Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

"Internet және біз."


Махамбетова Алтынгүл Аскербаевна
Ақтөбе облысы,
Алға қаласы
№1 Алға мектеп-бақшаның
информатика пән мұғалімі

INTERNET және біз.

Компьютер - оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын
құрал ғана. Компьютердің жұмыс қабілеті оның құрылғылары бүлінгеннен ғана
бұзылмайды, сондай-ақ компьютерде сақталған ақпаратпен дұрыс жұмыс
істемегеннен де төмендеуі мүмкін.
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Егер жалпы желіге
бір қаладағы барлық компьютерлерді біріктірсе, онда мұндай құрылымды
аймақтық желі деп атайды. Ал, егер мемлекет ішіндегі, үлкен аймақтағы
компьютерлерді бір желіге біріктірсе, онда ауқымды желі пайда болады.
Ауқымды желі – бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең
белгілі және қол жететін ауқымды желі - Интернет болып табылады. Интернет
желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгертіп
отырады. Бұл ауқымды желінің өте маңызды ерекшелігі:Интернет ешкімнің
меншігі емес. Интернеттің орталықтандырылған басқаруының жоқтығының
нәтижесі – ақпараттық кеңістіктің шексіз бостандығы болып табылады.
Интернет өз тарихын бұдан 30 жылдан артық уақыт бұрын АҚШ-тың Қорғаныс
министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған Arpanet компьтерлік желісінен
бастайды. Бұл желі оқу және ғылыми-зерттеу орталықтарындағы, соғыс
өнеркәсібі кешенінің ұйымдарындағы ЭЕМ-ды біріктірді. Басында желі төрт
компьютерден тұрды. Бұл идея сәтті болғандықтан, желі тораптарының -
компьютерлік орталықтарының саны тез өсті. 1972 жылға қарай тораптар саны
әжептәір өсті. Енді қырық компьютерлік орталықтар өзара электрондық
поштамен алмасып, бірнеше жүз және мың километр қашықтықтағы машиналармен
жұмыс жүргізетін және деректері бар файлдарды жібере алатын болды.
1983 жылға қарай түрлі хаттамаларда жұмыс істейтін бірнеше ірі
желілер пайда бола бастады. Хаттама – компьютерлердің желі бойымен мәлімет
алмасуын сипаттайтын ережелер жиынтығы. Сол жылы ТСР/ІР мәлімет алмасудың
ортақ стандарты қабылданып, Интернет үшін базалық стандартқа айналды. Осы
кезден бастап Arpanet желісі INTERNET-ке өзгерді (inter сөзі «біріктіру»
деген мағынаны білдіреді).
Интернетте желіге қосылған миллиондаған серверлер тұрақты жұмыс
істейді. Интернет серверлеріне миллиондаған пайдаланушылар жергілікті
желілердің немесе коммутациялық телефон сымдары арқылы қосыла алады.
Мысалы, егер сыныптағы компьютерлер жергілікті желіге біріктірілген болса
және осы компьютерлердің ең болмағанда біреуі Internet желісіне қосылса,
онда басқа компьютерлер де осы ауқымды желіге қатынай алады.
Интернет желісіндегі белгілі бір компьютермен байланыс орнату үшін
оның өзіндік Интернет-мекен-жайын(адресін) білу керек.
Бір-бірінен түрлері бойынша ғана ажыратылатын екі мекен жай форматы
бар:
• ІР – мекенжайы;
• DNS – мекенжайы.
ІР – мекенжайды компьютерлер өздерінің қызметінде пайдаланатындықтан,
сандық түрге ие болады. Әр блок 0-ден 255 –ке дейінгі саннан тұруы
мүмкін. Осылайша ұйымдастыру арқылы төрт миллиардтан көп мекенжай
алуға болады.
Бірақ ІР – мекенжайын есте сақтау қиын, сондықтан атаулардың
домендік жүйесі ойлап табылды.
DNS(ағылшын тілінен алғанда Domain Name System – домендік атаулар
жүйесі ) – бұл домендердің символдық атауларын ІР-мекенжайға
түрлендіру мүмкіндігін беретін жүйе. DNS-мекенжай пайдаланушы үшін аса
ыңғайлы болып табылатын әріптік қысқартулардан тұрады. Сен енгізген
DNS-мекенжайы атаулар серверіне жіберіледі және ол бұл мекенжайды ІР-
мекенжайға түрлендіреді.
Домендік атау нүктемен бөлінген екі немесе одан да көп бөліктерден
тұрады.Оның оң жақ бөлігі жоғары деңгейлі домен деп аталады.Әрбір
келесі оңнан солға қарай орналасқан бөліктер домендерге жатады. Домен –
бұл белгілі бір мемлекетке, ұйымға немесе басқа мақсаттар үшін бөлінген
интернеттің домендік атаулар жүйесіндегі аймақ.
Мысалы, Www.Google.Kz мекенжайы үшін жоғары деңгейлі домен –
kz, ал Google – бұл ішкі домен болып табылады.
Интернет пайдаланушыларға көптеген әр түрлі және қызықты
қызметтер ұсынады. Мысалы, барлықтарың www немесе web туралы естіген
боларсыңдар. World Wide Web-ті (қысқаша WWW немесе WEB)
Бүкіләлемдік тор деп те атайды. Ақпаратты WWW-де ұсыну гипермәтіндік
сілтемелердің мүмкіндіктеріне негізделген. Гипермәтін – бұл басқа
құжаттарға сілтемелерден тұратын мәтін. Гипермәтін бетті қарап отырып,
сілтемелер бойынша басқа құжаттарға жеңіл және тез өту мүмкіндігін
береді. Оған қоса сілтемелер арқылы байланысқан құжаттар бүкіл жер
шарында шашырап жатуы мүмкін. Сондықтан гиперсілтемелері бар құжаттарды
web-беттер деп те атайды. Web-беттерді қарап шығу үшін браузерлер деп
аталатын арнайы программалар пайдаланылады.
Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық
интерфейс мүмкіндігін береді.
Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме
белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте
үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан
мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге
елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде
орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік
компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-
қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің
көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына
байланысты.
Компьютер желілерінің көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес,
дүние жүзі деңгейінде де ақпаратты жіберуге және алуға болады.
Ақпарат: хат, есеп беру, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б.
болуы мүмкін.
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық
агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге
aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ
үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк
ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет
күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір
үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл
желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан
ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады. 
Интернет - әлемдегі ең ауқымды әлемдегі ең ауқымды компьютерлік
желі. Оны ғаламшардың кез келген жерінен қатынауға болатын аса үлкен
ақпараттық қойма десе де болады. Интернетте желіге қосылған, ақпаратты
орналастыратын серверлер жұмысістейді. Сенсер - ақпараттың үлкен
көлемін өңдейтін және сақтайтын өте қуатты компьютер.

Ұқсас жұмыстар
Бүкіләлемдік өрмек-интернет. 7-8 сыныптар
Компьютерде отыру денсаулыққа зиян
Интернет бүкіл ғаламдық тор
Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі
Чаттар, Форумдар, ICQ, E-mail электронды поштасы
Кәсіби мемлекет тарауы
Қауіпсіз интернет
Windows желісінің параметрлері
Шетел тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдалану
Іздеу жүйелері
Пәндер