Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Салық және халықты әлеуметтік қорғау
№ 173 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп
Тарих, құқық, өзін-өзі тану пән әдіс бірлестігі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Салық және халықты
әлеуметтік қорғау
Пәні: экономика негіздері
Пән мұғалімі: Рысбаева Қ.Р.
Сабақтың тақырыбы: Салық және халықты әлеуметтік қорғау.
Сабақтың мақсаты:
білімділігі-оқушыларды салық салудың мемлекеттік жүйесі және халықты әлеуметтік қорғау түсінігімен таныстыру
дамытушылығы-оқушылардың экономикалық ой-өрісін дамыту
тәрбиелігі-оқушыларға экономикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа оқу материалын оқып үйрену
Сабақ әдісі: топтық жұмыс
Пәнаралық байланысы: тарих, экология
Көрнекілігі: слайдтар, карточкалар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
<<Экономиканың экологиялық проблемалары>> тақырыбына байланысты сұрақ жауап. <<Ой шабуылы>> тәсілі арқылы жаңа тақырыпты ашу. Сынып 5 топқа бөлінген. Топтар ұяшықта берілген 10 сұрақтың ішінен кезегімен сұрақ номерін таңдап, сұраққа жауап береді. (Слайд №1-22) Дұрыс жауап берген топтарға жетон беріледі. Сабақ соңынды ең көп жетон жинаған топ жеңімпаз аталады.
Жаңа оқу материалын түсіндіру.
<<Термин сөз. Аударма сөз>> тапсырмасын орындайды. Жауабы <<Салық>>. Жаңа тақырып <<Салық және халықты әлеуметтік қорғау>> (Слайд №23-25)
Жаңа сабақты түсіндіру.
Салық адамзатқа ерте заманнан белгілі. Кімнің өз меншігінен айрылғысы келеді, сондықтан салық төлеу мәселесі әрқашан наразылық тудырып отырған. Адам Смит кезінде салық салу жөнінде бірталай ойлы тұжырым жасаған, бұл тұжырымдар әліге дейін пайдаланылып келеді. Атап айтқанда, ол түскен пайдаға және жалақыға салық салуды ұсынған. Салықтың қажеттілігін ойшыл адамдар баяғыда анық ұққандығы сонша, 1789 жылдың өзінде АҚШ Тәуелсіздік декларациясы авторларының бірі Бенджамин Франклин: <<мына өмірде өлім мен салық ақиқат>> деп жазған. (Слайд №26)
Жұрттың баршасы да салық төлеуге міндетті. Салық көмегімен мемлекет көп нәрсеге, соның ішінде экономикалық процеске әсер етіп отырады. Олар белгілі бір қызмет түрлерін ынталандырып, өнеркәсіптің әртүрлі саласын дамытуға, айналымдағы ақша мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді. Салық көбінесе ренішпен қабылданатындығына қарамастан қазіргі қоғам да, үкімет те онсыз тіршілік ете алмайды. Мысал келтіретін болсақ,
<<Шонжарлар қатарына жатпайтындар қазақ хандығына салық төледі. Қатардағы көшпелі малшыға салынатын негізгі салық түрі <<зекет>> болды. Сонымен қатар, еңбекші халық байларға өздері өндірген мал өнімінің бір бөлігін <<соғым>>, <<сыбаға>> түрінде беруге мәжбүр болды. Оның көлемі салық төлеушінің көніл күйіне байланысты болды. Диханшының да жағдайы мәз емес еді. Олар ханға астықтың 1/10 немесе 1/5 бөлігін құрайтын <<баж>> және <<харадж>> түрінде салық төлеуге мәжбүр болды.>>
<<Көне Римнің толық құқылы азаматтары салықтан босатылған, салық құлдарға және шет жерден келгендерге салынған. Соның өзінде әлгіндей жолмен қазынаға түскен қаражат империяның тыныстануына жетпесе керек, Император қоғамдық әжетханаларға салық салуды енгізген>> (Слайд №27)
<<Ағылшын королі ІІ Генрих тұсында кісі өліміне де салық салынған. Бұл салықты өз иелігіндегі жерде кісі өлімі орын алған жер иесі егер әлгі қазаның сыры алты айдың ішінде мәлім болмаған жағдайда төлеп тұрған. Сонымен қатар Англияда 1797 жылы <<қалта сағаты>> салығы енгізілген. Әр сағат иесі жыл сайын қазынаға 5 шиллинг төлеп тұру керек болған. Әлгі салық бір жылдан кейін тоқтатылған, себебі жұрттың көбі қалта сағатын ұстаудан қалған.>>
<<Ал көне Русьте пеш жаққандағы түтінге <<түтін>> салығы салынған. Шаруалар үйінде түтінін мұржадан шығармай от жағатын болған, себебі салықтың мөлшері көп болып, дәулеттілер ғана төлей алған.
І Петр сақалын алып тастау жөніндегі жарлағына бағынғысы келмегендерге <<сақал>> салығын салған. (Слайд №28)
Орта ғасырда өмір сүрген философ, әрі ғұлама Фома Аквинский салықты <<Адамды заңды түрде тонау>> деген.
Қазақстан Республикасында салық жүйесі үш сатыдан өтті.
* ҚазКСР Президентінің 1991 жылғы 9 шілдедегі <<Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы>> жарлағымен Қаз КСР Бас салық инспекциясы құрылды. Салақтар бойынша 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салықты көздейтін заң актілері қабылданды.
* ҚР Президентінің 1995 24 сәуірдегі <<Салықтыр және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы>> заң күші бар жарлығы елімізде дербес қаржы жүйесін жасақтауға септесті. Ең бастысы салық санын 45 тен 11 ге қысқартуға және салық салу жүйесін жеңілдетуге қол жеткізді.
* 2001 жылы 12 маусымда жаңа ҚР-ның салық кодексі қабылданып, 2002 жыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
<<Қазір де салықты жинаудың басты мақсаты бюджетті толтыру болып қалғанымен де, салықтарға қойылатын талаптар өзгерді. Бүгінгі күндері салық келесі қажеттіліктерге ие болуы мүмкін; (Слайд №30-31)
Салық бюджетке нақты табыс әкелуі керек. Салықтардан түсетін түсімдер ең аз дегенде оларды жинау шығындарынан асуы керек.
Салық төлеушіге түсінікті болу керек. Салық төлеуші салықты қайда және қашан төлеуді біліп қана қоймай, оның салықты төлеуден бұғып қалу мүмкіндігі болмау керек.
Салық жинауға ыңғайлы болу керек. Салықты жинау уақыты мен тәсілі табысты алу немесе сатып алу кезімен байланысты болу керек, сонда салықты төлемеу және одан қашқақтау азаяды.
Салық түзету енгізуге оңай болуы керек. Қажет болғанда үкіметте салықты жоғарылату немесе төмендету мүмкіндігі болу керек.
Салық адам күші мен белсенділігін баспауы керек. Жоғары салық адамның жақсы жұмыс істеуге деген ынтасын жояды. Көп, саналы және білікті жұмыс істеп қажеті не, егер салық төлеуден қалған қаражат жұмсаған шығынға сай болмаса? Жоғарға салық кәсіпкерлік пен экономикалық тиімділік деңгейіне жағымсыз әсер етеді, білікті және біліктілігі төмен жұмысшылыр еңбегіне ақы төлеудегі айырмашылықты тегістейді. (Слайд №32-36)
Әдетте салық жүйесі жоғарғы табыстан жоғарырақ салық алынатын төлем қабілеті принципіне құрылады.
Табыстар теңсіздігін ешбір экономикалық жүйе жоя алмады. Адамдардың әл-ауқаты деңгейіндегі алшақтық орасан зор көлемге жетіп, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан дүние жүзінің барлық дамыған елдері осындай теңсіздікті қысқарту жөніндегі шараларды қолданады. Табыстарды қайта бөлу - мемлекеттің маңызды экономикалық қызметтерінің бірі. Мемлекет әлеуметтік бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты қолдайды. Сондықтан барлық азаматтарға өмір сүруге ыңғайлы жағдай жасауға және табыстардағы алшақтылықтарды жұмсартуа тарасады. Ол үшін мемлекет азаматтар мен фирмалар табыстарының бір бөлігін алып, осы қаражаттарды жалпы ұлттық міндеттерді шешуге пайдаланады. Кедей азаматтарға көмек - сондай міндеттердің бірі. Мемлекет қаражаттарды қалай қайта бөледі? Табыстарға прогрессивті салық салу - басты механизм.
Прогрессивті салық салу - салық салынатын көлемі мен мүлік құны өсуіне қарай салық мөлшерлемесі өсетін салықты алу әдісі. (Слайд №37)
Біздің елімізде көп адмдар өте кедей тұрады. Кедейлер халықтың ең аз ақша алатын тобы.
Кедейлік шегі - отбасы табысының ресми белгіленген ең төмен деңгейі. Табысты осы деңгейден төмен алатындар кедейлер деп аталады. (Слайд №38, 39)
Мемлекеттік органдар ақша өсуіне байланысты кедейлік шегін тұрақты түрде қайта қарастырып отырады.
Адамдар кедейлік шегіне түрлі себептерге байланысты ұшырайды: төмен жалақы, үлкен отбасы, жұмыссыздық, кәрілік, жалғызбастылық, мүгедектік. Кедей азаматтарға көмек әдетте әлеуметтік қолдаудың әртүрлі бағдарламалары арқылы іске асады. Табыстарды қайта бөлу мемлекеттік саясаттың, мысалы әлеуметтік теңсіздікті азайтатын заңдарды қабылдау сияқты басқа шаралармен кешенді түрде ғана іске асырылады.
Мұқтаждарға көмектесудің ең тиімді жолы - трансферттік төлемдер (ағылшынның Transfer деген сөзінен - орын ауыстыру, аудару, қайта бөлу).
Трансферттік төлемдер - мемлекеттің табысы төмен деңгейдегі отбасыларды қолдауға бағытталған және бюджетке деген салықтық аударымдар есебінен іске асырылатын өтеусіз ақшалай көмегі.
Халқымыздың аз қамтамасыз етілген жігін әлеуметтік қолдаудың мысалдары - мүгедектерге, жетім балаларға, студенттерге, жұмыссыздырға төленетін жәрдемақы. (Слайд №40-41)
Жаңа сабақты бекіту
Бекіту тапсырмалары:
* Оң бағанадағы терминдерге, сол бағанадан анықтамаларды тауып жаз. (Слайд №42-43)
* Дискуссиялық өрнек. (Слайд №44-45)
* Кітаппен жұмыс. <<Кедейлік>> ұғымына анықтама жазу. (Слайд №46)
Оқушылар бүгінгі сабақта сендердің әрқайсыларың салық туралы пікір түйдіңдер. Енді сендердің пікірлеріңді анықтау үшін төмендегі тапсырманы орындаймыз. (Слайд №47)
Үш түсті белгі көрсетілген:
Қызыл түс - салық төлеу керек, себебі ол мемлекет заңына бағыну әрі орындау болып табылады.
Ақ түс - салықты төлесе де, төлемесе де болады.
Жасыл түс - салық төлеудің қажеті жоқ.
Топтар жұмысын бағалау. (Слайд №48)
Сертификаттармен марапаттау.
Үйге тапсырма: (Слайд №49)
Оқу құралының 30-беті. Тарих айналасындағы экономика. <<Байлар мен кедейлер>> мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру. Салық тарихына қызықты мәліметтер жинау. (Слайд №50)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz