Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Күш - білімде!
Тақырыбы: Күш – білімде.
Мақсаты: 1) оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін
кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
2) оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және
ойлау, ойды жүйелеу қабілетін арттыру;
3) өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ғажайып ұяшықтарға арналған плакат, тақырып бөлімдері жазылған
парақшалар.
Сыныбы: 2 класс оқушылары арасында.
Өткізілген уақыты: 28.01.2014
Барысы:
Ұйымдастыру:
1. Сайыстың мақсатын айту;
2. Сайысқа қатысушылармен таныстыру;
3. Жеңімпазды анықтау.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 2 сыныптар
аралығында өткелі отырған «Күш – білімде!» атты білім сайысына қош
келіпсіздер! Сайысымызға 6 оқушы қатысады, қатысқалы отырған ойыншылармен
таныс болайық.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. Әр кезең белгілі бір пәнге арналады және өз
ұпайлары бар, сол арқылы ұпай жинайсыздар. Сонымен дайын болсақ,
ойыншыларымызға сәттілік тілеймін. Алғашқы кезең қазақ тілі пәніне
арналады.
Қазақ тілі:
5 ұпай сөздерді буынға бөлу:жазбаша.
1. Қоңырау.
10 ұпайдың сұрақтары:
1. Дауысты дыбыстар қандай түрге бөлінеді? Түбір дегеніміз не?
2. Дауыссыз дыбыстар қандай түрге бөлінеді? Жұрнақ дегеніміз не?
3. Сөйлемдердің түрлерін ата. Туынды сөз дегеніміз не?
4. Ң дыбысы қандай дыбыс? Жалғау дегеніміз не?
5. І дыбысы қандай дыбыс? Сұраулы сөйлемнің ережесін айт.
6. Й қандай дыбыс? Лепті сөйлемнің ережесін айт.
2-кезең
Математика:
5 ұпай. Жазбаша. Теңдеу шешу.
60 + х =90
10 ұпайдың сұрақтары:
1. аптада неше күн бар? 6+7
2. Шаршы дегеніміз не? 8+4
3. Бұрыш түрлерін ата. 7+5
4. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? 6+5
5. Белгісіз қосылғышты қалай табамыз? 9+3
6. Екі таңбалы сандарды қалай қосамыз? 4+7
Дүниетану.
10 ұпай.
1. Ағаш діңін тоқылдатып, оның қабығының астындағы қабықжегі мен
ағашжегінің дернәсілдерін табады. Ол не? (тоқылдақ)
2. Егер біреуі ауыр олжа тапса, оған басқалары қолма-қол жәрдемге келеді.
Олар олжасын сүйретіп, бір ізбен шұбайды. (Құмырсқалар)
3. Күндіз демалады да, түнде қорегін аулауға шығады. (Жапалақ,үкі)
4. Көктем мен күзде түлеп, түсін өзгертеді. Желаяқ жүйрік және секіргіш.
(Қоян)
5. Тауыққа ұқсайтын кішкентай құс, қалың шөптің арасын шұңқырлап, ұя
салады. (бөдене)
6. Мысық тұқымдас жабайы аң, биік тау басында тіршілік етеді, ақылды,
күшті, сымбатты. (барыс)
« Әдебиеттік оқу»
10 ұпай.
Бұл кезеңде мәтіндегі бір кейіпкердің айтқан сөзі оқылады, сендер
мәтіннің атын табуға тиіссіңдер.
1. Лашығына оралған қызметші «Ендігі уақытта балаларымды қалай
асыраймын?» деп қайғырыпты. «Ханзаданың достығы»
2. –Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ», -
дейді Көкек. «Қарлығаш пен Дәуіт»
3. –Саған бірдей екі ойыншықтың керегі не? – деп таңданды әкесі.
«Қайырымды бала»
4. –Телефонмен «Жедел жәрдемді» шақырған қайсыларың? – деп сұрады
дәрігер. «Әжесін қайсысы жақсы көреді?»
5. – Мұғалім, тиыным қалтамда екен. Мен портфеліме салған сияқты едім, -
деді Салима. «Алтай ақша сұрамайды»
6. –Оның себебі ,балам, анау ағашты бағып қағумен өсірген.,-деді атасы.
«Бақша ағаштары»
Құрметті сайыскерлер! 6 оқушының ұпай сандарын есептейік.
Қолдарыңдағы ұпайларды қоса қойыңдар.
Ең жоғары ұпай жинаған сайыскер жеңімпаз атанады.
Қорытынды.
Қымбатты оқушылар! Бүгінгі «Күш - білімде» атты білім сайысы өз
мәресіне жетті. Сайысымыз осы жылда алған білімдеріңізді көрсетті. Сайыс
барысында өз білімдеріңізді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңізді
көрсеттіңіздер! Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі
жолында қызмет ететін нағыз патриоттар және нағыз білгірлер болады деп
сенеміз!
Нәтижелерін шығару, мақтау қағаздары мен алғысхаттар табыс ету.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz