Бастауыш мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Қаратал бастауыш мектебі
«Бастауыш мектеп оқушыларын психологиялық - педагогикалық қолдауды ұйымдастыру»
Мұғалім: Саулембекова А. О.
2013 жыл
«Бастауыш-білім негізі» деген пікір орынды айтылған, сондықтан білім берудің басты міндеті сапаға зейін аудару, ұғымдар, ережелер, амалдар-педагогикалық іс-әрекеттер арқылы қалыптастырылып, жүзеге асырылуы тиісті. Бастауыш мектеп-баланың дамуының іргетасы қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы уақытта қалыптасады.
Бастауыш мектептің жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі-қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашақта жан-жақты жетілген, дамыған, табанды жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бастауыш сатыға білім мазмұнын жаңарту және оқу үрдісінің жаңаша ұйымдастыру-сапалы білім беру, оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіруді қамтамасыз ету, анық философиялық, педагогикалық, психологиялық негіздердің терең, жүйелі зерделеу, салыстыруды қажет етеді.
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары - жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса - кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т. б.
Педагогикалық қолдау 1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; 2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы жағдаяттарын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап бағалауға мүмкіндік береді.
Оқушының психикалық тұрғыдан өзіндік сипатына тоқтасақ.
Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы \сүйектенуі\ 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға, әсіресе бір нәрсені көшіріп жазуға көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2, 5 кг-дай қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90-ға дейін барады \ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады\. Осының өзі баланы недәуір қиналдыратын болса да, қан айналыс жүйесінің жұмысынан онан әрі жақсартады. Мұның себебі қан айналыс тетіктері диаметрінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да көп жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы \7 жастан 11 жасқа дейін\ 1000 гр-нан 1400г. дейін өседі, әсіресе оның маңдай бөлігі недәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді.
Кіші оқушылардың оқу әрекетіне келелік. Оқуда өзінше әрекеттің бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы белсенділікпен ұғынуды айтады. Оқу әрекеті тек білім алуымен шектелмейді. Осыған ептілік пен дағдылану керек.
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі.
Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды.
Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану, кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал жанама ықылас сәл нәрсе қызық болмаса да жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың соңғы түрі кіші оқушылардың өмірінде негізгі рөл атқаруы тиіс.
Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы осылардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.
Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен беріледі: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның мәтіні беріледі. Осы мәтінге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол мәтінге сүйене отырып бала оны жаттап алады.
Ал тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп тапсырманы орындаудың бірінші түрін және пробемалық мәселелерді орындай білуді айтады. Осыған әр түрлі пәннен айталық грамматикалық, дүниетану, математикалық т. б. есептер шығару жұмысы жатады.
Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенде осының мынадай үш сатыдан тұратынын айтады: біріншіден берілген тапсырманың шартымен танысудан, екіншіден, соны орындаудан, үшіншіден, осының қалай \дұрыс, я, бұрыс\ орындалғанын тексеруінен. Пәндер неше түрлі болғандықтан, осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В. В. Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады: 1\ тапсырмадан яғни оқу ситуациясынан.
2\ тапсырманы орындаудан.
3\ орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен.
4\ баға қоюдан.
Тапсырманы орындау үшін оқушы алдын-ала дайындық жұмысынан өтуі тиіс. Егер бала тиісті дайындық кезеңдерінен өтпей, оның немесе бірнеше тізбегін орындауға үйренбей тастап кетсе, тапсырманы орындай алуы мүмкін емес.
Балаға тапсырма берерде, сол тапсырмаға орай не біледі, нені есіне түсіруді қажет екенін тексеру керек. Егер, тиісті мәліметтерді және не істеуді бала түгел білсе, тапсырманы орындауда қиналмайтын болады.
Ал оқу әрекетінің тексеру кезеңіне келсек, осыған мән берудің үлкен маңызы бар. Күнделікте, кейбір балалардың нашар оқуының себебі тапсырманы орындап біттім деген соң, соның нәтижесін тексермей, сабаққа бірден келуінен мұндай сәтсіздік оқушының кішкентай жасынан бастап осыған мән бермеуінен \оқушының жалқаулығынан\ кездеседі. Ал мұнымен күресті тапсырманы орындаған соң, соның қиыншылықты дұрыс екенін оны тексере білуге үйретсе, балалардың бәрі қатесіз оқитын болар еді. Себебі бала тапсырманы қате орындағанын үйде отырып білсе, уақытын бос өткізбей, сол қатені жоюға әрекет жасаған болар еді.
Кіші оқушылардың ойынына көшелік. Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның осыған бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай кіші оқушының бұрынғысынан өзгеріліп көбінесе жаңа мазмұнда кездеседі. әрине, осы жастағының ойыны бұрынғысындай бәлендей маманның \машинистің, дәрігердің, малшының т. б. \рөлін ойнайды. Бірақ осы ойынының бұрынғысынан өзгешілігі мынадай, сол рөлдердің азаматтық сапасына, айталық қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т. б. мән береді. Демек, кіші оқушы «мен Бәленше боламын» демей, сол бейнелердің мінез-құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады, 1 және 2-3 сыныптағылардың ойыны бірдей емес. 1-сыныпта бала: "Мен ұшқыш болам", "Маған сондай рөл ұнайды" деп айтып, бірақ соны орындауға әрекет жасамайтын болса, 3 сыныпта рөл ойынына еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек, сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, өзі іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті айлакер болуы үшін әрекет жасайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің бастапқы кезі-бұл ойын мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну
керек. Өйткені ойын бұрын ермек болып келсе, енді кіші оқушы үшін өзін-өзін тәрбиелеудің құралына айналып отыр.
Рөлдік ойындармен да кіші оқушы 2-3 сыныпта айналыса бастайды. Мысалы, шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланың ақыл-ойын дамытуға әсерін тигізетін болса, футбол қайраткелігін, дене мүшелерінің \қолының, аяғының\ ептілігін дамытады. Футбол ойнау, егер қозғалу ойынның түріне жатса, соның өзі, екіншіден, рөлдік ойынның түріне де қатысы бар. Мысалы, қақпашының рөлін бала атқарып допты торға тигізбеуге әрекет жасағанда, ол рөлдік қызметті атқарып отыр. Мұның солай екені мынадан: кіші оқушы қақпашының рөлін ойнағанда оның үстіндегі киімі, кескіні нағыз қақпашыға еліктейді: қолына қақпашыныкіндей қолғап киеді \басында қорғаныс шлемы бар т. б\, допты торға тигізу үшін керек деген жағдайда, оның үстіне құлайды т. с. с. Осыған қарағанда бала футбол ойнап отырған жоқ, футболшының атқаратын қызметін қайталап отыр. Осындай ойын үстінде баланың күші, ептілігі қалыптасады. Осымен қатар оның ерік-жігерлігі, ұстамдылығы, тәртіпке бағынышты келуі құрбыларымен достық қасиетін ұлғайтуға жәрдем береді. Сондықтан ойынның соңғы түрлері кіші оқушылардың психикалық дамуында ереше орын алады.
Оқушылардың таным процестеріне талдау беруге көшелік. Кіші оқушылардың негізгі таным процестері \қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Соған орай біз талдауды әуелі қабылдаудан басталық.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz