Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Технология сабағында тиімді әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру


Тақырыбы : Технология сабағында тиімді әдіс- тәсілдері арқылы
оқушылардың білім деңгейін арттыру.   
Технология сынып мұғалімі : А.Х.Жунусова
 Жунусова Айнагуль Халеловна
 технология пәнінің мұғалімі
  ІІ санатты, жоғары білімді
 Қостанай қаласы № 10 орта мектеп
Жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесі 12 жылдық білім мазмұнының
негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге
икемді, жеке басының, сондай –ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық
жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге
қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыт Еліміздің тәуелсіз мемлекет
ретінде қалыптасу барысында білім беруді модернизациялау жүзеге асырылып
жатканы белгілі.
Осыған байланысты әр түрлі педагогикалық технологиялар тәжірибеге
енгізілуде. Тәжірибенің жаңашылдығы: компьютерлік технологияны колдану
арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, интерактивтік
тақтаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ынтасын,
белсенділігін арттыру. Бүгінгі күні білімді егерту үшін барлық
мүмкіншіліктерді пайдаланған дұрыс, сондықтан сабақ барысында қолданылатын
осындай мүмкіншіліктердің бірі интерактивті тақта.
Бұндағы мақсат оқушыларды техникалық құралдармен жұмыс істеуге үйрету,
дағдыландыру. Жаңа тақырыппен танысу барысында мәтінді интерактивті тақта
арқылы оқи отырып, тапсырмаларды орындаймыз. Қазіргі күні ғылым жеке
тұлғаның психикалық дамуын қоршаған ортаның әсерімен, танымық тәжірибе мен
әрекетті меңгеру қабілетіне байланысты дейді. Бұл дегеніміз оқытуды дұрыс
ұйымдастыру деген сөз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау;...оқыту
және тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»
делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің
күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге
батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі
туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті әдіс-тәсілдерді
дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің дамуына үлес
қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты
азаматты тәрбиелеу-ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.
       Оқушылардың білім деңгейін арттыру дегеніміз оқушылардың білім
сапасының арттыруы. Демек білім сапасы денеіміз не? Оны қалай көтеруге
болады? Елбасының халыққа жолдауында айтылғандай, білім сапасында да үлкен
бәсекелестік керек. Ол үшін баланы таңнан кешке дейін оқыту міндет емес.
Біліммен бірге тәлім берілуі қажет.Міне, осы қос ұғым бірінің жігін бірі
басқарғанда ғана сапалы білім болатынын естен шығармау керек.Педагогика
ғылымында «білім сапасы» ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген. В.Панасюк
мектептегі білім сапасы –оқу, тәрбиелік, әлеуметтік, психикалық және дене
қабілеттерінің аспектілерінде тұлғаның әлеуметік қажеттерін
қанағаттындыратын қасиеттер жиынтығы деген анықтама береді.
В.Полонскийдің анықтамасы бойынша білім сапасы деп оқыту мен тәрбие
мақсатын жоспарлауға сәйкес мектеп түлектерінің қолы жеткен білім, білік,
ақыл-ой, дене және адамгершілік дамуының белгілі бір деңгейін түсіндіреді.
Білім сапасының көтерудің бір жолы ол нақты білімдер мен танымдық әрекеттер
беру. Білім сапасын көтерудің екінші бір үлкен мәселесі – бағалау. Ол
оқушыны бағалауы және оқушының өзін-өзі бағалауы.
Технология сабағында оқушылардың білім деңгейінің арттыруын, яғни білім
сапасынын көтеру мақсатында қазіргі заман талабы шығармашылық
мүмкіндіктерді іске асыратын жаңа технологиялардың бірін қолданамын. Ол
«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасы.Дэвид Клустер сыни
тұрғыдан ойлау жобасын былай деп анықтайды:
* СТО –бұл өзіндік, жеке ойлау;
* СТО – сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан ай басталады;
* СТО- адам өзіндік шешім табатын және негізделген мысалдармен бекітетін
нақты аргументтерге ұмтылады.
Сабақ барысында төмендегі мәселелерді шешуге тырысамын:
• Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту;
• Ой – толғанысқа белсенді араласу :
• Білімді игеындарысруге жауапкершілікті арттыру :
Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар,
солардың ішіндегі- Тірек-сызба, Венн диаграммасы,кластер, INSERT кестесі,
ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын.
«Сыни ойланудың » өзіндік ерекшелігін анықтау үшін , ең бірінші «ойланудың»
не екенін білу керек.Түсіндірме сөздікте , « ойлануға » мынадай анықтама
беріледі :бұл-адамның өз ойын,көзқарасын,түсінігін айту, ортаға салу.
Есте сақтау – ойлау қабілетінің негізгі операциясы,онсыз оқу жүйесінің іске
алуы мумкін емес,бірақ сыни ойланудан ерекшеленеді.
«Компьютердің» есте сақтау қабілеті бізге қарағанда жақсы ,бірақ та біз
білеміз оның есте сақтау қабілеті, ойлау болып табылмайды.
Түсіну- бұлда күрделі ойлау операциясы түсіну барысында адам басында
күрделі интеллектуалды процесс болады , бірақ бұндағы адамды сыни ойлаушы
деп атауға болмайды.
Деректерді есте сақтау және пікірлерді түсіну сыни ойлаудың бастапқы шарты
болып табылады.Бұл ойлану жаңа , түсінікті ойлардын тексеру , бағалау,
даму,қолдану барысында болады.
Сыни ойланудың ерекшеліктері.
1. Жекелік мінез және өз бетімен жұмысжасау.Оқушылар жеткілікті
бостандықта болулары қажет, өз бастарымен және қиын мәселелерді өз
беттерімен шешу керек ,өз ойларын жүйелей білу керек, бағалауы және
көзқарасы басқалардың әсерінсіз болуы керек.
2.Сыни ойлаудың мәліметі жіберілген, ал кішінгісі соңғы емес пункті болып
табылады.
Білім арқалы мотивировка пайда болады, ал матевировкасыз адам сын
тұрғысынан ойлана алмайды.
3. Қиын жағдайларға байланысты сұрақтарды шешудің постановкасы.
Бұл білу процесі қиындықтарды шешу ,сұрақтарға жауап беру болып
табылады.Сыни ойлаудың арқасында оқу барысы мақсатты турде бағатталған
болады.
4.Қөз жеткізу аргументі. Сыни ойланатынлдайды адам шешімді өзі қабылдайды
және ол шешімді есте сақтайды.
5.Сыни ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады .
Кез келген ой оны басқа адамдармен бөлісіп тексеріледі .Біз оқығанда ,
сөйлескенде , таласқанда басқа адамдармен ой бөлісеміз, өзіндік ұстанымызды
көрсетеміз.Кез -келген сыни ойлау-шының бойында , шыдамдылық. Басқаларды
тыңдау жауапкершілік сында қашеттері болу керек.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.

* Қызығушылығын ояту.

* Мағынаны тану

* Ой толғаныс

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы
кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға
ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын
қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы
өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы
білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру»
стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай
құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?»,
және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны
тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны
«Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш
деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп
жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда
«Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен
айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5
минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік
көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген
оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа
тарта білгеніміз. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру
оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын жоғары деңгейде
ұйымдастыру секілді міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз іске аспайды.
Оқу- адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің
басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін дамытуға бағытталады.

Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи
таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге
жүктелер міндет аз емес. Ол міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін,
танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының
жеке тұлғалық күшін дамыту.

Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын
қана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық-
оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі
дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Қазіргі
кезде Джорж Соростың ашық қоғам институты мен «Сорос Қазақстан» қорының
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы кеңінен
енгізіліп жүр. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына
жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын,
шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.

Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып,
оқушылардың жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл
стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің
ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін,
ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен бірге өзінің және
басқаның шығармашылығына сынай қарауы шығармашылық қабілетін дамытады. Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы – әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып,
деңгейін анықтай алады; – Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады; –
Қызығушылығын оятады; – Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға ; – Мазмұнын
толық түсінуге жағдай туғызады. – Әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан
ойлауды дамыта оқыту технологиясының элементтерін сабақтарымда тиімді
қолданамын. Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның
қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке
тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға,
сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.Оған мысалы ретінде технология
пәнінен өтілген біраз сабақтарды көрсетуге болады.

Мысалы: 9 сынып Еттен дайындалған ұлттық тағам «Қуырдақ» тақырыбында
өткен сабақта тірек –сызбаны тиімді пайдаландым.Тірек –сызба нұсқалары
балаға берілетін білімді жеңілдетеді.Есте сақтау қабілеті, төмен баланың
ойында өткен тақырып тез сақталады .Сызба арқылы білім шашыранқы түрде
емес ,нақты беріледі.Үйренген нәрсесін сызба арқылы беруге
дағдыланады.Кестелер сабақты ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік
береді.Баланың шығармашылық қабілеті артып,өз бетінше сызбалар
құрастыруға талпынады..

Сырбас қуырдақ немесе

бұқпа қуырдақ Кісе қуырдақ

Манас қуырдақ Сірне қуырдақ[pic]

Үй тапсырмасын тексеру кезінде таратпа кесте
пайдаланамын.
Мысалы: 5 сынып өтілген тақырып «Көкөністер» осы таратпа кесте арқылы
өқушылардың өткен сабақты қалай меңгергенін байқадым.
Кестені толтыр

[pic]

| Әрқайсына өңдеу жұмыстарын жаз |

Мысалы : 9 сынып сабағында «Еттен екінші тағам дайындау
технологиясында » атты тақырыпта оқушылар екі топқа бөлінеді .Оларға тамақ
пісіру барысындағы бірнеше процестердің тізімі беріледі.Топ спикері
жұмыстың аяғында өз идеяларын ортаға салады, ал мұғалім тақтаға жазады.
Еттен екінші тағам дайындау тәсілдері :
• Негізгі қуыру
• Шала өнімдерді аунату
• Етті алғашқы өңдеу технологиясы.
• Үстел басына ұсыну

Сосын мұғалім белгілі бір байланысты айта отырып , балаларға топта жұмыс
істей отыра тақтада жазылған идеяларынға сәйкес келетіндей сөйлем
құрастыруға ұсынады.
Мысалы: 10 сыныпта «Бисквит қамырды дайындау технологиясында» оқушыларға
«Бисквит» сөзіне байланысты қөзқарастарын жазуға қсынады, оқушылар сөздерді
дәптерге жазады .Ал спикер оларды дайын схемаға салады.
• көпірту
• көбек
• миксер
• ауа көпіршіктері
• бір бағытта қамырды илеу

Ассоциативтьк схеманы былай көрсетуге болады.

Әнгімеден кегісін ,шыққан мәселеп бұл қамырды бұл қамырды дайындау
барысында , шыққан қиыншылықтарды шешеміз.
Келесі шара «Дұрыс,дұрыс емес анықтамасы» мысалы , 10- сыныпта сабақ
алдында «Үгілмелі қамыр » тақырыбы бойынша келесі мәселер ұсынылады
үгілме қамыр дайындау үшін апарды дайындау.
Сары майды үгілмелі қамырға көп қосады
Майдан басқа, сүттің орнына айран құю ұсынылады
Қамырды илеп болған соң тоңазытқышта сақтау қажет
Үгілмелі қамыр сұйық
Қамырды жаю кезінде ұн себеді
Содан соң мұғалім оқушылардан анықтаманың дұрыстығын сұрайды.
Тағы бір шара –кластер , кластер –графикалық шара
Мысалы: «Мата тану» бөлімінде оқушылардан қай бағытта жұмыс істейтініміз
жайлы сұраймын.Өтіп жатқан тақырып бойынша оқушылар басқа мәселерді
ұсынады: өлшем алу,модельдеу, машинатану,конструктеу, пішу т.б осылай сабақ
ақырын мағынаны тану бөліміне ауысады.
Сыни ойланудың бір шарты- оқып жатқан материал бойынша өз түсінігін
қадағалау.
Инсерт шарасы
+ білдім
басқаша ойладым, келісеимін
! жаңа
? түсінбедім ,сұрақ бар
Мәтінді оқып немесе тыңдап болғандықтан кестені толтыру ұсынылады
Бұл деңгейде кластермен жұмыс істеу ұсынылады.
БББ белсенді түрде қабылдаудың басқа тәсілі
1.Естеріңе салыңдар , бұл тақырып бойынша не білесіңдер. Нақты жаз :
«Білемін»

бойынша оқушы оқушыларға қосымша мәліметті және әдебиетті қолдана
отырып «Сақтандырудың дұрысы мен ,дұрысымес » кестесін толтыру.
Берілген технологияны қолданудың көрсеткіштері .
«Технология»пәніне деген қызығушылығы арттыру
Оқушы әр-түрлі жарыстарда мектепшілік көрмелерге қатысуға толектерін
білдіреді

Мысалы: 6- сынып оқушысы Мусина Салтанат .Республикалық зерттеу және
ғылыми шығармашылық сайсында 3 орын алды және 8-сынып оқушысы
Ерғалеева Рабиға М.М. Журавлев атындағы КҒЛ ХХYII қалалық ғылыми –
практикалық конференциясында 2- орын алды Сонымен қатар , Ерғалеева
Рабиға жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жабасында республикалық
конкурсының облыстық кезеңінде 4 орын алды.
Бізге , мұғалімдерге оқушылардың жауабына шыдамшылық танытып таңдау
қиын.Біз істеген істеріне байланысты , оларды дұрыстап сынап , үйреніп
қалғанбыз.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты қиындығы болып
табылады.
*Ең қиындығы сабаққа дайынлалуға көп уақыт кетеді
* оқулықтағы мәтіндерді өзгерту
* қосымша әдебиет пен материал таңдау
* күнтізбелік жоспармен сәйкестендіріп тақырыпты
нақты таңдау.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Білімдегі жаңалықтар, ақпаратты - әдістемелік журнал №2,3,4 2011
2.Қазақстан мектебі. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал № 3,4,5 2009
3.12-жылдық білім беру.Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық

талдамалық журнал. №1, 2012
4.Сынып жетекшісі. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №6 2008
5.Сын тұрғысын ойлау технологиясы.Муштавинская И.В №2 2002

-----------------------
картоп

Сәбіз

қызылша

пияз

қырыққабат

Қуырдақ
түрлері

Бисквит қамыры


Ұқсас жұмыстар
Информатика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту
Таным үрдістері
Түсіну тапсырмалары
Информатика сабағында акт-ны пайдалану
Үшінші деңгей
Ұлт тарихын оқытуда тұлға қалыптастыру
Деңгейлік оқытудың математика сабағында тиімділігі
Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту
Математика пәнін оқытуда жаңа технологияның тиімділігі және нәтижелігі
Ақпараттық жоба
Пәндер