"психологиялық өзін-өзі реттеу" тренингі

«Психологиялық өзін-өзі реттеу» тренингі

Мақсаты: психикалық өзін-өзі реттеу әдістерін игеру және тұлғалық ресурстарды жандандыру.

Міндеті :

1. рефлексия дағдысын дамыту

2. қиялдың творчестволық ресурстарын ояту

3. өзіне сенімділігін жақсарту және өз ісіне жауапкершілігін сезіндіру

4. күштену мен негативті эмоцияларды жою

5. эмоционалды-жағымды тәжірибе жинақтау

6. бірігіп әрекет ету дағдысын қалыптастыру.

Сабақты жүргізудің негізгі формалары:

• Ойын (творчестволық, еліктеу - іздену сипаттағы түрде, релаксациялық және т. б. )

• Үйретуші (өзін-өзі реттеу, аутотренинг) .

• Творчестволық (арт-терапия және т. б. )

• Берілген ситуацияларды модельдеп және анализдеуге жаттықтыру.

• Әңгімелеу, өз ойарын айтып үйрену

Күтілетін нәтижелер: психикалық өзін-өзі реттеу әдістерін игеру және меңгеру

Жүрісі.

  1. «Сәлемдесу»

C:\Users\user\Documents\ОО Жигер\PIC_0975.JPG

C:\Users\user\Documents\ОО Жигер\PIC_0973.JPG

2. « Наполеонның кейіпі» жаттығу

Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс :

қолды кеуде тұсында айқастыру,

ашық алақанмен қолды алға созу,

түйілген жұдырықты қол көрсетіледі.

Жүргізушінің «Бір, екі, үш! », командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету керек (ұнағанын) . Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.

Жаттығуды орындау:

Бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктерңізді көрсетеді. Егер де көпшілігі алақандарын көрсетсе, онда, бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсеетеді. Жұдрық агрессияны, Наполеон қалыбы - тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.

3. «Шеңберден өту»

Міндет: эмоционалды-жағымды көңіл-күй қалыптастыру, ортақ әрекеттерді үйлестіре білу, ауызбірлік, сенімділік көрсете білу.

Жаттығу сипаттамасы:

Қатысушылар ширенгаға тұрып, қолалыс тұруы керек; шеткі қатысушыға обруч беріледі. Қатысушыларың міндеті - қолдарын ажыратпай, шеңберден «өте» отырып, сол обруч шеренганың соңында болуы керек. Шеңберді беріп жіберуге, немесе керісінше шеңбер арқылы өздеріңізге өтуге болады.

Талдау:

Жаттығуды орындауға не көмектесті, керісінше не кедергі келтірді? Тапсырма біреудің жоспарлауымен жүрді ме, әлде әркім өздігінше әрекет етті ме? Шеңберді бір-біріңе берудің қандай әдістерін табу керек еді?(қолды жоғары көтеру . . . )

C:\Users\user\Documents\ОО Жигер\PIC_0976.JPG

C:\Users\user\Documents\ОО Жигер\PIC_0978.JPG

4. «Кеден» жаттығуы.

Міндет: кей ситуацияда өзіңнің адалдығыңды дәлелдеу үшін сенімді ұстай білуге жаттығу, «Кеденшілер» үшін - аңғарғыштық, зеректілікті жаттықтыру.

Жаттығу сипаттамасы:

3-4 ерікті «кеденшілердің» рөлінде, олардың міндеті - сұрау, бақылау арқылы басқа қатысушылар арасынан «тыйым салынған заттарды » тасымалдаушыларды анықтау. Бұл заттар (сіріңке қорапшалары) қатысушыларға жасырын беріледі. Осыдан кейін жолаушылар бір-бірлеп «кеденге» келеді, онда оған «тыйым салынған заттар» бар жоғын анықтау үшін т. рлі сұрақтар қойылады, (тінту жүргізілмейді тек сұрау арқылы ғана анықтау керек) . Барлық қатысушы кеденнен өткесін, «кеденшілер» олардың ойынша «контрабандист» кім екені жөнінде өз вердикттерін шығарады. Осыдан кейін кімде «тыйым салынған заттар» болса көрсетеді, ол «кеденшілердің» болжамдарын бағалауға көмектеседі.

Талқылау:

- «кеденшілер» өз болжамын неге сүйене жасады?

- Егер қателіктер кетсе, ол ненің әсерінен?

- «Контрабандисттің» жолының болуы немесе болмауының айырмашылығы неде? (сенімділік, байсалдылық, ұстамдылық)

- Егер кім де кім «кінәсіз жәбірленсе», онда ол неге байланысты болды? Өмірде осындай сәтсіздіктер болса ол адам не істеп және қалай осындай жағдайға ұшырамауы керек?

C:\Users\user\Documents\ОО Жигер\PIC_0981.JPG C:\Users\user\Documents\ОО Жигер\PIC_0983.JPG

5. «Шарлар» жаттығуы.

Міндеті: агрессияны көрсетудің қауіпсіз әдістеріне үйрету.

Жаттығу сипаттамасы :

Мен Сіздерге шар үруді ұсынамын.

- Мына үрілген шарды - адам, ал ішіндегі ауаны - ашу мен түршігу деп елестетіңдер.

- Ашуланып, тітіркеніп жүрген адам байсалды салмақты бола ала ма?

- ашу кернеп, түршігу шардың ішін толтырғанда шар қандай күйге ұшырайды? (әрине, балалар болса - шар жарылар еді, өйткені олар әлі өз ашуын құрықтауға шамасы келмейді: біреуді ұрып жіберу, айқай шығару, еденге басын соғу)

- Үлкендер өз эмоциясын қолында белгілі бір уақытқа дейін ғана ұстай алады. Сол уақытта шарларыңызды жіберіп қалыңыз, біздің не істейтінімізді сонда көресіз (жан-жаққа аһ ұрамыз, ситуациядан шығу жолдарын іздейміз, долданамыз, ал біреулер соңында депрессияғс ұшырауы мүмкін) .

- Ашуды осылай шығару қауіпсіз болуы мүмкін бе? Неліктен?

- Шарды қайтадан үрлейміз, ауа сыртқа шықпайтындай етіп мықтап ұстаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары 8 сынып
Өмірді тану - өзіңді танудан басталады
Менің сүйікті ісім
Батыс Қазақстан қалалары
Жылдық қайталау жайлы
Өткізілген уақыты
Тыңайтқыштар әлемі
Сәйкестендіру тапсырмасын топ ішінде орындау
Псиологиялық тренинг, оның мақсаты, ережелері мен заңы
Ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz