Жолдауға - қолдау. жаңа дәуір келбеті – мәңгілік ел

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
«Жеңіс» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мырзагелдиева Маржан Кудайбергеновна
Жолдауға - қолдау
Жаңа дәуір келбеті - Мәңгілік Ел
Мемлекет басшысы қай Жолдауында да елі үшін тереңінен тебіреніп қарапайым халықтың бар жағдайын қарастырады. Биылғы Жолдау нақты бағдарымен ерекшеленіп, осы күнге дейінгі тағылымды тарихымызда мүлде болмаған жаңа ұғым - Мәңгілік ел құруды айшықтайтын ұзақ мерзімді Стратегияны жүзеге асыру жөнінде шынайы бағдарлама ұсынды. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайтынын орынды айтқан Қазақстан Көшбасшысы басты міндет ретінде әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді белгіледі. Бұл әрбір қазақстандық азаматтың мойнына жүктелер ұлы міндет болмақ. Бұл міндеттер - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан болатынын әсерлі жеткізді.
Жолдауда менің көңіліме қатты әсер еткені, Президент қазақстандық патриотизмді дамыту жайына жеке тоқталды. Яғни, біз, Қазақстаннан Мәңгілік ел жасау идеясын жүзеге асырамыз. Мәңгілік ел деген өз атауында-ақ алдымызда тұрған барлық мақсат-мұраттарды сыйдырып тұрған өте ауқымды жоба, игілікті бастама. Оның аясында біз тек ұлы жетістіктерге жетіп қана қоймай, ел бірлігін, ынтымағын, ауызбіршілігін сақтай отырып, болашақ ұрпаққа жеткізуге тиіспіз. Сонда Қазақстан мәңгілік мемлекет болады. Бүгін Мәңгілік Ел болудың жарқын болашағына жол сілтеген мемлекет басшысының осы Жолдауының ел өмірі үшін ерекше маңызды болары даусыз.
Мемлекет басшысы алдағы 35 жылды 7 «бесжылдыққа» бөлді, әр бесжылдықтың өзінің енді тақырыбы және әрқайсысының мақсат-мүддесі болатындығын атай отырып, мемлекетіміздің қуатын, әлеуетін күшейтетін бағытын межелеп нақтылап берді. Сондықтан қоғамымыздың әрбір мүшесі осы ұлы іске қатынасуы қажеттігін міндеттеді.
Елбасының Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді. Соның ішінде, студенттердің стипендиясы, денсаулық, білім, әлеуметтік қорғау, мүгедектерге және асыраушысынан айрылғандарға төленетін жәрдемақылардың өсетіндігін атап айтты. Қашан да Елбасы жастардың қамын ойлайтын лидер екендігін таныта біледі. Стратегияның тікелей жастарға арналғанын, оны жүзеге асыратын да, жемісін де көретін де тек қана өздері екенін атап, оларға деген үлкен сенімін білдірді.
Жолдауда Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленді. Аталған басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелердің шешілетіндігі жоспарлануда. Өзімді ең алдымен білім беру саласына бағытталған жобалар аса қызықтырды. Алтыншы басым бағытында айтқандай, болашақта дамыған елдер қатарына барар жолда қазақстандықтардың әлеуеті мен дамуы ілгерілеген белсенді әрі білімді азаматтардан жасақталған ел болуымыз керек екендігін ұғындырды. Ол үшін әрине біз, ең алдымен озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құруды аяқтауымыз шарт. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атады. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды екендігін айтты. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігі - әрине бүгінгі күннің еншісіндегі өзекті әрі міндетті болып отырған мәселелердің бірі екендігін атағым келіп отыр. Бұл жоба шын мәнінде қазіргі орта білім беру жүйесіне ең қажетті, ең оңтайлы әрі нәтижелі болары сөзсіз. Себебі, еліміздің әр өңірлерінде ашылып, халықтың көңілінен шығып отырған бұл зияткерлік мектептер халық арасындағы шын мәніндегі озық ойлы, қиялы ұшқыр балаларды даралап, оқытып, әлемдік деңгейдегі балалармен тең түсе алатындай болашағымызды тәрбиелеп, оқытып, дайындап жатыр. Англиядағы Кембридж университетінің білім беру факультеті мен Назарбаев зияткерлік мектептері басқармасы бірлесе отырып дайындаған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының І, ІІ, және ІІІ деңгейлі бағдарламасын жасап, Үкімет осы Бағдарлама аясында мұғалімдерді өркениеті озық елдердің білім беру саласындағы жан-жақты тәжірибелер мен сынақтан өткен озық үлгідегі жаңаша тәсілдерді үйретіп, қазақстандық мектептерде сол курста білім алған мұғалімдер арқылы үлкен сынақтан өткізуде. Бұл сынақ әрине өз нәтижесін берері анық. Болашақ күттіріп отырған мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игере алуы тиіс.
Айрықша айта кететін маңызды жай - мемлекеттік тіліміз бен төл тіліміз қазақ тілінің жағдайы. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналғанын, қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келе жатқандығы - біраз жайттан хабар береді. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», - деп үндеу тастағанда өзін нағыз патриот сезінетін әрбір қазақстандықтың бойын мақтаныш сезімі кернегені анық еді. «Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», - деп Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай-ақ тіліміздің мәңгілік жасары, өз топырағымызда мәңгілік өсіп-өніп, түрленетініне біз, әрине тек қана қуанамыз, шаттанамыз, мақтанамыз.
Елбасымыз барша қазақстандықтарды біріктіріп, ел болашағының іргетасын қалаған басты жеті құндылығын атады. Қазақ халқы үшін қашан да киелі саналатын жеті саны бізге қадірлі. Бұл құндылықтар көктен түсе салған жоқ, бұл құндылықтарды халық уақыттың қатал сынынан өткізіп, өз қолдарымен жасаған әрі қастерлеуге тұрарлық қазақстандықтардың бойтұмары іспетті өте қасиетті «жетілік». Олар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz