жаз. Өткен ережелерге лайықты әр түріне мысал келтір.: Кітапты (алдым)
Дәптерімді (қаптадым)
Тоқуды (қнатамын)
Санағанды (үйрендім)
Кішіні (ренжітпе)
Тұлғалас -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары: Жіктік жалғау
Берілген қосымшаларға лайықты сөздер жаз. Өткен ережелерге лайықты әр түріне мысал келтір.:
Тұлғалас -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары: Қатыстық сын есімнің жұрнағы
Берілген қосымшаларға лайықты сөздер жаз. Өткен ережелерге лайықты әр түріне мысал келтір.:
Тұлғалас -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары: Жедел өткен шақтың жұрнағы
Берілген қосымшаларға лайықты сөздер жаз. Өткен ережелерге лайықты әр түріне мысал келтір.:
Тұлғалас -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары: Демеулік шылау
Берілген қосымшаларға лайықты сөздер жаз. Өткен ережелерге лайықты әр түріне мысал келтір.:

Әр жұп оқушылары бағаланады.

V. Сабақты қорытындылау

  1. Табыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болады? Тура толықтауыш па, жанама толықтауыш па, түсіндір
  2. Жіктік жалғауы өткен шақтың қай түрін жасайды?
  3. Жедел өткен шақтың жұрнақтары етістіктің қандай түрлеріне жалғанады екен?
  4. Қатыстық сын есімге мысал келтір
  5. Демеулік шылауды қатыстырып сөйлем айт. Түсінбегендері болса толықтырамын.

VІ. Оқушылардың білімін бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: 159-жаттығу (мақсатын толық орындау: тұлғалас қосымшаларды ажырату)

Сан есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіру, теориялық білімін практикамен ұштастыру
  2. Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту
  3. Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, достыққа, әдептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Сабақ типі : қайталау ойын сабағы

Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, проблемалық жағдай т. б.

Сабақ көрнекілігі : мультимедия кабинеті, компьютер.

Пәнаралық байланыс : математика, әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, музыка

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығы, оқушылардың сабақ бастауға көңіл - күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару

ІІ. Пысықтау үшін сұрақтар:

  1. Есептік сан есімге - ау, - еу жұрнақтары жалғанғанда қандай өзгеріс болады?
  2. Күн, жыл аттары араб цифрымен берілгенде қалай жазылады?
  3. Сан есімнің мағынасына қарай түрлері нешеге бөлінеді?

ІІІ. Жаңа сабақ: Жаңа сабақтың эпиграфы

Бір мен екі алмаңдар

Үшке алданып қалмаңдар

Кілең төрттік алғандар

Бесті ғана армандар

Бір ақынның атында

Екі тұбір, төрт буын

Төртеуі де бітеу буын.

Мұны тауып бірінші

Айтар екен кім бұрын?

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Сан есімнен өткенді қайталау» тақырыбы. Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Ойынымыз 8 турдан тұрады.

1 - тур. «Білгенге маржан» ойыны.

Берілген сұраққа дұрыс нақты жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.

  1. Сан есім дегеніміз не?
  2. Сан есімнің сұрақтарын ата?
  3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?
  4. Дара сан есім дегеніміз не?
  5. Күрделі сан есімдерге мысал келтір?
  6. Сан есімнің мағынасына қарай түрлерін ата?
  7. Есептік сан есім сұрақтары?
  8. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтар?
  9. - ау, - еу жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім?
  10. Нешінші? Қай сан есімнің сұрағы?
  11. Қай сан есімдерге - ау, -еу жұрнақтары жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіріліп қолданылады?
  12. Болжалдық сан есімдер жасайтын жұрнақтарды ата?
  13. Қаншадан? Нешеден? Сұрақтарына жауап беретін сан есімдер?
  14. Оннан екі - қандай сан есім?
  15. Мың, жүз құрамына қарай қандай сан есімдер?
  16. Екеу, үшеу, төртеу қандай сан есімдер?

2 - тур. «Полиглот»

Мақал - мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту шарт

  1. . . . атасын білмеген жетесіз
  2. Қызға . . . үйден тыю
  3. Алты жасар бала алыстан келсе, . . . жасар қария сәлем берер
  4. Өтірік - . . . , шын - . . .
  5. . . . сомын болғанша, . . . досың болсын
  6. . . . ала болса, ауыздағы кетеді
  7. Білекті бірді жығар, білімді . . . жығар
  8. Ер жігіттің . . . сөйлегені өлгені
  9. Жеті рет өлшеп, . . . рет кес
  10. Білгенің . . . , білмегенің - тоқсан тоғыз

3 - тур. Кім жылдам?

Бір буынды, екі буынды, үш буынды сан есімдерді тез тауып жазу шарт

Бір Екі Үш

мың то - ғыз мил - ли - он

Сергіту сәті.

Абай атамыз «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші біздің күнделікті тұрмысымызда, той - думандарымызда айтылып жүрген өлеңдердің де тақырыптары: мысалы: «Жиырма бес», «Екі жирен», «Бір бала», «Жетісу» т. б.

Осы сан есімдердің жасалған өлеңдерді бейнетаспадан тыңдап көрелік.


Ұқсас жұмыстар
Етістіктің шақтары. 11 сынып
Етістік. 7-сынып. тиси технологиясы бойынша сабақ
Өткен сабақтармен байланыстыру
Мақсатты келер шақ
Созылыңқы өткен шақты меңгерту сөйлем құрлымы, жасалу жолы
Етістіктің жасалуы
Шемішке шақсаң шақ, шапшаң шақ
Орта мерзімді сабақ жоспары іі жартыжылдық. қазақ тіл, әдебиеті. 7-сынып
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Дербес компьютер. Компьютердің құрылғылары жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz