Оқуға шақыру. а.байтұрсынұлы

Тақырыбы: Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы

Мақсаты: А. Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау;

-ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндіріп айта білуге ықпал жасау;

- оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) Кітаптағы суреттер сыры неде?

ІІІ . Жаңа сабақ: 1. Кіріспе : Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып, « Пікір ағашын» толтыр. 2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс (түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір) 4. сөздік жұмыс жүргізу « Іздеп тауып алалық - бұл жерде : үйрену, оқу, іздену. »

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс- әрекеті. ә) Даналық. 2. Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр. ) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балаларды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

Ү. Қорыту: Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір. 1. Даналық, оқу, білім, т. б. сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың? 2. « Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық » қалай түсінесің? Сызба арқылы көрсете аласың ба?

ҮІ. Үйге тапсырма: Жаттап ал, « Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Ахмет байтұрсынұлы "оқуға шақыру". 3-сынып
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Сабақтың тақырыбы
Ахмет Байтұрсынұлы Балаларды оқуға шақыру
Б. Момышұлы Қарлығаштың құйрығы неге айыр
Әдебиеттік оқу пәніне -омж-3 сынып
А.байтұрсынұлы «қара бұлт» өлеңі
Қазақ тілі - ардақті тілім Постермен өткен тақырыпты қорғау
Ахмет байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық мұрасы
Аққу, Шортан һәм Шаян сайыс сабақ
Сұрақ жазу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz