Жаңа технологияларды қолданудың алғышарттары

М. Төлегенов атындағы орта мектебі
Жаңа оқыту технологияларын
қолданудың алғышарттары
(Әдістемелік құрал)
Ш. Р. Дүйсенқұлова
М. Төлегенов атындағы орта мектебінің
Әдістемелік Кеңесі ұсынған
АҚШИ
2014 жыл
© Дүйсенқұлова Ш. Р.
Жаңа технологияларды қолданудың алғышарттары (Әдістемелік құрал )
Ақши, 2014, -15 бет
Әдістемелік құралда техникалық пәндер бірлестігіндегі барлық өнер пәндерде және жалпы
арнайы пәндерде жаңа технологияларды қолданудың әдіс -тәсілдері мен оқытуды құзіреттендіру мен ақпараттандырудың негізі қарастырылған.
Пікір жазғандар:
Р. Т. Шайқақов - мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары, білікті ұстаз
С. С. Сәрсенғалиева - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары, білікті ұстаз
А а030400- 31
3031(04) 2014
М. Төлегенов атындағы орта мектебінің Әдістемелік Кеңесі ұсынған
©Дүйсенқұлова Ш. Р, 2014
Жаңа оқыту технологияларын қолданудың алғышарттары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалуы керек» деп атап көрсеткен. Сонымен қатар елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында « Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі » деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуге, оқшыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу - әрбір ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз педегогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттілігі туындайды.
Білім беруді дамытудың жаңа бағыттарының бірі - білім мазмұнын толық меңгеруін іске асыратын оқыту технологиясын жетілдіру.
«Оқыту технологиясы» - алға қойылған мақсатқа ең тиімді жолмен жетуде оқу жоспары бойынша оқыту мазмұнын жүзеге асырудағы әдістер мен құралдар жүйесі. Бұл термин оқу үрдісінің барлық саласына техникалық құралдарды және бағдарламамен оқыту оқу әдістерін пайдалануға байланысты анықталды. Бұл бағытты кейде « білім саласындағы технология» немесе «оқыту технологиясы» деп атайды. Көптеген зерттеушілер «оқыту технологиясы» - оқыту мақсаттарын ескере отырып, оқу үрдісін дұрыс жоспарлап, оны жүзеге асыру деген пікірмен келіседі. Ғалым Г. Хайруллин «Педагогикалық технология - педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы» деген тұжырымды жақсы айтқан.
Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағыт алған. Қазіргі уақытта білім мазмұзын жаңарту мен сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50- ге жуық түрі ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, оның іске асуының екі ғана жолы бар.
Біріншісі теориялық негізде орындалуы(В. Беспалько, В. Данилев, В. Дьяченко және т. б. екіншісі - тәжірибемен жүзеге келуі(Е. Ильин, С. Лисенкова, В. Шаталов. )
Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдарымыз Ш. Қаланова, Ж. Қараев, Ж. Кобдикова, Ш. Таубаева, Қ. Қабдықайыров, С. Лактионов, М. Жанпейісова, Ә. Жүнісбек, Қ. Нағымжанова, С. Көңілбаева және т. б. ғалымдарымыздың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары қамтылды. Жоғарыда келтірілген Ғалымдарымыздың еңбектерімен таныса отырып, оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп, төмендегідей топтастыруға болады.
Оқытудың технологиясы оқытудың мазмұнын өңдеуге көлемімен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан,
оқытушыны құралдарын пайдаланып, оқушыға әсер ету әдістерін зерттейді.
Мектептегі оқытылатын басқа пәндермен бірге бейнелеу өнері пәні сабақтары да
оқушыларға эстетикалық тәлім- тәрбие беру, сұлулықты түсінуге, әлемдік және ұлттық өнер туындыларын танып білуде қосар үлесі мол.
Осыған орай бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық тілдегі шығармашылық жұмыстар жасату, оқушылардың сурет өнеріне деген қызығушылығын ояту және дамыту - бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің басты міндеті деп білемін. Өзімнің сабақтарымда оқушының өз бетімен ізденісін іштей дамытуға үйретіп, қағаз, картон бетіне әр түрлі әдіс-тәсілдерді және әр түрлі құрал жабдықтардықолдана отырып жоғары деңгейдегі сурет салғызуға тырысамын.
4
«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы оқу пәндері, соның ішінде бейнелеу пәндері үшін тиімді.
Себебі, бұл технологияның мақсаты өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгерістерге бейімделетін баланы дамыта отырып үйрету, тәрбиелеу.
Бұл технологияның маңызы сол, оқытудың әр кезеңінде оқушы өз білімін жүйелейді және өзіне- өзі есеп береді. Бұл оқушының алдына мақсат қоюының алғы шартына жол ашады. Бейнелеуге машықтануда оқушыда ынталану пайда болады. Ынталану оның пәнге деген, білімге деген құштарлығына жол ашады. Қызығу оның басты құндылығы.
Оқушының пәнге қызығушылығы оянған соң мұғалімнің жұмысы жеңілдейді. Мұғалім тек ұйымдастырушы ғана. Бұл жүйемен оқығанда ешбір оқушы қалыс қалмайды, берілген 45 минутты тиімді пайдалану, уақытылы үлгеру міндеті өзінен-өзі қалыптасады. Оқушылар сабаққа ерекше жауапкершілікпен келуі және сабақтың тез басталуын күтеді. Мұғалімге құрметпен, сүйіспеншілікпен қарым-қатынасы ерекше білініп тұрады. Мұғалім үшін де сабаққа келу ерекше құрмет. Тіпті үлгерімі төмен оқушының өзі мұғалім алдында өзін еркін ұстап, өзіне деген сенімін көрсетіп тұрады.
Деңгейлік тапсырмалар орындау кезеңіндегі 4- деңгей - шығармашылық деңгей. « Мен» мазмұнына бұл технологияда үлкен мән берілген. Бұл деңгейдегі бүкіл еңбектің нәтижесі жеке тұлға бойындағы құндылықты көрсетуге мүмкіндік береді.
Ерекшелігі мына төмендегілер:
- Әр балаға жеке дара қарау;
- Тұлғаның әрекетіне сатылы орналасқан басшылық жасау;
- Әр тақырып бойынша оқушы білімінің бағалануы;
- Әр баланың мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуын қамтамасыз ету.
Оқу әрекетінің мақсаттылығы мен мазмұндылығына бұл технологияда үлкен мән берілген. Оқушының ғылыми ұғымдар мен заңдарды түсініп, практикалық мәселелерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал - тәсілдерін, дағдыларын меңгеріп қана қоймай, шығармашылық бағытта еңбектенуі - оқу әрекетінің негізгі мақсаты және нәтижесі болып табылады. Бұл технологияны өзім беретін бейнелеу өнері сабақтарында қолданып жүрмін.
Ж. Қараевтың технология теориясы негізін және Ж. Кобдикованың әдістемелік нұсқауларын басшылықа алып, әдістемелік кешенді құралдар жобасын құрастырып алғанмын.
Мақсатым - оқу-әдістемелік кешендер арқылы әлеумет, мәдениет, қоғам, әлем туралы мүмкіндігінше белгілі бір көлемде шынайы мағлұматтар беру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылықтарын ояту. Ғылыми әдістемелік кешендерді ұйымдастырудың мақсатты жобасы
1) Тақырыптық жоспарланған сабақ:
2) Бейнелеу өнері жанрларына құрылған тақырыптық иллюстрация;
3) Пішім А3 қағазы мен бейнелегіш құралдар .
Осыларға сәйкес 4) Көркемдеуші құралынан тұру керек деп есептеймін.
ОҚУ ЖОСПАРЫ; ТАҚЫРЫПТЫҚ ИЛЛЮСТРАЦИЯ; ПІШІМ А3; КӨРКЕМДЕГІШ ҚҰРАЛДАР.
І. Оқу жоспары «Бейнелеу өнерінің жанрлары », оның ішінде графика, натюрморт, кескіндеме болып табылатын теориялық концепциясының негізін бөлім бойынша оқуға негізделген. Одан кейінгі материалдар осы теорияға сүйеніп қарастырылады. Себебі, бейнелеу өнері жанрлары, оның көркемдегіш құралдарымен жұмыс жасау бүгінгі күн оқушысына еш
қиындықсыз, нақты әрі тез түсінуіне, табиғатпен, айналадағы сұлулықпен етене байланыс жасауына мүмкіндік береді.
ІІ. Әңгімелесуші көркемдік құралы - бейнелеудегі ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында оқу әдістемелік кешендер ішінде білім берудің негізгі құралы .
ІІІ. Тақырыптың теориялық негізі натураны жұмыс қағазына орындау арқылы бекітіледі.
5
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық тренинг. Амандасу. «Маралдар қалай амандасады?»
( Дөңгеленіп тұрып, мүйізбен, мұрынмен, қарама-қарсы құлақпен, иықпен, тіземен амандасамыз) . Мақсаты: Оқушыларды ұжымдастыққа, татулыққа шақыру. )
ІІ кезең. Теориялық негіз . Бейнелеу өнері жанрлары, натюрморт, оның құрастырылуы әсемдігі, натураны қағаз бетіне орналастыру төрт кезең бойынша орындалады.
ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
І Деңгей. Көркем суреттердегі әдемілік . Алдымызда тұрған «Қобыз бен құмыраның» ұлттық негізге сай иллюстрация жасауы. Композициялық орталықты табатын - репродуктивті деңгей.
ІІ Деңгей. Шығарманы әр бала өзі отырған жерден қарап қағаз бетіне оймен дұрыс орналастыру.
ІІІ Деңгей. Қалыптасқан дағдысын пайдаланып, суреттің шешімін табу. Композициясын табатын тапқырлық- эвристикалық деңгей.
ІҮ Деңгей. Оқушының білімін, білігі, дағдысы, қабілеті ерекше аңғарылып, жұмыс нәтижесі көрінетін шығармашылық деңгей.
Тақырыптық
жоспар
Тақырыпқа
құрылған
иллюстрация
Бұл технология шығармашылылық жұмыспен айналысатын мектептегі өнер пәндері бейнелеу, технология, музыка т. б. үшін өте тиімді.
Технологияны жүйелі түрде қолдану үшін :
Оқу жоспары, оған сәйкес бейнелеу өнері жанрлары туралы мәліметтер мен Қазақстан және басқа халық суретшілерінің шығармаларындғаы табиғаттың адамға сыйлайтын мол ризығын, адам қолынан шыққан бұйымдардың сұлулығын бейнелеп нақыштайды.
Оқушылардың бойында күн сайын көріп жүрген бұйымдардағы біздің көз алдымызда бұрын байқалмай келген ерекше жарастықты байқау арқылы сол сұлулықты қағаз бетіне орналастыруға асығып, қызығушылықпен кіріседі.
Шығармашылық жұмыстың жоғары деңгейде орындалуы үшін оқушының эстетикалық талғамы мен өнерге деген қызығушылығын оятып қана қоймай, қоршаған ортадағы бояу құбылыстарын
Әсерлерін суретшілердің шығармаларын көрсету арқылы айқындап алу керек.
Оқушыны шығармашылық жұмысқа әкелу үшін үлкен дайындықты қажет етеді.
- Тақырыпты таңдау, тани білу, өмірмен байланысы;
- Оқушының өзі салатын жұмысы арқылы өзін- өзі шыңдауы және рухани күш алуы;
- Жазықтық бетіне дұрыс түсіру (компоновка) ;
- Түстерді таңдауы;
- Жалпыдан- жалқыға қарай жұмыс мәнері.
Мен өзімнің іс-тәжірибемді журнал оқырмандарымен бөлісу мақсатында Ырғыз аудандық мұражайда өткізілген ашық сабақта мұражай экспонаттары- қобыз бен құмыраны негізге ала отырып шығармашылық жұмыс істеу сызбасын ұсынамын.
6
1. Керекті құралдар:
*Қағаз Ф. А2, А3
* Қарындаш, өшіргіш.
*Акварель, қылқалам түрле
рі
2. Дайындықжұмыстары:
*Шығарманың көлемін анықтау.
*Эскиздер жасау.
3. Қосымша материалдар :
*Суретшілердің жұмысы,
(Қосымша)
*Дайын слайдтар
*Иллюстрациялар
І кезең ІІ кезең
![]()
ІІІ кезең ІV кезең
7
Жүйелі кешен қажеттіліктен туындайды, яғни қажеттілік бар жерде нәтиже болады. ІҮДеңгей.
Шығармашылық сатыда туады.
Белгілі бір шығармашылық қабілеттілік таныту
Іс-әрекет етуде тұлғаның жеке дара ерекшелігі.
+ +
«Білгім келеді» «Жасағым келеді»
Қажеттілік
Жоғарыда айтылған тұжырымдардың барлығы оқушының танымдық іс- әрекетін, шығармашылығын белсендіруге жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж. Караев. Теоритическое основы развития школьного образования в Казахстане.
Алматы. 1999г. 2Ж. Кобдикова. Педагогическая технология уровней дифференциации обучения школьников. 2002г.
3. Бейнелеу өнері. Дидактикалық материалдар . 5- класс . Алматы 2002ж. З. Айдарова, М. Сауғабаева
4. Бейнелеу өнері. Дидактикалық материалдар . 6- класс. Алматы. 2002ж . З. Айдарова, М. Сауғабаева.
8
14
16
Ертегіге, көркем шығармаға құрылған иллюстрация .
Ашық сабақ
Дүйсенқұлова Шарбану Рафихқызы
Пәні: Бейнелеу. Класы: 6
Сабақтың міндеті:
Балаларға арналған кітаптар бойынша жасалған ірі суретшілердің ертегілерге, көркем әдеби шығармаларға арналған суреттерінен өмір шындығын ертегі мәтініндегі кейіпкер әрекетін елестете білу, көркемідік талғамын қалыптастыру, жақсы қасиеттерін үйреніп, жаман қасиеттерінен жиреніп, ертегідегі кейіпкерлерге сүйіспеншілігі мен жанашаырлығын ояту. Ертегі, көркем шығармаға қатысты сюжетті құрып сурет салуға машықтану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға ертегі, әдеби
шығармалар кейіпкерлері туралы мағлұмат
бере отырып әдеби көркем шығармаларды
иллюстрация арқылы қабылдауға үйрету.
Дамытушылығы: Өзіндік ой- қиялын дамыту,
ұшқыр ойлылығын, эстетикалық қызығушылығын
дамыту. Әдебиет, ертегі, көркем шығармаға
қызығушылығын арттырып, кітап тарихы,
кітапқа қызығушылығын оятып, оны оқу арқылы
сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: Көз алдына елестету, арқылы көркем
шығарма , ертегіден өмірді қабылдау жақсы -
жаманды айыру, Өмір мен айналадағы қоршаған
орта мен табиғатты тануға, ондағы әдемілікті
көре білуге халқымыздың ұлттық ертегілерін
сүюге, арман -тілегін, баға жетпес рухани
тәрбиесін ұрпаққа ертегі арқылы бере
білгенін сезініп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:
Әдебиет : Әдеби көркем шығармалар, ауыз әдебиетіндегі ертегілер, тақпақ, өтірік өлеңдер, мысалдар, т, б.
Биология: Тірі табиғат иелері мен адамдардың дене пропорциясы.
Эстетика: Әсемдікті, елді, жерді сүю, жақсы -жаманды айыру.
Тарих: Батальдық көркем шығармаларды насихаттау.
Информатика: Көркем бейнені ақпараттық технология арқылы қабылдау.
Технология: Шығарманы бейнелеуде қол машықтығын дамыту.
17
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Аукцион, Көрініс, Сарамандық
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, мазмұнын, өз ойларын айту шығармашылық әңгіме,
шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі :
Мұғалім үшін:
Плакаттар, суреттер (А4) , «Айгөлек» журналы, ертегіге, көркем шығармаға құрылған сюжетті көшірмелі суреттер, көрініс сахнасы, , кітаптар, плакаттар, карточкалар, т, б.
Оқушы үшін:
Альбом парақтары, «Айгөлек» журналы, қарындаш, түсті акварель, өшіргіш, қағаздар топтамасы, үй жұмыстары, су құтысы, т, б.
Сабақтың кезеңдері:
І Ұйымдастыру сәті : Құралдарын тексеріп, сабаққа назарларын аудару.
ІІ . Үй тапсырмасы:
Оқушы ұшқырлығы ☹ (Жеті пәннен жеті құпия сұрақ)
Жалпылама сұрақтар арқылы оқушылардың білімін және үйден орындап келген жұмыстарын тексеріп бағалау, мадақтау.
1. Бейнелеу. 1Кеңістіктегі нәрсенің біздің көру нүктемізден алыстаған сайын кішірейіп көрінуін қалай атаймыз ? (Перспектива. )
2. Технология. 2 Перспективаның үй ішін бейнелеу түрін қалай атаймыз? (Интерьер)
3. Тарих. 3 Тарих мұқабасындағы Әйгілі «Турксиб» картинасысындағы алыстап бара жатқан вагондар ше?Бұл кімнің жазған картинасы? (Ә. Қастеев)
4. Математика. 4 Көше перспективасындағы әсем ғимараттардың нобайын неге ұқсатамыз?( Параллилипипед)
5. География. 5Әуедегі ұшқан құс, алып лайнер -ұшақтардың суретін салғанда перспектива заңдылығының қандай түрін қолданамыз? ( Ауа перспективасы)
6. Қазақ әдебиеті. 6 Мініп алып құртқа,
Ұшып бардым бұлтқа.
Бұлттан сәлем жолдадым,
Жердегі бар жұртқа. - Қандай жанр? ( Өтірік өлең. )
7. Өзін -өзі тану. Мына суретке мақал құра. ( Қыз - жердің көркі, Гүл - елдің көркі. )
ІІІ . Жаңа сабақ . 1 . Мағынаны таны. Сабақ мазмұны.
2 . Көрініс. Сахналық қойылым.
ІҮ. Сарамандық жұмыс .
1. Ертегілерден бір тақырыпқа сурет салу. Ертегінің басты кейіпкерін жеке парақта іздеу.
2. Ертегі ішіндегі ең қызықты оқиғадан сюжеттік көрініс салу.
ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
І Деңгей . Көркем суреттердегі әдемілік . Алдымызда тұрған «Қожанасыр туралы аңыздар» ертегілер топтамасына иллюстрация нобайын (Эскиз) жасау. Композициялық орталықты табатын - репродуктивті деңгей. Шығарманы әр бала өзі отырған жерден қарап қағаз бетіне оймен дұрыс орналастыру.
ІІ Деңгей . Қалыптасқан дағдысын пайдаланып, суреттің шешімін табу, негізгі түстік гамманы табу. Композициясын табатын тапқырлық- эвристикалық деңгей.
ІІІ. Деңгей. Оқушының білімін, білігі, дағдысы, қабілеті ерекше аңғарылып, жұмыс нәтижесі көрінетін шығармашылық деңгей . Шығарманы толық аяқтау.
Ү. Бекіту сұрақтары.
ҮІ. Оқушыларды үй тапсырмасы мен жаңа сабақты бірге қорытындылай отырып бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
18
Жаңа сабақ. Мағынаны таны:
1, Балалар, ауыз әдебиетіне нелер жатады?
Осы аңыз әңгімелер, көркем әдеби шығармаларда, ертегілерде, өздерің сүйіп оқыған басқа да балаларға арналған кітаптарда алдымен қолға алғанда одан не байқадыңдар?
Қолыңа жаңа кітап түскенде алдымен оның суреттерін қарап шығасың. Егер суреттері ұнаса бірден сол кітапты оқып шыққың келеді. Демек бұл кітапты жақсы суретші безендірген. Ондай суретшіні безендіруші деп атайды. Ал кітаптың мазмұнына салынған суретті иллюстрация деп атайды.
Бұл латын сөзі екен, мағынасы «ЖАРЫҚТАНДЫРУ» деген мағынаны береді.
Иллюстрациялар тек кітапты безендіріп қана қоймай, оны оқырмандарға тартымды етіп, мағынасын ашып береді.
Сонымен қатар кітаптың мазмұнын, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен бейнесін ашуда үлкен рөл атқарады.
Қолыңа кітап алып, оқымай- ақ иллюстрацияларын қарап шыққанда, не туралы екенін жобалап айтқан, ондағы басты кейіпкерді көз алдыңа елестеткен сәттерің есіңде болар.
2. Осы аралықта кітаптың шығу тарихына кішкене тоқтала кетейі. Бұл деректі оқуға оқушымыз Ғаббасқа және Еркежанға кезек берейік.
4. Енді біздің тақырыбымызға орай иллюстрацияға тоқталайық.
Табиғат күштерін қайткенде басқару жайын, әлемде туындап жатқан сансыз құбылыстардың мәнін қалай ұғыну, жағдайын адамзат сонау бағзы заманнан бері арман еткен, еркін еңбекті әділдікті, бақытты көксеген. Барлық елдердегі адамдардың арманы бір- біріне ұқсас болды. Алайда әр халық оны өзінше бейнеледі. Әрбір халықтыңүміт-тілегі, аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып ертегілер әлемі пайда болды. Яғни ертегі - адам қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі. Ертегіден халықтың көркем творчествоға, өзінің шығармашылық ұшан- теңіз қиялын бейнелеп беруге деген суреткерлік дарынын аңғаруға болады. Ол өзінің тыңдаушысынан қанатты қиял мен шығармашылық елестету күшін талап етеді. Ертегінің шындыққа айналған кездері де бар. Мысалы аспанда ұшатын ұшақтың (сомолёттің) ертегіден алынғанын біле бермейміз. Бұдан бірнеше жүздеген
Жылдар бұрын жер бетінен бірде бір адам көтеріліп көрмеген заманда, адам қиялымен ертегілерде кілемге мініп ұшу болған. Ертөстіктің Самұрыққа мініп ұшуы, Толағайдың тау арқалауы да осы халқымыздың қиялының жемісі еді.
Ертегіні құруда жазушылардан А. С. Пушкин, Ершов, Некрасов, француз ертекшісі Перро, Дат ертекшісіАндерсен, неміс жазушылары Ағайынды Гриммдер, атақты Мюннхаузен, т, б, сөз зергерлері халық ертегілерінің негізі бойынша өз ертегілерін шығарды.
Ертегілерде қиял-ғажайып та, өмір шындығы да болады. Мұндай ерекшеліктерді суретшілер иллюстрациялық суреттерде де өте нанымды бейнелей алады.
Ертегі, көркем шығармалар бізге қазіргі заманда да қажет. Ол тыңдаушыларын еліктіріп, қызықтырып, көңілін ашады, сонымен қатар жақсылыққа, әділеттілікке деген сезімін туындатады. Еркін ой мен қанатты қиялға баулиды. Бұлар адамзат баласы үшін барлық замандағы кезде де, тіпті ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі заманда да адам баласына қажет құнды қасиеттер.
Сонымен сөзімізді қорыта келгенде әдеби көркем шығармалар мен ертегілердің мәтініне құрылған суретті - ИЛЛЮСТРАЦИЯ деп атаймыз.
Қазақтың ұлттық ертегілерін алғаш жинақтаушылар - орыс оқымыстылары: Радлов, Потанин, қазақтан Шоқан, шығыстық - Диваев, кейіннен ақын Ақылбек Сабалов, Мақыш Тәтімов, Т, б жинақтады. Ақын Абай да шығыстың аңызы -ертегісі -«Әли», «Әзімді» өлеңмен аударды.
Осы ертегілерге көркемдеп сурет салушылар - Бейсен Серікбай, А, Ысқақов, Бейсебек Ақанаев, С, Дүзелханов т, б.
Шығыс халықтарының ішінде Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Түрік т, б, Азия елдерінің бәріне ортақ аңыз -ертегі, күлдіргі әңгіме - Қожанасыр және «Мың бір түн ертегісі», »Тотының тоқсан тарауы» т, б, ертегілер әлі толық зерттеліп болған жоқ.
19
Қазір дүние жүзінің флоьклористері финдік Аарне Антти орыс ертегісінен 2136 ертегіні, шығысертегілерінен 915 тей ертегіні катологке енгізген. Бірақ қазақ ертегілері көп зерттелмегендіктен,
Ертегіні классификациялау әдісі әлі қолданылмай келеді . Біздің білетініміз Қожанасырды түркі халықтарынан Өзбек халқы «біздікі», Қырғыз халқы «біздің ертегі», Түрік халқы да «Біздікі», деуіне қарағанда Қожанасыр Барлық түркі халқыныкі екендігі, ал Алдаркөсенің Қазақ халқыныкі екенін білеміз. Бұл деректер М. Әуезовтың ертегілерді зерттеу лерінен алынды.
2 . Көрініс. Сахналық қойылым.
ІҮ. Сарамандық жұмыс .
1. Ертегілерден бір тақырыпқа сурет салу. Ертегінің басты кейіпкерін жеке парақта іздеу.
2. Ертегі ішіндегі ең қызықты оқиғадан сюжеттік көрініс салу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz