Ахмет Байтұрсынұлы және Әліппе: өмірі мен педагогикалық еңбегі

Сабақтың тақырыбы: Әліппенің атасы. (А. Байтұрсынов жинағынан)

Мақсаты: Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы өмірі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.

- Ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; Тәрбиелігі:Зиялы адамдар өмірімен таныстыра отырып, білімге деген құштарлығын арттыру, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі : Кітап, Ахмет Байтұрсынұлы суреті, суреттер, сызба

Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ . Мақсат қою кезеңі : сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе : 1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыра кету. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.

2. Кітаппен жұмыс : суретке зер салып «Білімді», «Білімсіз» сөздерінің мағынасын түсіндіру арқылы тақырыпты ашу.

3. « Кім жылдам? » ойыны арқылы шарларды ұстау арқылы мақал құрастыру.

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» (шардың түсіне мән бер, неліктен солай екенін түсіндір. )

Жаңа сабақты оқушы көмегімен талдау: 1. Білім көзі - «Әліппеде», осы пікірмен келісесің бе? Өз көзқарасыңды білдір. Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) 2. Берілген сурет топтамасымен жұмыс: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) - ақын, ағартушы, ғалым. Қостанай облысында туған. «Әліппе» оқулығын жазған.

3. Мәтінді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. б/ Дәптермен жұмыс

( Түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір)

Сөздік жұмыс жүргізу: «жер аудару, сөз мұрасы».

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ахмет Байтұрсынұлы туралы толығырақ әңгімеле . Он жаста деген сөз неге қарамен жазылған деп ойлайсың? Білім алу не үшін керек екен?

Ү. Қорыту: Білім туралы мақал-мәтелдер айту.

ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Ана тілі сабағы: Ахмет Байтұрсынұлы және Әліппе туралы сабақ жоспары
Ахмет Байтұрсынұлы және Өгіз бен Бақа мысалы: сабақ жоспары мен композициялық-идеялық талдау
Ахмет Байтұрсынұлы туралы оқуға шақыру: оқу мен тілдік дағдыларды дамыту сабағы
Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ газеті: ұлттық баспасөз пен тіл біліміндегі рөлі
Ахмет Байтұрсынұлы мен С. Торайғыров шығармалары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспарлары
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-педагогикалық мұрасы: тіл білімі, әдебиеттану және қоғамдық қызметі
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен ғылыми-әдеби мұрасы: туғанына 140 жыл
Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттың ұлы ұстазы: 7-сыныпқа арналған әдеби калейдоскоп сабақ жоспары
5-сынып қазақ әдебиеті: Ахмет Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы - адамгершілік пен шығарма талдауы
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі: Ақын ініме өлеңі арқылы талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz