Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дені саудың - тәні сау


Дені саудың –тәні сау
Мұғалім: Адамның денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының
мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау, адамның көіңіл-күйі
көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз дені саудың-жаны
сау деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі,көркеюі. Балалар сіздердің
қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың –салауаты өмір салтын
сақтау. Біздің өмірімізді жарық қылатын ,жан жағымызға тамаша сәулесін
шашатын, өірдегі басты байлық не деп ойлайсындар?

Оқушылар : Денсаулық
Мұғалім : Бүгін біз сендермен ұшқыш кілемге отырып, бірнеше патшалықтарға
саяхат жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын, бүгін біздің сабағымызға қонақ
келіп отыр. Сол қонағымызды қарсы алайық.
Жер ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар

Оқушылар: - Сәлеметсіз бе, Жер ана

Жер ана: -Күніміз ашық болсын
Жеріміз кең болсын
Ауамыз таза болсын
Суымыз тұнық болсын
Гүліміз жақсы өссін
- Балалар, сендер саяхатқа шыққалы жатыр деп жақсы хабар естідім
Сәт сапар тілеймін.
Мұғалім: Ал балалар кәне бәріміз ұшқыш кілемге отырып, бірінші патшалыққа
барайық.

Ол бізде- “Тазалық патшалығы”

- Өмірде, тұрмыста тазалықты сақтау адамның денсаулығына өте қажетті
жағдай. Әр түрлі жұқпалы аурулар адамға микробтар арқылы таралатыны
және одан микробтар кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге
көтерілетіні баршамызға белгілі . Сондықтан тазалық талапқа сай болуға
тырысуы керек.

- Шығып тазалық жайлы тақпақтарымызды айтайық.

Ұлана: Жақсы бала құлақ сап Жақсы бала ол анық ,

Айтқаныңды ұғады. Істемейді шалалық.

Төсегінен тұра сап, Тап-таза боп жуынып,

Таза ауаға шығады. Алады өзі таранып.

Аскер:

Еріншектік салақтық Еріншек таза жүре
алмас

Салақтықтан-надандық Кір қолын да жуа алмас

Бірінен-бірі туады Қарекет жоқ,
ғылым жоқ

Жоғалар сқйтіп адамдық Өз бойынан ұялмас

Әйгерім:

Мен айтайын тақпақ Атқаратын
қомақты

Алғың оны жаттап Ауыз қуыс ісі
бар

Тісіңді жу, тазарт Ұсататын
тамақты

Маржандай болсын аппақ Отыз екі тісі бар

Мадина:

Тіс болмаса Кішкене де
ыңғайлы

Асты қалай шайнарсың Тіс щёткасын пайдалан

Тісті күнде екі рет Тазалауға болмайды

Тазартуды ойларсың Щёткасымен басқа адамның

Әдет қыл бұл ісіңді

Тазалап жүр тісіңді

Темірлан:

Аяқ қол көмекші Соңында қол жу

Күт оны ерекше Жояды кір су

Қол жиі ластанар Аяқ қолды кірлетпей

Сондықтан істің әр Тырнағыңды алып жүр

Нұртас:

Дос, бол сабын, сумен сен Жуын тамақ
алдында

Жиі-жиі жуын сен Жуын тамақ соңында

Тәңертең де кешке де Жуын ұйықтар кезіңде

Жуын күндіз-түсте Жуын тұрған мезгілде

Рауан:

Ұрпақ керек ертеңгі алда

Болшақты болжайтын

Дені таза, тәні таза

Елің жерін қорғайтын.

Мұғалім: Жұмбақ шешу

1. Иілсен иіліп 4. Отыз екі
мықты

Шүйілсен шүйіліп шықты Қаз қатар болып

Қарайды кісіге Он алтысы
асты

Ұқыпты ісіңе Он
алтысы үсті

Бұл не? ( Тіс)

( Айна)

2. Ертемен күнде сен 5. Шомылған баланы

Қолың сүйкесең Аймалап алады

Кетіп кір, ласық Сүртеді қолын да

Тап-таза болсың Сүртеді жонын да

Бұл не? Бұл не?

( Сабын) ( Сүлгі)

3. Күндіз шешінеді 6. Көпіремін,

Түнде киінеді Лепіремін

( Киім ілгіш) Кірің болса
кетіремін

(
Сабын)

7. Суда жүзер кеме емес

Кемеден ол кем емес

Істегенін жөн істер

Жүрген жерін тегістер

( Үтік )

Мұғалім- Келесі патшалығымыз“ Дәрумендер патшалығы” Балалардың күнделікті
тағамдарында жеміс-жидек-көкеністер дәрумендер көп болуы тиіс. Неліктен?

Дәрумендерге сөз берейік!

Арнұр: - Витаминдер тірегің

АВСДЕ деп аласың

Жетіспесе бір оның

Ауырып сен қаласың

А-сы қажет көзіңе

В-сы жүйкені тоғайтар

С-дан микроб безінер

Д- сүйекті нығайтар

“ A” Мен болмасам егерде

Көзің жақсы көрер ме?

Жетіспесе ағзаңда

Бойың биік өсер ме?

“ B” Менсіз жүйке шаршайды

Ашуланып кеп саларсың айқайды

Қан азайып әлсірейді жүрегің

Асқазаның са қорта алмайды

“ C” Мен болмасам бойыңда

Тісің дұрыс өспейді

Ішкен асың бойыңда

Жөнімен тарап сінбейді

“ D” Мен жетіспей қалғанда

Мешел болып өсерсің

Қаңқаң қисық болғанда

Өкінумен өтерсің

Ойын: Дәрумендер

Қолыңдағы жемістің АВСДЕ дәруменге тиісті екенін табу.

Мұғалім: Өте жақсы Дәрумендер патшалығынан көп нәрсе үйрендік деп
ойлаймын. Ендеше ұшқыш кілемге отырып, келесі патшалыққа барайық. “Дұрыс
тамақтану” патшалығы .

- Ас адамның арқауы

Деген сөз бар ежелден

Бойдан сіңіп тарауы

Үшін керек ереже

Тамақты ішсең күнде сен

Белгілі бір мезгілде

Таңертең, түс, түстен соң

Жатар алды кезінде.

Тамақтанудың ережелері:

1. Артық тамақ жемеу

2. Жеңіл тамақ ішпеу

3. Тағамдарды толық және дұрыс шайнау

4. Майлы тамақтан тартыну

5. Өте тұщы және ащы тамақтан бас тарту

6. Ас ішерде асықпа

7. Ыстық тамақтан соң іле-шала суық тамақ ішкен зиян

8. Тәулігіне 4-5 рет тамақтану

9. Тамақ және піскен, жаңа дайындалған болу керек

10. Дастарқанаға тамақ ішкін келгенде ғана отыру керек

Ойын: Пайдалы, пайдасыз тағамдарды топтастыру

1- топ
2-топ

Пайдалы
Пайдасыз

Балық Фанта

Айран Қуырылған ет

Геркулес Торт

Сәбіз Шоколад

Пияз Чипсы

Орамжапырық Кола

Алма

Алмұрт

Мұғалім: Ұшқыш кілемге отырып келесі патшалыққа барайық. Ол бізде “Дене
шынықтыру патшалығы” Денсаулық ол жан мен тәннің саулығы . Адам
даенсаулығының жақсаруы салауатты өмір салтын ұстауда, салауатты өмір
кешумен байланысты. Денсаулық- табиғаттң адамға өмірлік болып берілменген,
сондықтан оны сақтау керек. Әрбір адам дені сау, күшті сергек-бақытты
болуға ұмтылуы керек.

Диас:

Денсаулық- ол шаныққан

Барлық денең мүшесі

Денсаулық ол тыныққан

Жүйке тамыр ж.йесі

Қасымхан:

Денсаулық –ол күлуің

Көңіл күйін жадырай

Денсаулық-ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай

Арнұр:

Қара айнаға көресің Құрылысың бұл сырқы

Өзіңді адам денесін Көрінбейді жүрегің

Қол аяғың, басың бар Өкпе, миың, бүйрегің

Бұған кеуде қосылар Құрылысың бұл ішкі

Жанна:

Сымбат-мүсін дегенің Иық жазып
дұрыстап
Бітім көркің денеңнің Түзу отыр
қисаймай
Сымбат жүру әдемі
Бүкіреймей,шалқаймай

Дене қалпын тік ұстап Күш сап бас
пен арқаға
Көтеріп сәл кеудені Жатып алма
партаға
Шыңғыс:
Жазда суда жүреміз
Құмда күйге күйеміз
Жалаң аяқ жүреміз
Қыста қызып денеміз
Коньки, шаңғы тебеміз
Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Мұғалім: Ал енді барлық патшалықтарға барып қайттік.Енді сыныпқа
қайттатын уақытта келіп қалды. Ұшқыш кілемге отырып, сыныпқа кірейік.
Бірақ ұшқыш кілемге отырып сыныпқа қайту үшін, ұшқыш – кілемнің тапсырмасын
орындайық

- Мақал - мәтел айту

Дамира:

Жан сезімнің өзіңмін
Көңіл – күйің сезімнің
Денсаулыққа жағымды
Көңілді шат, қуаныш
Сезімді рахат, жұбаныш.
Нұрсұлтан:
Біз жүрекпіз өмір үшін соғатын
Біз өміріміз күйде көктеп толатын
Біз елміз, кіндігіміз ауылдың
Күн сөнгенше сарқылмас қазынамыз.
Салтанат:
Бүгін міне тамаша іс бастадық
Салауатты өмір салтын қолдаймыз
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Бейімбет :
Дені сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көресің бұл дүниенің
Бар қызық рахатын, жорығын да
Карина: 21 ғасырда
Ашық аспан астында
Денсаулықтарыңыз мықты болсын
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын.
Мұғалім: - Бүгінгі біздің сынып сағатымыз денсаулық туралы болады. Балалар
өз білімдерін ортаға салады. Балалар күн мен гүлден жаралған, ыстық
сезім,шуақ содан таралған. Тіршіліктің иесі Жер-ананы тыңдайық.

Жер ана: Балалар, адамның денсаулығынан асқан байлық жоқ.Сондықтан
денсаулықтарыңды сақтандар.

Мұғалім:Уау Жер – Ана! Дені сау ұрпақтын қалыптасуына тағы не керек?

Жер – ана: Денсаулығын мықты болу үшін тұрақты да мәнді өз күшінің болуы
немесе яғни бойды тік ұстау, дене жаттығуларын орындау, ақыл – ойды дұрыс
қалыптастыру, жерің мен табиғатынды қорғау керек. Ал мына 7 өсиетті естен
шығармаңдар.

- Ерте тұру
- Орта тазалығын сақтау
- Өзіңді таза ұстау
- Арттық тамақ ішпеу
- Жер ананы аялау
- Денені шынықтыру
- Сергек жүру.
Салауатты өмір салтын ұстаныздар!
- Қош, сау болыңдар келесі кездескенше!
- Сау болыңыз.

Мұғалім: би

- Бүгінгі сынып сағаты

Денсаулық жайлы сөз еткен
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтұғын мәңгі естен
деп тәрбие сағаттымызды аяқтаймыз.Көніл қойып тамашалағандарыңызға көп
рахмет.

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі

Ашық тәрбие сағаты:

[pic]

Өткізген: Ибраева С.С.

Петропавл қаласы

[pic]

[pic]

[pic]


Ұқсас жұмыстар
Дені саудың - жаны сау
Тәні саудың жаны сау
Жаны саудың тәні сау
Жағдаят сұрақтар
«ТОЛАҒАЙ» (отбасылар сайысы)
Кім бұрын
Репродуктивті денсаулықты сақтау
Әрекеттер кезеңі
Зиянды әдеттерден сақтан тәрбие сағаты
Салауатты өмір салтын сақтаймыз! 9-сынып
Пәндер