Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Маңғыстау қайталанбас табиғат өлкесі (сыныптан тыс шара 9-сыныптар)


<<Абай атындағы орта мектеп>> ММ-сі



(сыныптан тыс шара)
9 - сыныптар


Өткізген: география пәні мұғалімі
Бисенова Жанат



2013 жылы
Сыныптан тыс шараның тақырыбы:

"МАҢҒЫСТАУ ҚАЙТАЛАНБАС ТАБИҒАТ ӨЛКЕСІ"

Әр оқушы өз елінің патриоты болу үшін, ең алдымен, оның жері, халқы, тарихы туралы білуі қажет. Ал Отан тиісінше өз үйіңнен, өз ауылыңнан, өз туған жеріңнен басталады. Өз өлкеңді білу арқылы сен еліңді, бүкіл әлем елдерін білуге бастау аласың. Ал өз жеріңді сүю арқылы басқа халықтардың туған жерін де сыйлап, олардың өз туған еліне деген сүйіспеншілігінің сырын түсіне аласың. Атамекен тарихы, өткеннің шежіресі, ата-бабаның өткен ұзақ жылы деп құрметтеу, сезімдерін ояту, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында танымдық сайыс өткіздім.

Көрнекілігі: Маңғыстау облысының физикалық және саяси картасы, слайд, буклеттер

Жүргізуші мұғалім сөзі: Маңғыстау - табиғаты әр алуан, шөлді өлкеге тән аптапты ыстық жазы, солтүстікке тән қатаң аязды, өткір желді қысы бар, сусылдаған құмы мен сылдырлап аққан бұлағы қатар кездесетін таңғажайып өлке.

Қатысушылар: 9-сынып оқушылары. Оқушылар бүгінгі сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. Сайысқа қатысушыларды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1-топ. <<Атамекен>> 9 <<Б>> сыныбы 2-топ.<<Туған жер>> 9 <<В>> сыныбы

Сайыстың әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
* Жанжігітова Рыс - тарих пәнінің мұғалімі;
* Юсупова Галина - тарих пәнінің мұғалімі;
* Бекқалиева Сандуғаш - тарих пәнінің мұғалімі;
* Зейнепов Сәтжан - география пәнінің мұғалімі;
* Ауанова Нұргүл - тарих пәнінің мұғалімі.

Сайыстың шарттары:
І. <<Сен білесің бе?>> (өлке тарихы мен географиясына арналған сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі)
ІІ. Белес. (ұяшықтар тандау арқылы сұрақтарға жауап береді)
ІІІ. <<Пірдің соңы - Бекет>> Маңғыстаудағы киелі орындар туралы аңыздар. (Аңыздарды жатқа, мәнерлеп, тыңдарман назарына ұсынады. Әр топ 1 аңыз айтады.)
ІҮ. Есімі - ел есінде (Өлкеміздің дамуына көп үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің еңбектері)
1-кезең. <<Сен білесің бе?>>
Әр топқа бес сұрақтан қойылады.
1- топ.
1. <<Маңғышлақ>> атауы қай ғасырдан бастап белгілі болған? (Маңғышлақ атауының Х ғасырдың ортасында-ақ белгілі болған)
2. Облыс солтүстік-шығыста қай облыстармен шектеседі? (Ақтөбе және солтүстігінде Атырау облыстарымен)
3. Маңғыстау республикамыздың қай аймағында орналасқан? (қиыр оңтүстік-батысында)
4. Маңғыстау облысы қай жылы, қай айда құрылды?(1973 жылы наурыздың жиырмасында құрылған)
5. Маңғыстау облысының жер ауданы қанша? (165 мың км)
2-топ.
1. Маңғыстау туралы ең алғашқы жазба дерек қай жылдары белгілі болды? (922 жылы Бағдадтан шығып, Еділ Бұлғариясына бармақ болған араб елшісі Ахмед ибн Фадлан Хорезмде болып, одан арғы сапарын Үстірт үстімен жалғастырғанда, жолшыбай оғыз тармақтарына кездеседі. Ибн Фадлан өзінің <<Ар-Рисале>> деген еңбегінде Үстірт немесе Үстірт маңы оғыздар туралы біраз дерек қалдырыпты)
2. Маңғыстау облысының қазіргі кездегі халық саны қанша? (334 мың адам)
3. Облыс оңтүстігі мен шығысында қай мемлекеттермен шектеседі? (Түрікменстан мен Өзбекстан)
4. Орталығы қай қала? (Ақтау қаласы)
5. Қарақия ойысы тереңдігі жөнінен дүние жүзінде нешінші орынды алады? (бесінші орынды алады)
2-кезең. Белес.

Маңғыстау халқы
10
20
30
40
жер-су атаулары
10
20
30
40
жануарлар мен өсімдіктер дүниесі
10
20
30
40
Өнеркәсібі
10
20
30
40

Маңғыстау халқы.
10-ұпай.
Маңғыстау облысы қанша әкімшілік ауданға бөлінеді? (екі қалалық мәслихатқа және төрт әкімшілік ауданға бөлінеді)
20-ұпай.
Бейнеу ауданының халқы қанша? (2006жылдың 1қаңтарына қарай) ()
30-ұпай.
Маңғыстау халқының саны жөніндегі алғашқы мәлімет қай жылы тіркелді? (1745 ж )
40-ұпай.
Облысымызда қандай ұлт өкілдері тұрады? (қазақтар, украиндер, беларусьтар, орыстар, чечендер, ингуштар, осетиндер, дағыстандар, корейлер, немістер, әзірбайжандар)

Жер-су атаулары.
10-ұпай.
Маңғыстау облысындағы киелі жерлерді атандар. (Бекет ата, Ағым әулие, Айназар әулие, Ақ әулие, Ақжігіт әулие, Қараман ата)
20-ұпай.
Бейнеу атауы неге байланысты қойылған? (Намазұлы Бейнеу деген жергілікті бай кісінің атына аталған)
30-ұпай.
Каспий теңізінің бұрынғы атауларын ата. ()
40-ұпай.
Маңғыстау облысының ең биік нүктесі (Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы, биіктігі теңіз деңгейінен 556 м жоғары)

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі.
10-ұпай.
Маңғыстау климатына қандай ауа массалары әсер етеді? (арктикалық, қоңыржай, тропиктік белдеу ауа массалары)
20-ұпай.
Облыс жерінде қанша өсімдік түрлері бар? (400-ден астам)
30-ұпай.
Облыста кездесетін емдік қасиеті бар қандай өсімдік түрлерін білесіңдер? (адыраспан, ақмия, жантақ, итсигек, түйежапырақ, түйесіңір т.б.)
40-ұпай.
Үстірт қорығында қорғалатын қандай жануарларды білесіңдер? (киіктер, қоқиқаздар, үстірт қойы)

Өнеркәсібі.
10-ұпай.
Маңғыстау облысында қандай пайдалы қазбалар кездеседі? (мұнай, газ, ұлутас)
20-ұпай.
Ақтау қаласындағы АЭС қай жылы іске қосылған? (1973 жылы 16 шілдеде)
30-ұпай.
Газ өңдеу зауыты қай қалада орналасқан? (Жаңаөзен қаласында Қазақ газ өңдеу зауытында жүзеге асырылды.)
40-ұпай.
Тұңғыш маңғыстаулық мұнай фонтаны қай кен орнында және қай жылы атқылады? (1961 жылы 5 шілдеде Жетібай кен орнында атқылады)
ІІІ. <<Пірдің соңы - Бекет>> Маңғыстаудағы киелі орындар туралы аңыздар. (Аңыздарды жатқа, мәнерлеп, тыңдарман назарына ұсынады. Әр топ 1 аңыз айтады.)
* Топ. <<Ман ата>>
* Топ. <<Есен ата>>
ІҮ. Есімі - ел есінде (Өлкеміздің дамуына көп үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің еңбектері) Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың <<Жақсысын ұлықтамау, жайсаңын қызықтамау - өз ырысын өзі тепкендік, өз тілеуін өзі кескендік>>, - деген тамаша сөзі бар. Расында да, елге еңбегі сіңіп, жақсы атымен, игілікті ісімен ел есінде жүрген арыстай азаматтар бар. Біз солардың еңбектерін біліп жүріңіздер деген мақсатта төмендегідей тапсырмаларды беруді жөн көрдік.
(1-тапсырмасы)
Ол - көрнекті ақын, қаламы жүйрік жазушы, публицист, драматург, этнограф. Мамандығы бойынша құрылысшы болумен бірге, атадан қалған өнер дарыған, ата-баба рухына арналған ескерткіштер тұрғызып, атағы дүйім жұртқа танылған. Абай-Шәкәрім мұнараларын, <<Домалақ ана>>, <<Хан ордалы Сарайшық>>кесенелерін, Абыл ақын, Досан батыр, Омархан-Нұржамал күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай сағаналарын салып, елдің мәдени мұрасын дамыта түскен айтулы сәулетші. Ол кім? (Жауабы: Сайын Назарбекұлы)
(2-тапсырмасы)
Ол - 1973 жылы Маңғыстау облысы, оның құрамында Бейнеу ауданы құрылған кезде Бейнеу аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1978-1990 жылдары Бейнеу аудандық партия комитетінің І хатшысы қызметін атқарды. 1994 жылы облыс әкімінің кеңесшісі болып еңбек етті. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. <<Жас коммунистер тәрбиесі>>, <<Маңғыстау - маңғаз мекенім>>, <<Өркенді өлке, өнегелі өмір>>, <<Тұлғалар тағылымы>>, <<Айгүлім менің...>> атты еңбектердің авторы. Тұщықұдық ауылы, Бейнеу ауданы, Ақтау, Даллас (АҚШ) қалаларының құрметті азаматы атағын иеленген. Ол кім? (Жауабы: Дүйсенбі Әріпов)
(3-тапсырмасы)
Ол - 1991 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітіріп, 1991 - 1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинастырып, бірнеше кітап жазған ғалым. Ғалымның <<Маңғыстау географиясы>>, <<Қазақ мифологиясына кіріспе>> (1997), <<Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары>> (2000), <<Есен-қазақ>> (2002), <<Гиперборея: түс көрген заман шежіресі>> (2003), <<Арғықазақ мифологиясы>> (2004), <<Эстетика ландшафтов Мангистау>> (2005), <<Маңғыстаунама>> (2006), <<Қазақ даласы және герман тәңірлері>> (2006), <<Жауынгерлік рух кітабы>> (2006) сынды зерттеу еңбектері бар. Ол кім? (Жауабы: Серікбол Қондыбаев)
Қорытынды сөз. Әділқазылар жеңімпаз топты анықтайды.
Жүргізушінің қорытынды сөзі: - Қымбатты, балалар! Сендер бүгінгі шара барысында өлкеміздің табиғаты, өнері, мәдениеті, осы топырақта өткен танымал тұлғалардың еңбектері туралы көптеген мағлұмат алды деп есептеймін. Әрдайым ел үшін еңбек етіп, елдің, халықтың айтулы азаматтары, мақтаныштары болыңдар!

Ұқсас жұмыстар
Тарихшылар симинары
Бүгінгі білім - ертеңгі болашағымыз
Математика, физика және информатика апталығы
Өзін-өзі тану еліне саяхат сыныптан тыс жұмыс
Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы
Орыс мектебінде қазақ тілінен ұбт сынағына дайындау жолдары
Үшінші тур
Сабақтардың тақырыптары
Топ басшысы
Сыныптан тыс шарада оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру тәжірибемнен
Пәндер