Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру

Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру
Аққайнанова Н. Ө.
География пәні мұғалімі
Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субЪект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті.
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.
Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Мектеп оқушылары арасында географиядан пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты-дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, география мамандығын игеруге шақыру, маман-кадрлар дайындауға үлес қосу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде география пәнінің оқушылардың танымдық қабілетін дамытудағы көтерер жүгі аз емес. Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ған шебер ұйымдастыра алады.
Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауы, қиялдауы, сана-
сезімі өседі нақты біліммен қаруланады. Өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлігі мен дағдылары дамиды. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші роль атқарады.
Осы орайда, мен олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибемді ортаға салғым келеді.
Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.
Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:
- Ең алдымен география пәнінің мектеп бағдарламсы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс;
- География оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге, атлас, карталармен және статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу, салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек.
- Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.
Осындай бағыттарда жұмыс жүргізуде мен оқушыларды пәндік олимпиадаға даярлаудың үлгі- жоспарын назарларыңызға ұсынығым келеді.
Бағдарлама 4 кезеңнен тұрады.
І кезең
- Статистикалық мәліметтермен жұмыс;
- Картамен жұмыстар жүргізу;
- Кескін картамен жұмыс;
- Есептер шығарту;
- Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;
- Профиль сызуға үйрету,
- Жоспар бойынша сипаттамалар беруге үйрету;
- Салыстырулар жасауға үйрету;
- Кестемен жұмыс;
- Сызбалармен жұмыс.
ІІ кезең
- Оқушы табиғат құбылыстарын, қазіргі дүниедегі саяси өзгерістерді, жаңалықтарды, ғаламдық проблемалардың себеп-салдарын түсіндіре білуі қажет;
- Нақтылы фактыны зерттеуге, салыстыруға, талдай білуге үйрену, өз бетімен тұжырым және болжам жасай білу.
ІІІ кезең
- Жергілікті жер табиғаты мен экономикасын зерттеу жұмыстарын жүргізу(жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, органикалық дүниесі, ішкі сулары, өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығы, халқы және еңбек қоры, т. б. )
- Оларды картаға түсіру, номенклатураларын жасау, диаграммалар тұрғызу, т. б.
- Статистикалық мәліметтер жинақтау.
IV кезең
Тақырыптық тесттер орындату,
он-лайн тесттер, әр тарауға байланысты тапсырмалар орындату.
Өзім құрастырған осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, оқушыларды облыстық және Республикалық пәндік олимпиадаларға үздіксіз даяралап келемін.
Оқушының іскерлік пен дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді жолы-географиялық есептер мен диктанттар беру арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту. Әсіресе, физикалық география курсы бойынша атмосфера, Жердің қозғалысы, азимут, масштаб, сағаттық белдеулер, гидросфера тараулары бойынша, ал экономикалық география курсы бойынша демографиялық және экономикалық есептерді көбірек орындату керек. Өзімнің құрастырған жинағым, Ресейлік авторлардың және интернеттен алынған есептер жинақтарын өз тәжірибемде тиімді пайдаланып келемін.
Оқушының білімін жетілдіруде статистикалық мәліметтермен жұмыс жасату нақты сандық мәліметтерді пайдалана отырып, оқушыға дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Мұндай мәліметтерге мемлекеттердің, аймақтардың, облыстардың, аудандардың жер көлемі мен халқының саны, ұлттық және жас-жыныстық, діни құрамы, миграциялық көрсеткіштер, өнеркәсіп өнімдерінің өндірілу көрсеткіштері, тауар айналымы, ЖІӨ және оның жан басына шаққандағы көрсеткіші, т. б. жатады. Осындай статистикалық мәліметтер көздерін пайдалана отырып, оқушы график немесе диаграммалар, мониторинг, кестелерді жасауға үйренуі қажет.
Диаграмма және графика- оқу үрдісінде сандық көрсеткіштердің көрнекті бейнеленуі. Оларда табиғи немесе экономикалық құбылыстар көрнекі бейнеленеді. Мерзіміне, саласына, өнім түріне, өндірілу мөлшеріне, т. б. қарай салыстыра отырып, оқушы бағана түріндегі, дөңгелек немесе бағана түріндегі диаграммалар мен графиктер, түрлі-түсті мониторингтер тұрғыза алады.
Оқушының кішігірім ғылыми-зерттеу шығармашылық жұмысымен айналысуы оның өз өлкесінің географиясы туралы мағлұмат алуына жол ашады. Осылайша, ол өз өлкесінің табиғаты мен байлықтары, халқы мен шаруашылық жағдайын бейнелейтін карталар түсіріп, органикалық дүниесі мен жер-су атауларының номенклатурасын жасақтап, тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұматтар жинақтайды.
Оқушыларды олимпадаға дайындауда қосымша әдебиеттерді тиімді таңдай білген жөн. Мен өз тәжірибемде төмендегідей әдебиеттер түрлерін пайдаланамын:
Есназарова Ұ. Ә.
Темірбеков А. Т.
Есназарова Ұ. Ә.
Темірбеков А. Т.
И. И. Баринова.
В. А. Горбанев.
И. В. Душина и др.
География 6-10 классы
словарь школьника
К. С. Лазаревич.
Ю. Н. Лазаревич.
География в таблицах
6-10 классы, справочное пособие.
В. В. Климанов.
О. А. Климанова.
С. В. Агапов.
С. Н. Соколов.
Д. И. Тихомиров.
Экзаменационные вопросы и ответы
География 10-11 классы
Дженни Тайлер.
Лайза Уоттс.
Кэрал Боуир и. др.
“Тесты по географии”
6-10 классы
В. Б. Пятунин.
Ю. А. Симагин.
Н. Г. Кузнецов.
Г. Г. Нестеров.
Қ. Ж. Ағанина.
С. М. Мұсабеков, т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz