3-сынып Дүниетану сабағы: Отбасы және туған-туыстар

Дүниетану, 3-сынып
Сабақтың тақырыбы:
Отбасы және туған туысқандар
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға отбасындағы басты мәселелер жайлы, «фамилия», «отбасы түрлері», «өз жұрт», «нағашы жұрт» ұғымдары туралы толық мағлұмат беру.
Отбасы, отбасындағы қарым-қатынас жайлы білімдерін дамыту, өзіндік білім алу дағдыларын кеңейту.
Үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға, инабаттылық пен адамгершілікке, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас

Көрнекіліктер : сызбалар, суреттер.
Әдістер: автор орындығы, галлереяға саяхат, ЖИГСО-2, тест, презентациялау

Құралдар: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Оқушыға лайық, түп-түзу боп тұрайық,

Ата-баба салтымен амандасып алайық .

Оқушылар: Жақсылықтан үйреніп, боламыз біз жақсы адам,

Біздерге қош келдіңіз, сәтті болсын әр қадам

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сүйікті отбасым» тақырыбындағы

Презентация

Эссе (автор орындығы)

Суреттерге шолу (галлереяға саяхат)

МАҒЫНАНЫ АЖЫРАТУ

ІІІ Жаңа сабақ.

«Отбасы және туған-туыстар» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс (ЖИГСО-2)

  1. топ: Отбасындағы басты мәселе қандай?

Шежірені не үшін білу керек?

  1. топ: Сендердің фамилияларың неге солай аталады деп ойлайсыңдар?

Келесі есімдердің өзіндік мәнін түсіндіріңдер: Ұлбосын, Абай, Тұрсын.

  1. топ: Шежіре нені көрсетеді?

«Тату болса - ағайын жақын» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқулықтағы кесте түсіндіріледі

ОЙ ТОЛҒАНЫС

ІY дұрыс жауабын тап

  1. Отбасындағы ең басты адамдар . . .
  2. Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қатынасын . . . көрсетеді
  3. Шеше жағынан туыстар - . . .
  4. Әке жағынан туыстар - . . .
  5. Фамилия кейін шыққан, ал . . . ертеден-ақ беріле басталды

Шежіре, есім, өз жұрты, ата мен әже, нағашы

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

  1. 108-109 бет, оқу. Сұрақтарға жауап.
  2. Оқулықтағы кестеге сәйкес, өз шежіреңді жаса.

Ұқсас жұмыстар
Дүниетану (3-4 сынып): Сыйластықтың себептері мен туған-туысқандар
4-сынып дүниетану сабағы: Отбасы туралы сабақ жоспары
3-сынып дүниетану сабағы: Ауа және оның қасиеттері
4-сынып дүниетану сабағы: Отбасы - шағын қоғамды қайталау және Жүзден жүйрік білімпаздар сайысы
4-сынып Дүниетану пәні: Отбасы - шағын қоғам сабақ жоспары
3-сыныптағы дүниетану сабағы: Кәсіптік мерекелер
4-сынып дүниетану пәні: Туған-туысқандар тақырыбына арналған аралас сабақ жоспары
3-сынып дүниетану сабағы: Мұрын (иіс сезу) және тіл (дәм сезу) мүшелері
3-сынып. Дүниетану: Мен және менің отбасым - туыстық қатынастар мен әулет шежіресін құрастыру
3-сынып дүниетану сабағы: Жануарлар әлемін қорғау, қорықтар мен Қызыл кітап
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz