Ш дыбысы және ш әрпі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғ. Мұратбаев ауылы

№91 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Сырлыбаева Назира Ербозовна

Күні:02. 10. 2013.

Сыныбы:1 «А»

Пәні:Сауат ашу

Мұғалімі:Сырлыбаева Н. Е.

Сабақтың тақырыбы :Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты :1. Білімділік: Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және Әрпімен таныстыру, түсіндіру, қатаң дауыссыз екенін ұғындыру. «Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.

2. Тәрбиелік:Ұжымдық жүмысқа үйрету, әдептілік пен ұқыптылыққа баулу.

3. Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі :Кеспе қалта, кеспе әріп, кеспебуындар, суреттер, дидактикалық материалдар, «Ойын-саяхат» схемесы, суретті таблица, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, интерактивті тақта.

Оқыту әдісі :көрсету, түсіндіру, қайталату.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру :Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінінаудару.

ІІ. Мақсат қою :Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын қайталау :Осы уақытқа дейінгі өтілген әріптерді естеріне түсіру.

ІҮ. Жаңа сабақ :-Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Түлкіні!

-Дұрыс, бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп тұр. Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен. Үйіне барайын десе, сол аңдар жолына тұрып алыпты. Балалар, түлкіге көмектесеміз бе?

-Иә!

-Өте жақсы, олай болса түлкіге шытырман жолдар арқылы үйіне жетуге көмектесейік. Ол үшін жолда түлкіні күтіп жүрген аңдардың тапсырмасын орындайық.

1 ) «Аң патшасы арыстанның» тапсырмасы

Үй тапсырмасын қайталату. Осы уақытқа дейін өтілген әріптерді, түсіру. А дыбысынан бастап У дыбысына дейін қайталату. Әрбірдыбысқа сөздерден мысал келтіру. «Буын қос» ойыны а-та, а-па, а-ға, а-ра, а-ла, а-уа.

2) «Қорбаңбай аюдың» тапсырмасы:

-Балалар, аю тапсырмасын қағазға жазып жіберіпті.

-Тыңдаймыз ба?

-Тыңдаймыз!

-Хатты оқимын . Онда, балалар, дыбыс пен әріптің айырмашылығын кім айтып береді? Мен әлі де оқи алмаймын. Дыбыс деген не, әріп деген не?

(балалардың жауаптары тыңдалады, мысал келтіреді)

3. «Жолбарыстың тапсырмасы»

-Балалар, жолбарыс бізге «Алтын сандықша» беріп жіберіпті. Сандықтың ішінде не бар екенін табу үшін сендер жұмбақтар шешулерің керек. Жұмбақ шешкілерің келе ме?(Сандықтың ішіне Ш әрпін салып қоямын)

-Онда мұқият тыңдаңдар:

1. Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

2. Жас кезінде қара орман,

Қартайған соң ағарған. (Шаш)

3. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)

4. Жазда тынығады

Қыста зымырайды. (Шана)

Сонымен, балалар, -Айырға аздап ұқсайтын,

Сабы жоқ бірақ ұстайтын.

Тарақты еске салатын

Қайсы әріп, кім бар табатын?

Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Ш-әрпінің жазба және баспа түрімен таныстыру.

Қос қолда қос қайшысы,

Ш-дан келер шаян да.

Ш-дан сөздің қайсысы

Басталарын баянда! «Күн мен түн» ойыны арқылы балаларға Ш-дыбысы бар сөздерді тапқызу.

Сөздерді буынға бөлу; Шыр-ша, шаш, шаң-ғы, ша-на, шор-тан, ша-ян, ша-ға-ла.

4. «Қасқырдың тапсырмасы» Оқулықтағы берілген сөздерді оқыту.

5. «Тиіннің тапсырмасы » Сергіту жаттығуын жасату;

Бір, екі үш. Бір, екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

6. «Қоянның тапсырмасы »-Баспалдақтан түсу-шар-ар-р, шие-ие-е, .

IY. Жаңа білімді тексеру ; Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату. Сөйлемнің 1-ші сөзі қалай жазылады? Соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Ү. Дәптермен жұмыс; Дәптерлерді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық !(Музыка ырғағымен әдемі жазуға үйрету)

Ш ш әріптерін жазып үйрену.

ҮІ. Білімді бекіту ; -Біз қандай әріпті танып, білдік?-Ш!

-Ендеше, мен қазір сендерге тапсырма беремін, бұл тапсырма «Тырнаның тапсырмасы»

Сендерге парақтар таратамын, онда сөздер жазылған. Сөздерді оқимыз. Өзімізге таныс әріптердің астын сызамыз.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау : Біз түлкіні аңдардан құтқардық. Ол өз үйіне жетіп те қалды. Түлкі үйінің есігінде бізге арналған тапсырма бар сияқты. Хатты алып оқиық. Онда:-Балалар, сендер менсияқты ешкімді алдамаңдар!Біреуді алдаған дұрыс емес. Мен енді ешқашан ешкімді алдамауға уәде беремін. Сендер де уәде беріңдер, мына жаңылтпашты үйден жаттап келіңдер:- Шаңқ-шаңқ етіп шағала,

Шабақ ілер жағада .

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру : 1. Жаңылтпашты жаттау

2. Оқулықтағы сөздерді оқу.

3. Дәптердегі тапсырманы орындау.

ІХ. Балаларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Щ дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Щ щ әрпі мен дыбысы
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Ц дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Дауысты дыбыс әріптері
Щ дыбысы мен әрпі
Қорытынды бағалау
Сс дыбысы мен әрпі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz