Отбасы, мектеп және қоғамның ынтымақтастығы

Газизова Лаура Серікқызы

Атырау облысы

Индер ауданы

Кулагино орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«Отбасы, мектеп және қоғамның ынтымақтастығы»

Мақсаты: Отбасы және мектеп тәрбиесінің жеке тұлғаны дамытудағы ортақ ықпалдастық жолдарын талқылау, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, ата-аналарды бірлескен іс-әрекетке тарту

Түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі: слайдтар, видеороликтер, қанатты сөздер жазылған плакаттар

Жүру барысы: І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

1. «Әке мен бала» көрініс

2. Тәрбие туралы ой толғау

3. Ата-аналарға арналған ононимді сауалнама

4. «Сіз не дейсіз?» (ситуациялық жағдайларға жауап)

5. «Ойымды айтсам» (пікіралысу)

6. «Біздің ойымыз . . . » (постер қорғау)

ІІІ. Қорытынды (Тілек ағашыне стикерге жазылған

тілектерін жапсыру)

І. Кіріспе бөлімінде ата-аналар «Шаттық шеңбері» арқылы бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы танысып, топтарға бөлінеді.

ІІ. 1. 2. «Әке мен бала» көрініс көрсетілгеннен кейін ата-аналарға қысқа мәтінде баяндама оқылады.

Тәрбие- баршаның ісі, әсіресе ата-аналардың қасиетті борышы. Бұл туралы ҚР-ның Конституциясында айқын айтылған. Халқымыз мұны «Ұлы жол өз табалдырығыңнан басталады» деген, қандай әдемі айтылған сөз. Бар адам да үйден бастау алатын осы кішкене соқпақпен жүріп, үлкен жолын табады. Баланы мектепке сілтеп тастаған ата-аналар қатты қателеседі. өз бөбегіңіздің іңгәсін есіткен сәтіңізден бастап, сіздің алдыңызға нәзік те, өте жауапты қоғамдық қызметіңіз басталады. Отбасылық өмірдің басты мәні де, негізгі мақсаты да жасөспірімдерге дұрыс тәрбие беру. Бала тәрбиесіне жеке адам, мектеп, ата-ана ғана емес, көше, қоршаған орта да үлкен ықпал етеді.

Баланы жастайынан қалай тәрбиелесің, солай болып өсетіні белгілі. «Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген атам қазақ айтып кеткен сөзді жадымыздан еш шығармай, есте сақтап, шығармағанымыз жөн сияқты. Кішкентайынан еңбекке баулып, адал болуға, үлкенді сыйлауға үйрету-ата-ананың басты міндеті. Олай болса бала тәрбиесін тірек сызбамен көрсетсек:

Ата-ананың міндеті

(«Неке және отбасы» кодексінде айтылған)

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеу;

2. Білім алуына көмектесу;

3. Жүйелі білім алуына жағдай жасау;

4. Ата-аналар жиналыстарына қатынасу, мұғаліммен кездесуі, баласының мектеп өмірімен танысуы;

5. баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т. б улы заттарды қолдану, балаға зиянды екенін түсіндіру;

Ата-ана жауапкершілігі:

  1. Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты;
  2. Мұғалімді, мектептің педагогикалық ұжымын балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
  3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты;
  4. Баланың адамгершілік тәрбие алуы үшін өз отбасында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты;
  5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
  6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың саламатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты;

3. Ата-аналарға «Сіз қандай ата-анасыз?» атты ононимді сауалнама жүргізіледі.

4. «Сіз не дейсіз?» бөлімінде дөңгелек үстелге топқа бөлініп қатынасып отырған ата-аналарға «Кімнен кеткен кемшілік бұл?» және «Бала ойы» тақырыбында көріністер көрсетіледі, топ мүшелері көрсетілген көрініс бойынша ақылдаса отырып, ойларын ортаға салады.

5. «Ойымды айтсам» пікіралысу бөлімінде топтарға сұрақтар қойылады.

1-топқа:

Бала тәрбиесінде соңғы 10-15 жыл мөлшерінде кемшіліктерсіз, келеңсіз құбылыстар мен ағаттықтар етек алып кетті деп көпшіліктің көңілінде орынды алаңдаушылықтар туындауда. Жаңалыққа еліткеннің мәні осы екен деп үлесімсіз киім киіп, оғаш қылық, ауырды айналып өтуге, жеңілдің үстімен жүруге бейім, еңбек еткісі келмейтн жастарды қалай ғана тәрбиесі дұрыс, мәдениетті, жаны сұлу деп айта аламыз. Олардың айқын азаматтық бағдары жоқ, білімі таяз, мұндай жастар әр ауылдан да, әрбір отбасынан да табылып қалады. «Сырты бүтін, іші түтіндер» осындайдан шықпай ма? «Тәрбиенің тал бесіктен бастау алатынын» біле тұрып, тіпті жылына 1рет мектепке келмейтін ата-аналарымыз да бар. сіз бұл пікірді қалай түсінер едіңіз? Ата-ана мен мектептің байланысын қалай тығыз байланыстылыққа жеткізуге болады, сіздің ойыңызша?

2-топқа:

Тұйыққа тірелмейтін кез болмайды. Бірақ тығырықтан шығатын жол әрқашанда болады. Егер оқушының бос уақытын дұрыс ұйымдастырсақ, мәселенің бір түйінін шешкендей боламыз. Бұл жолдың бірі-көркем әдебиет оқу. Әдебиет оқуға құмарлық күнделікті газет-журналдардан басталады. үйге бірде-бір басылым келмейтін, өзің оқымай, балаңды «Кітап оқымайсың» деп айыптауға бола ма? Міне, бұл жерде де тәрбие басы әке мен шешеге келіп тіреледі. Сіз басылымдарды алдырасыз ба, балаңыз бос уақытында немен айналысады. Бос уақытындағы, дастархан басындағы әңгімелеріңіздің дені не туралы, қандай тақырыпта өрбиді?


Ұқсас жұмыстар
Ойларыңызға көп рахмет, құрметті ата - аналар
Әлеуметтік педагогтың отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша қызметі. баяндама
МЕКТЕП ПЕН АТА - АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Топ старостасы
Қазақ жеріндегі ойшылдар
Отбасы – шағын қоғам жайлы
Отбасы қоғам мүшелері екендігін ұғындыру
Ұрпақ тәрбиесінің тірегі – отбасы
Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері
Өнеге отбасынан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz